2. Тіс тазалаудың әдістерін атаңыз


Пародонт ауруларының жіктелуін жазыңыз



бет9/29
Дата02.06.2023
өлшемі84,77 Kb.
#98392
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29
Байланысты:
30 дык ауыз куысы 1 (копия) (копия)

10.Пародонт ауруларының жіктелуін жазыңыз.
I. Қызылиектің қабынуы – воспаление десны–гингивит. Көбінесе қызылиекте жергілікті және жалпылай қолайсыз ықпалдардың әсерінен туындайтын және тіс-қызылиек бекімінің бұзылуынсыз дамитын қабынбалық үрдіс.
Түрлері: катаральды, өсе (гипертрофияланып) және жаралана қабыну.
Ауырлық дәрежесі: жеңіл, орта, ауыр.
Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі, ремиссиялануы.
Таралуы: шектеулі, жайылған.
II. Пародонттың қабынуы – воспаление тканей пародонта – пародонтит. Парадонттың сүйек және жұмсақ тінді құрылымдарының үдемелі бұзылысқа ұшырауымен сипатталатын ауруы.
Ауырлығы: жеңіл (пародонтальдық қалтаның тереңдігі 4мм дейін), орташа (пародонтальдық қалтаның тереңдігі 4-6мм), ауыр (пародонтальдық қалтаның тереңдігі 6мм терең).
Ағымы: жедел, созылмалы, өршуі (сонымен қатар абсцестенуі), ремиссиялануы (фаза ремиссии), тұрақтануы (фаза стабилизации).
Таралуы: шектеулі, жайылған.
III. Пардонтоз – пародонтоз. Пародонт тіндерінің дистрофиялануымен (семуімен) сипатталатын ауруы.
Ауырлығы: жеңіл, орта, ауыр.
Ағымы: созылмалы, ремиссиялануы.
Таралуы: жайылған.
IV. Пардонт тіндерінің (олардың ішінде сүйек тінінің) үдемелі ыдырауға (лизиске) ұшырауымен сипатталатын идиопатиялық аурулары: Папийон-Лефевр синдромы (кератодермия), Хенд-Крисчен-Шюллер ауруы (созылмалы ксантоматоз), Летерер-Зиве ауруы (жедел ксантоматоз), Таратынов ауруы (эозинофильді гранулема). Бұл аурулардың барлығын «Х» гистиоцитоздар қатарына жатқызады
V. Пародонтомалар – пародонттағы ісіктер және ісікке ұқсас аурулар (қызылиек фиброматозы, пародонтальдық киста, эпулис, эозинофильді гранулема және б.).
Ағымы: созылмалы.
Таралуы: шектеулі (ошақты), жайылған
11.Пародонтома. Эпулис жалпы сипаттамасы. Этиологиясын атаңыз.
Пародонтомалар – пародонттағы қатерсіз ісіктер және ісікке ұқсас жаңа құрылымдар. Олардың қатарына фиброма, қызылиек фиброматозы, эпулис және пародонтальдық киста жатады
Эпулис – қатерсіз ісік, қызылиектің созылмалы ықпалдар әсеріне ұшыраған аймағында дамиды және қызылиектің шектеле өсуімен сипатталады.
Эпулистің көлемі тас бұршақ көлеміндей, кейде одан да үлкен болады, жіңішке немесе жуан аяғы бар, пішіні түйінге, саңырауқұлаққа ұқсас келеді, бір немесе бірнеше тістер пародонты аймағындағы қызылиекте тістермен жанаса орналасады. Эпулис қантамырларына бай дәнекертінді құрылым, сыртынан эпителийдің қалың қабатымен жабылған. Патоморфологиялық өзгерістеріне қарай эпулистің үштүрін ажыратады: фиброзды, ангиоматозды және алыпжасушалы.
Фиброзды эпулис кезінде жетілген талшықты дәнекертінді құрылымның көбеюі орын алады, сүйек затынан тұратын ошақтар және остеобласттар кездеседі.
Ангиоматозды эпулис араларында кавернозды ангиомаға ұқсас қуыстарға бай қантамырларының көбеюімен, әкті ошақтардың (известковые очаги) құрылуымен сипатталады.
Алыпжасушалы эпулис көп мөлшерде алып жасушалардан тұрады және оларға атипиялық жолмен көбею тән емес.
Эпулистің бастапқы даму сатысында альвеола өсіндісінің сүйек тінінде ешқандай өзгеріс байқалмайды, ісіктің көлемі үлкейген сайын тістераралық қалқандар сүйегінде бұзылу және сорылу ошақтары пайда болып, тістер қозғалмалы бола бастайды.
Эпулистің емі - хирургиялық әдіспен емдеу: эпулисті және оның өсу белдеуін тұтас кесіп алып тастайды. Кесуден пайда болған жара аймағына диатермокоагуляциялау немесе криодеструкциялау әдістерін жүргізсе өте жақсы нәтиже береді.
Этилогисы; гормоналды өзгерістер, соның ішінде қант диабеті ;жүктілік және босанғаннан кейінгі кезең;әлсіреген иммундық жүйе, созылмалы ЛОР аурулары және эндокриндік жүйенің аурулары көбінесе балаларда сүт тістері жарылған кезде пайда болады. Алдын ала әсер ететін факторлар дұрыс емес окклюзия, тістердің дұрыс орналаспауы. Қызылиек жарақаттық жағдайы,тіс қатарының тарылуы т.б


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет