3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі



бет41/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67
Кебеже қарын қара биеге мінген төртбақ адам жай бүлкекпен жақындай берді(«Жапандағы жалғыз үй», 9 бет).

  • Құйрығын шарт түйген семіз ту бие таянған сайын үзеңгілес тұрған қос машинаға құлағын қайшылай үрке қарап, танауы делдиіп, тағы малдарша ойқастай басады(«Жапандағы жалғыз үй», 9 бет).

  • Тәует басын бір жағына бұрып тастап, мойнын садақша иіп жұлынып келе жатқан парайдағы ақбақай тор дөнен, енді қарға жиі омбылап, қабырғасымен жетекті сықыр еткізе қағып, тар жолға таласып келеді(«Жапандағы жалғыз үй», 12 бет).

  • Енді бірі қазан аспасын ішіне бірге салған кең бөлме(«Жапандағы жалғыз үй», 15 бет).

  • Жасы қырықтарға тақаған алып тұлғалы кесек мұрынның өңі қайтадан жылып сәл езу тартып, әңгімесін жалғай түсті(«Жапандағы жалғыз үй», 16 бет).

  • –Ендігі сөзді саған бердім, шалым, -деп дәу қара да қалтасынан шылымын алып шегіне берді(«Жапандағы жалғыз үй», 17 бет).

  • Бұл жолы қалың қабағы түйіліп, қияқ қасы тікірейіп кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 18 бет).

  • Көңіліне жақпаған нәрсесін бетің бар, жүзің бар демей жарып салатын тік міне(«Жапандағы жалғыз үй», 19 бет).

  • Кәне, Дикаға құйып жіберейін, -деп Қосиманов қазақы дөңгелек столдың шетіндегі ақ мойыннан стаканға толтыра құйды(«Жапандағы жалғыз үй», 21 бет).

  • –Бағанадан бері өзіне серік таба алмай екі беті қызарып жалғыз ішіп отырған Қосиманов қырлы стаканды Диканың қолын ұстата берді(«Жапандағы жалғыз үй», 21 бет).

  • Ай, біздің өкшемізді басып жүрген шығар-ау, қашанғы Дика бұл... –деп Қосиманов көсе жігітке қарап ойға кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 23 бет).

  • Сонау Малжан байдың үй мүлкінен қалған ескі көзі, берекелі жұртының құты –дәу тай қазан ертеден қара кешке бұрқ-сарқ қайнап, буы аспанға шығып жатқаны(«Жапандағы жалғыз үй», 25 бет).

  • Мал жайлап келген соң Дика өзінің құтты орны –қазандық бөлменің қара көлеңке бұрышындағы темір құрсаулы тас диірменіне отырады(«Жапандағы жалғыз үй», 25 бет).

  • Жас келіншектің ішінен шыққан ащы жалынды, арзан нәпсіні аңсаған ыстық жалын деп ұқты(«Жапандағы жалғыз үй», 28 бет).

  • Тар үйдің төрт қабырғасы бірдей жаңғырығып, «ар, ұят қайда!» дегенді шопр Оспан емес, көмейі кең, жалпақ пеш, Жәлелдің үлкен суреті айтып тұрғандай болды(«Жапандағы жалғыз үй», 29 бет).

  • Бар сүйеніші, шаңырақ иесі екі ұлының бірін сұм ажал тамырымен суырып алып кетті(«Жапандағы жалғыз үй», 35 бет).

  • Қатал иесінің алды-артына секіріп еркелеуге бата алмай қашанда құйрығын бұтына тығып мүләйіммен қалатын қара қаншық, осы жолы да жол жүріп келген Қарасайдан қаймыққанмен, жаратылысындағы иттігіне басып, тілерсегі майысып келіп, аяғына оралған(«Жапандағы жалғыз үй», 38 бет).

  • Жол бойы шыр айналған жұмыр жерден көз алмай, терезеге қараған Райхан туып-өскен даласын қатты сағыныпты(«Жапандағы жалғыз үй», 58 бет).

  • Анадайдан төтелей жарысқан өңкей ақ төс ұяластар машина доңғалағының астына түсіп кетердей тақымдап, біраз жерге дейін шабалана үріп қала берді(«Жапандағы жалғыз үй», 60 бет).

  • Мына жұмыр бас нені көрмеді(«Жапандағы жалғыз үй», 67 бет).

  • Біздің аңдыған адамымыз жауырыны қақпақтай, екі беті шиқандай, әдемі қияқ мұртты, орта жастарға келген қазақ(«Жапандағы жалғыз үй», 69 бет).

  • Келе қазақ аулында ұсталық етіп, бос уақытында кедейлердің қара табан балаларын оқытып бүкіл төңірекке аты жайылды(«Жапандағы жалғыз үй», 70 бет).

  • Осы кезде топ ішінен балағы далбаңдап, қайратты үрпек шашын бриолинмен баттастыра майлап алған, әлі анасының сүті аузынан арылмаған жап-жас бала жігіт шығып: -Мадам, прошу Вас! –деп қыздың алдына иіле қалды(«Жапандағы жалғыз үй», 79 бет).

  • Күні бойы тырылдаған мотор үні кілт сөнгенде, бүкіл әлем тым-тырыс болып, төңкерілген аспан, қалықтаған құс, алыстағы қыраттар, төбелер маужырап, бәрі саған қарағандай болады(«Жапандағы жалғыз үй», 97 бет).

  • Қара жыртындыға тірелген ат жарға киліккендей осқырып шегіншектей беріп еді, Қарасай аттан бетер осқырып, бетіндегі қара қал жыбыр етті(«Жапандағы жалғыз үй», 99 бет).

  • Сұлтан қайтып оралып Қарабеттің қасына келіп түскенде, бұла боп өскен адуын бала қол қамшымен Сұлтанның бетінен осып жібермесі бар ма(«Жапандағы жалғыз үй», 104 бет).

  • Тынымсыз соққан ыстық жел де оттың артынан түсіп алып, өкшелей қуып жалынды жалынға қосады(«Жапандағы жалғыз үй», 110 бет).

  • Айналасы бір сүт пісірім уақытта етегін ыстық өткір жел көтерген өрт егінді тып-типыл етіп, бозға түскен соң бойы кішірейіп, алысқа ұзап кете барды. (111 бет).

  • Көзге түртсе көргісіз тастай қараңғы желді түнде көк арлан алыс жолға шығып олжалы қайтты(«Жапандағы жалғыз үй», 113 бет).

  • Бір кезде қызыл көз арлан жүні тікірейіп орнынан атып тұрды да, мойнынан домалап түскен күшіктің біреуін аузы ақсиып кеп бас салып, бел омыртқасын бытыр-бытыр еткізді(«Жапандағы жалғыз үй», 117 бет).



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   67




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет