2 Механикалық қозғалыс



бет10/16
Дата15.10.2023
өлшемі60,93 Kb.
#115364
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
74)Статистикалық физика – теориялық физиканың макроскопиялық денелердің қасиеттерін, оларды құрайтын атомдар мен молекулалардың құрылысы тұрғысынан зерттейтін саласы. Өте көп бөлшектерден тұратын жүйені зерттеу үшін ықтималдықтар теориясына негізделген арнайы статистик. тәсілдер пайдаланылады. Бұл тәсілдер денені құраушы бөлшектерді сипаттайтын классикалық механика не кванттық механика теңдеулеріне негізделеді. Осыған сәйкес статистикалық физика классикалық және кванттық статистикалық физика болып бөлінеді.

75.Термодинамикалық әдіс – энергия мен жүйенің қасиеттері арасындағы дәл қатынасты көрсететін физикалық химияның негізгі әдістерінің бірі.
76.Термодинамика – энергияның түрленуiне қатысты жалпы заңдарға негiзделген жылулық процесстер туралы ғылым. Бұл заңдар молекулалық құрылымдарына байланыссыз.

77.Идеал газ – бөлшектерінің өзара әсері ескерілмейтін газдың теориялық моделі.
Ол классикалық идеал газ және кванттық идеал газ болып ажыратылады. Классикалық идеал газдың қасиеттері классикалық физика заңдарымен – Клапейрон теңдеуімен, сондай-ақ оның дербес түрлері Бойль–Мариотт заңы және Гей-Люссак заңымен сипатталады. Классикалық идеал газ бөлшектерінің энергиясы Больцман үлестірілуіне сәйкес болып үлестіріледі. Жеткілікті дәрежеде сиретілген реал газдар классикалық идеал газдың моделімен жақсы түсіндіріледі.

78.Бойль-Мариотт заңы (кейде Бойль заңы) – газ туралы негізгі
заңдылықтардың бірі. Тұрақты температурадағы газдың көлемі мен қысымының арасындағы байланысты анықтайтын заң.
Бойль-Мариотт заңы: тұрақты температурадағы газдың берілген массасының қысымы (р), оның көлемі (V) кері пропорционал болады, басқаша айтқанда, температурасы өзгермегенде, газдың берілген массасының көлемі мен қысымының көбейтіндісі тұрақты шама болады:
Математикалік түрінде бұл заң келесі формула түрінде жазылады:pV= C
79.Авогадро заңы — идеал газға қатысты негізгі заңдардың бірі; .

Авогадро заңы:кез келген газдардың бірдей температурадағы және қысымдағы молі бірдей көлемде орналасады. Қалыпты жағдайда бұл көлем: м3/моль.Оны 1811 жылы Италян ғалымы А. Авогадро (1776 — 1856) ашқан.
Авогадро тұрақтысы:NA=6,022*10³²моль‐¹. әртүрі заттардың бір молінде NA молекула бар.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет