3-4 I. Шығарма тілінің лексикалық ерекшелігі


Эпитет Айқындау, яғни эпитет



бет40/67
Дата17.03.2023
өлшемі177,14 Kb.
#75120
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67
2.2 Эпитет
Айқындау, яғни эпитет – заттың, құбылыстың айрықша сипатын, сапасын анықтайтын суретті сөз. Эпитет - адамның, заттың, құбылыстың бір белгісін: сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т.б.) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп (образдап) көрсетеді.
Қазақ тіліндегі тұрақты эпитеттің тілдік табиғатын арнайы қарастырған Г.Ө.Мұхаметқалиеваның кандидаттық диссертациясында эпитетке былайша анықтама беріледі. «Эпитет дегеніміз – екі немесе одан да көп компоненттен тұратын, өзара қабыса байланысқан, көркем бейнелі, образды сөз тіркесі».
Демек, эпитет – адамның не заттың, не табиғат құбылыстарының өзгеше белгілерін көрсету, олардың бейнесін оқушылардың көз алдына елестету, ой – қиялына әсер ету үшін қолданылатын көркем сөз образы
Академик М.Балақаев өз еңбегінде: «Суреткердің өз – өзіне тән тіл шеберлігін сөздің көркемдік қасиетін талдағанда сөз бен образ арасындағы осы бір стильдік нәзіктікті яғни жеке сөздердің қолданылуындағы ерекшеліктердің бәрі жиналып келіп тұтас контекстік мән алатындығы, ойды бейнелі, нақты, шынайы көрсету үшін эпитетсіз елестету мүмкін емес» – деп өте ұтымды тұжырым жасаған.
Қазақ тіліндегі эпитеттер басқа тілдегі сияқты негізінен зат есімнен, сын есімнен, есімше, көсемше етістіктері арқылы жасалады.
Эпитет туралы А.Байтұрсынов өзінің «Әдебиет танытқыш» атты еңбегінде: «Бір нәрсені көптен айырып, көзге көбірек түсіретін етіп айтқымыз келгенде ол нәрсенің атына айқын көрсететіндей сөз қосып айтамыз, сондықтан айқындаудың өзге түрі көркейту деп айтылады» – деп эпитетке анықтама берді. Көркейту дегеніміз – эпитет термині ретінде алынған
Эпитет жайында айтылып жүрген теориялық пайымдауларда әлі күнге дейін бірізділік жоқ сияқты. Мысалы, Л.И.Тимофеев: «Кең мағынада қандай болса да бір ұғымды анықтап, айқындап, сипаттап және тағы басқа тұратын әрбір сөз эпитет болады. Бізде осы уақытқа дейін эпитет – көркем анықтауыш, реңді, бейнелі және тағы сол сияқты, ал жай анықтауыш сөз болғанда мұндай көркемдік болмайды деген есеппен, эпитет деген ұғымды (көркем анықтауыш) анықтауыш сөз деген ұғымнан бөліп қарауға жиі ұмтылу бар...бұл бөлу бұрын ескертілгендей, поэтикалық тілді ерекше, бейнелі деп қарау талабына байланысты. Біздіңше бұл дұрыс емес», - дейді.
Кез келген сөз жеке тұрып та не болмаса алдынан, артынан анықтайтын сөздермен келіп те бейне жасай береді. Олай болса, эпитет – бейнені айқындап, көріктеп тұратын көріктеу құралы. Р.Сыздықова: «Эпитет – адамның, заттың, құбылыстың, бір белгісін, сырын, сипатын, қасиетін атап көрсететін сөз, бірақ осы қызметте келетін жай анықтауыш сөзден эпитеттің айырмасы бар. Жай анықтауыш заттың, құбылыстың, адамның өзіне тән қалыпты сынын (белгісін, қасиетін, түрін, түсін т.б.) білдірсе, эпитет өзі атайтын белгіні бейнелеп көрсетеді, өйткені бұл белгі сол заттың, адамның, құбылыстың, табиғи қалыпты белгісі емес», - дейді [11, 87 – 88]
Жазушы С.Жүнісовтың «Жапандағы жалғыз үй» романында кездесетін эпитеттер:

  1. Бұдан табаны жалпақ отыз-қырық жыл бұрын іргесі көтерілген үйлер(«Жапандағы жалғыз үй», 8 бет).



  2. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет