2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Консервативтік (терапиялық) әдістер



бет7/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

Консервативтік (терапиялық) әдістер.Периодонттың созылмалы қабынуын емдеу кезінде қойылатын негізгі міндеттер: негізгі өзектер (макроканалы) мен өзекшелердегі (микроканалы) микроорганизмдерді жоя әсер ету; органикалық заттар ыдырауынан пайда болған биогендік аминдердің организмге әсерін тежеу; периодонттағы қабыну үрдісін тоқтату; түбір ұшы аймағындағы бұзылған тіндерді қалпына келтіру; периодонт қабынуын туындатқан микроорганизмдерге организмнің жоғары сезімталдығын жою немесе десенсибилизациялау.
Периодонттың созылмалы қабынуының консервативтік емінің нәтижелі болуының бірден-бір кепілі – түбір өзегінің жақсы өтуі. Себебі, түбір өзегі арқылы түбір сыртындағы қабыну ошағына дәрілермен белсенді түрде әсер етуге және түбір өзегін пломбылау арқылы инфекцияның периодонтқа өтетін жолын бөгеуге болады. Консервативтік емдеу әдісі төмендегі шараларды қарастырады:
• түбір өзегінен ұлпа ыдырандысын алу;
• өзектегі микрофлорларға әртүрлі дәрілермен әсер ету;
• түбір өзегін кеңейте және түбір ұшы тесігін аша отырып қажет болса эндодонттық аспаптармен өңдеу;
түбір ұшы аймағындағы қабыну ошағына дәрілермен әсер ету;
• түбір өзегін пломбылау, тістің анатомиялық пішінін, физиологиялық қызметін қалпына келтіру.
Бұл кезде консервативтік-хирургиялық әдістерді қолданады. Және олардың төмендегідей түрлері бар: түбір ұшын резекциялау, сауыт- түбірлік сепарациялау (коронорадикулярная сепарация), гемисекциялау, түбірді ампутациялау, тісті орнына қайта отырғызу (реплантация зуба).
8.Ұлпа қабынуы ауруының жалпы сипаттамасы.Клиникасы,еміне түсініктеме беріңіз.
Ұлпаның қабынуының клиникасы.Жалпы белгілері.Ұлпа қабынулары кезінде басқа ағзалар қабынуы кезіндегідей белгілер: ісіну (припухлость), домбығу (отек), ауыру сезімі (боль), қызару (краснота- гиперемия), қызметінің бұзылуы (нарушение функции) байқалады (2-сурет).
Ұлпа өзі тар және жабық кеңістікте (тіс қуысында) орналасқандықтан жоғарыдағы аталған қабыну белгілерінің бәрін көріп-білу мүмкіндігі жоқ. Сондықтан қабынудың түрін анықтау үшін ауыру сезімдерін дұрыс анықтай отырып, объективтік көріністерін негізге алған жөн.
Ұлпаның жедел қабынулары кезінде ауыру сезімі өз бетімен ешбір себепсіз дамиды (самопроизвольная боль). Ауыру сезімі қабыну кезіндегі қан тамырларының кеңеюі, қанның ұлпадан кері ағуының қиындауы, жалқықтың жиналып, ұлпаға қысымның артуы, ыдыраған тіндерден бөлінген уытты заттардың нерв ұштарын тітіркендіруі әсерінен туындайды.
Ұлпа қабынуының алғашқы сатысында ауыру сезімі азғана уақытқа созылады, ал ауыруаралық уақыт (межболевой период) барынша ұзақ болады. Қабыну үрдісінің біртіндеп жайылуына байланысты ауыру уақыты ұзарып, ауыруаралық уақыт қысқара бастайды. Платонов Е.Е. (1968) ұлпаның қабынуы кезінде түнде ауыру сезімінің күшеюін түн кезінде қан айналымының баялауы нәтижесінде ұлпадағы қанның кері қайтуының тежеліп, зат алмасуынан шыққан зиянды заттардың жиналуымен түсіндіреді.
Ұлпа қабынуына тән тағы бір клиникалық белгі – ауыру сезімінің әртүрлі тітіркендіргіш әсерлерден (механикалық, температуралық, химиялық) туындауы немесе күшеюі және әсер тоқтағаннан кейін де біраз уақытқа созылуы.
Ұлпа қабынуы кезінде ауыру сезімі өте әлсіз тітіркендіргіштер әсерінен де дамиды. Егер қалыпты ұлпа 50-52ºС температураны жылы, ал 17-22ºС температураны суық ретінде қабылдаса, қабынған ұлпа аздаған температуралық ауытқуларға жауап береді және 28-30ºС температурадағы сумен әсер еткенде ауыру сезімі пайда болады
Ұлпа қабынуының тағы бір ерекшелік белгісі – ауыру сезімінің түн кезінде көбірек мазалауы.
Түн кезінде адам көбінесе тік жүрмей, жататын болғандықтан, кейбір авторлар ауыру сезімінің күшеюін ұлпаға қанның көбірек келуімен байланыстырады. Ал енді басқа авторлар мұны ми қыртысының түнде және күндіз әртүрлі жағдайда болуымен, парасимпатикалық нерв жүйесінің (кезеген нервтің – n. vagus ) түндегі қызметі симпатикалық нерв жүйесінің қызметінен басым болатындығымен байланыстырады.
Ұлпа қабынуын емдеу.Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұлпа қабынуын емдеу әдістерін төмендегі схема түрінде беруге болады:
Ұлпа қабынуын емдеу әдістері.
Ұлпаның өміршеңдігін сақтап емдеу:
-ұлпаны толық сақтап емдеу (биологиялық- консервативтік әдіс).
-ұлпаны жартылай сақтап емдеу немесе түбір ұлпасын сақтап емдеу әдісі (консервативтік- хирургиялық әдіс –витальная ампутация с сохранением корневой пульпы).
Ұлпаны алып емдеу- хирургиялық әдіс:
1.Ұлпаны тірідей алу әдістері (витальные методы):
•ұлпаны тірідей толық алу әдісі (витальді экстирпациялау әдісі)-метод витальной экстирпации.
•ұлпаны тірідей жартылай алу әдісі (витальді ампутациялау әдісі)-метод витальной ампутации
• ұлпаны тірідей аралас алу әдісі (витальді аралас әдіс)- витальный смешанный метод.
2.Ұлпаны өліеттендіріп алу әдістері (девитальные методы):
•ұлпаны өліеттендіріп толық алу әдісі (девитальді экстирпациялау әдісі)-метод девитальной экстирпации.
•ұлпаны өліеттендіріп жартылай алу әдісі (девитальді ампутациялау әдісі)- метод девитальной ампутации.
•ұлпаны өліеттендіріп аралас алу әдісі (девитальді аралас әдіс)- девитальный смешанный метод.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет