5.Шылым шегудің ауыз қуысына әсеріне түсініктеме беріңіз. ШЫЛЫМ ШЕГУДІҢ ТЕРІС САЛДАРҒА ӘКЕП СОҒАТЫН СЕБЕПТЕРІ:Тіл мен ерін сілемейлі қабаттарын зақымдайды;Құрғақ жөтелдің болуы;
Ауыз қуысынан жағымсыз иістің шығуы;Ауыз қуысының инфекциясы;Иіс сезу қабілетінің нашарлауы;Бет, жүзді уақытынан бұрын әжім басуы;Тістердің сарғаюы;Қалыпты тыныс алудың бұзылуы;Түрлі ауруларға ағзаның қарсы тұру қабілетінің төмендеуі;
Темекі шегудің салдары тіс эмалінің сарғаюы ғана емес, жара гингивит, пародонтит, шырышты қабықтың онкологиялық зақымдалуы секілді қауіпті ақаулар болып табылады. Тіс тасының пайда болу процесін жеделдету;шырышты қабықтың жергілікті иммунитетін төмендету, бұл көбінесе қабыну және жұқпалы ауруларға әкеледі - стоматит, гингивит және т.б.;тістерді сары түске бояйдыжағымсыз иіс тудырады;әмдік сезімталдықты төмендетеді, бұл дәм сезімдерінің өзгеруіне және нашарлауына әкеледі;ауыз қуысының шырышты қабаты жасушаларының қатерлі ісіктерінің (ракты дегенерация) қауіп факторларыДЫ тудырады. Сонымен қатар, темекі шегу қандағы оттегінің жетіспеушілігін тудырады, бұл қазірдің өзінде қабынған қызыл иектің баяу жазылуына әкеледі. Сілекей ағынының төмендеуі одан әрі тіс тасының пайда болуына ықпал етеді. Темекі шегу денеде С витаминінің жетіспеушілігіне әкеледі. Бұл витаминге ағзаның тәуліктік қажеттілігі шамамен 60 мг құрайды, ал бір темекі күйген кезде бұл заттың шамамен 25 мг-ын жояды. С витаминінің жетіспеушілігі тістердің нашарлауына үлкен ықпал етеді.
6.Жедел ағымды периодонтит түрлерін атаңыз. Периодонт қабынуының И. Г. Лукомский (1955) ұсынған жүйесі.
Клиникалық ағымына байланысты екі түрге бөледі: жедел және созылмалы қабынуы.
I. периодонттың жедел қабынуы (острый периодонтит – pеriodontitis acuta).
•периодонттың жедел серозды қабынуы (острый серозный периодонтит – periodontitis acuta serosa)
•периодонттың жедел іріңді қабынуы (острый гнойный периодонтит – periodontitis acuta purulenta)
Кабынудың бұл түрі жедел дамиды және клиникалық белгілері тез ауысып отырады. Осыған байланысты қабыну үрдісінің дамуын екі кезеңге бөлу (уыттану және жалқықтану) негізді деп келісуге болады.
Периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы неесе алғашқы сатысы (фаза интоксикации). Уыттану сатысы қабыну үрдісінің алғашқы кезеңінде байқалады және сырқат тістің өз бетімен сыздап толассыз ауыруымен сипатталады. Сырқат тіспен ас шайнағанда, қарсы тісі тигенде ауыру сезімі күшейе түседі. Бастапқы кезде тісі сырқат адам мазаландырған тісін анық көрсете алады. Температуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте немесе бәсеңдете әсер ете алмайды. Қарап тексергенде, сырқат тісте тісжегі қуысы анықталады және ол сауыт қуысымен байланысқан. Сүңгілеп байқағанда ауыру сезімі жоқ, тік қағып байқағанда ауыру сезімі бар. Тіс төңірегіндегі жұмсақ тіндер ешқандай өзгеріске ұшырамаған. Кейде тіс қуысы жабық болуы мүмкін және тістің ЭҚ 100 мка жоғары болады. Химиялық заттар немесе дәріден дамыған периодонттың жедел қабынуы кезінде сырқат тісте уақытша немесе тұрақты пломбы тұруы мүмкін.