Бірінші кезеңде – мұғалім оқушыны қарапайым таным әрекеттерімен таныстырады. Белгілі ғалымдардың тарихынан мәліметтер жинақтату, сонымен бірге әр түрлі тарихи есептер, ертегі есептер, логикалық ойлауды қажет ететін қызықты есептер және әзіл есептер шығарту арқылы пәнге деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге баулу керек. Оқушының әр қадамын көңіл бөліп мадақтап, қадағалап отырған дұрыс. Есептердің шығарылу жолына нұсқау беріп, өз бетімен орындауға мүмкіндік беру.
Екінші кезеңде – мұғалім есеп шығарудың әр түрлі әдіс тәсілдерін көрсетіп, талқылап, есеп шығару кезінде ең тиімдісін, қолайлысын қолдана білуге үйретеді. Берілген тапсырмалардың бірнеше әдіспен орындалуын талап етеді. Әр түрлі қиындықтардағы тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен оқып, оқу құралдарын, қосымша анықтамалық материалдарды пайдалану қажет.
Үшінші кезеңде – мұғалім оқушыға үлкен жауапкершілік жүктейді. Оқушы өз жұмысына талдау жасап, кеткен кемшіліктерін талдап, өзінің нені жетік білмейтіне көз жеткізеді. Алдағы істейтін, оқып-үйренетін материалдарын жоспарлайды, ізденеді.
Төртінші кезеңде – оқушының шығармашылық ізденістерінің нәтижесі көрінеді. Математикалық ережелерді, заңдылықтарды, теоремаларды дәлелдеудің әр түрлі әдіс-тәсілдерін тауып, есептерді шешуге тиімдісін пайдаланады. Оқушыны белгілі бір тақырыптарға ой толғап, суреттеп, еске түсіріп, болжап, жаңалық ашқандай қалыпқа жетіп, ойын айтуға ынталанады.
ҚОРЫТЫНДЫ Математика пәнін оқыту үрдісінің негізгі мақсаты арнайы педогикалық әдістер мен тәсілдерді жүйелі түрде пайдаланып оқушылардың шығармашылық ойлауын, ғылыми көзқарасы мен белсенділігін қалыптастыру, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту болып табылады.
Математика пәнін игерудегі оқушы қызметі:
математикалық формулалар мен ережелерді жатқа білу;
теориялық ілімдерді меңгертуді практикалық әдіс-тәсілмен ұштастыра білу;
оқушы білімін үнемі тексеріп, қадағалап отыру;
оқушы дәптерін назарда ұстау;
жаңа технологияларды пайдалана отырып, интерактивті тақта арқылы оқушылардың белсенділігін арттыруға мүмкіндік беру.
Оқытуды ұйымдастырудың төрт түрлі бағыты бар екені белгілі:
оқушыға жеке өздігінен ізденуге мүмкіндік беру,
оқушыларға топтасып есеп шығаруға жағдай жасау, оқушыларды өздерін-өздеріне немесе өзара бағалату, іс-әрекет барысында білім игеруге жол ашу.
Жағада тұрып жүзуді үйренуге болмайтыны сияқты «дайын білімді» қабылдап алу арқылы қажетті икем-дағдыларды дамыту мүмкін емес. Сондықтан, оқушылардың арнайы іс-әрекет барысында икем-дағдыларды меңгеруі маңызды рөл атқарады. Ол үшін оқыту - балалардың білімді өздігінен оқып-үйренуіне, есеп шығаруына бағытталуы керек.
Математиканы тиімді оқыту бағдарламасы оқушылардың төмендегі іскерліктерін практикада қолдануды көздейді, олар:
формулалар мен ережелерді есте сақтау (аса көп күшті қажет етпейді);
олардың мәні мен маңызын түсіндіру;
шыққан есептің нәтижелерін дағдылы және жаңа жағдайларды қолдану;
анализ (нәтижеге бірнеше есеп шығару жолымен жету);
синтез (нәтижелерді топтастыру);
бағалау (есептің мазмұны мен сапасы туралы пікір бөлісу);
Осы жұмыстардың нәтижесінде төмендегідей ұсыныстар белгіленді: