2. темір – КӨміртекті қорытпалар



бет5/5
Дата06.01.2022
өлшемі1,18 Mb.
#14778
түріҚұрамы
1   2   3   4   5
3. ШОЙЫН ӨНДІРІСІ

Құрамында темірі бар кендердің келесі түрлері бар:

1 Гематит (Ең қажетті) 2 Лемонит 3 Гоетит 4 Магнетит 5 Пирит 6 Сидерит

Түрлі кендер темірдің əртүрлі мөлшеріне ие. Гематит пен магнетит 70 пайызға жуық темірге, лимонит 60 пайызға жуық, пирит пен сидерит 50 пайызға жуық, ал таконит тек 30 пайыз темірге ие. Кенді ашық жəне жабық

тəсілмен алып əлем жыл сайын 1 миллиардқа жуық темір кенін қолданады.Қытай барлық қолданыстың жартысынан азырақ көп мөлшеріне ие.Балқыту алдында кен арнайы дайындықтан өтеді. Ол домна пештерінің өнміділігін арттырып, жанармай шығынын азайтады. Кенді балқытуға дайындаудың негізгі операциялары уақтау, сұрыптау, байыту, күйдіру жəне кесектеу болып табылады.Кендерді байыту мақсаты қазынды құрамындағы бос жыныстарды жою жəне құрамындағы темір мөлшерін арттыру болып табылады. Байыту кеңінен таралуда. Ол неғұрлым кедей кендерді қолданудың қажеттілігімен байланысты. Темір кендерін байыту үшін шаю мен магниттік бөлінуді

қолданады.Сумен шаю кеннен жұмсақ құм-балшық бос жынысты бөлуді қамтамасыз етеді. Магниттік бөлінудің мəні жеткілікті уақталған кенді магнит өрісіне орналастыруда. Магнит темір тотығы бар жəне магниттік қасиеттері бар кеннің бөлшектерін оны бос магниттік емес жыныстан ажырата отырып тартады. Кеннің байытылуынан кейін алынған майда концентраттар тікелей домна немесе басқа да щахталық пештерге жіберіле алмайды. Өйткені

шихтаның жақсы газ өткізгіштігін қамтамасыз етпейді. Кен концентраттарының жəне кейбір басқа материалдардың майда бөлшектерін үлкен бөліктерге айналдыру кесектеу үдерістерінің негізгі мақсатын құрайды. Металлургияда кесектеудің үш тəсілін қолданады: брикеттеу, агломерация жəне жентектердің өндірісі. Брикеттер мен жентектерді

өндіретін фабрикалар əдетте байыту фабрикаларында, ал агломерация тікелей металлургия комбинаттарында орналасады. Агломерация – бұл арнайы машинада майда фракция, концентрат,мойындақ шаң, агломерат қайтаруы кендерінің бірігуі. Ол материалдар уақталған қатты жанармаймен (кокс, көмір) араласып, дымқылданып,

агломерациялық машинаға кетеді.Жұмыс тармағындағы қозғалыс олардың салтаң тармақтан көтеріліп,

жетектік 7 жұлдызшаларымен итерілуі жолымен іске асады .Жүктелген паллеттада газ жанарғысымен жандырғаннан кейін жанармайдың жануы басталады. Жану бағыты жоғарыдан төмен қарай таралады. Ауа арнайы эксгаустер деп аталатын вакуумдық құрылғылардың қозғалысының арқасында шихта қабатын бойлай өтіп кетеді. Шихта



қабатындағы температура 1300-1600°С-ке жетеді. Кремнезем бар кезде магнетиттің қайта қалпына келу нəтижесінде фаялит Fe2SiO4В түзіледі: 2Fe3O4 + 3SiO2 + 2CO = 3Fe2SiO4 + 2CO2.


Конвейердің жұмыс жұмыс тармағының басында қозғалыстағы арбаларға кеннің үлкен кесектерінен тұратын 2 жеткізгіштерімен ұя (астына төсейтін материал) салынады жəне сонан соң 3 (бір немесе екі)

жеткізгіштерімен 350-500 мм қабатпен негізгі шихта. 4 ошағында арбаларыдың қозғалысы кезінде газ жанарғыларының алауының əсерімен беткі қабаттағы қатты жанармай (кокс) жанады. Жану



ошағындағы 1450°С-ге дейінгі температура қосындылардың балқуын қамтамасыз етеді. Шихта қабатының астында 5 вакуум-камераларда сиретілу жасалады. Оның арқасында жану өнімдері шихта арқылы өтіп, қатты жанармайдың төменгі бөліктерін жандырады. Вакуум-камералар арқылы газдар, газ жолдары жəне шаң ұстағыштарды 6 түтін мұржасына 9 апарады. Осы сиретілуге қажет 10 – 25 кПа айдағышпен (эксгаустермен) 8 жасалады.Балқыған массаның салқындауы агломерат «қаусырмасының» бірігуіне əкеп соғады.Алынған ыстық агломерат 800-900°С температурадағы машинадан түсірілгеннен кейін бір білікті уатқышта уатылып, ірілігі бойынша електе агломераттан өлшемі 5,0 мм кем болатын майд-шүйделерді шығару мақсатымен сұрыпталады.Агломератты 100 °С температураға дейін салқындатуды сызықтық,айналма немесе табақшалы салқындатқыштарда агломерат қабатына салқын

ауаны күштеп беру есебінен іске асады. Сұрыпталғаннан кейін шартқа сəйкессұрыпталған агломератты домна цехіне жібереді. Агломерат жоғары кеуектілікке (50 %) жəне жақсы қайта қалпынакелушілікке ие. Оған қоса бірігу үдерісінде түгелімен дерлік күкірт күйдіріледі. Ол күкіртті газ түрінде жойылады. Металлургияда əдеттефлюстенген агломерат қолданады. Ол үшін шихтаға қосымша əктас енгізеді.Домналық флюстер – бұл домналық пешке темір кенінің бос жынысының балқуының температурасын түсіру үшін жəне жанармай күлін қождау үшін енгізілетін материалдар. Бос жыныс пен күлді флюспен балқыту кезінде жеңіл балқытылатын қож пайда болады. Ол пештен сұйық күйінде алынып тасталады. Флюстерді таңдау бос жыныстың химиялық құрамына байланысты. Егер бос жыныс құмды-балшықты сипатқа ие болса, онда флюс ретінде əктас CaCO3, азырақ доломит CaCO3·MgCO3 қолданады. Əктасты бос жыныста флюс ретінде кремнезем, кварц немесе құмдақ SiO2 қызмет етеді

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет