4-БӨлім. ДӘрістің ҚЫСҚаша мазмұны 1-тақырып. Экологиялық құқытың түсінігі және пәні Дәріс сабағының мақсаты


Табиғатты арнайы пайдалану құқығы



бет15/58
Дата23.04.2022
өлшемі0,98 Mb.
#32006
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58
Табиғатты арнайы пайдалану құқығы:

  • тұрақты (мерзімсіз) немесе уақытша пайдалану ( белгілі бір мерзімін көрсете отырып);

  • иеліктен айырып пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілуі мүмкін) немесе иеліктен айырмай пайдалану (табиғат пайдалану құқығы басқа адамға берілмеуі мүмкін);

  • ақысын төлеп немесе өтеусіз алып пайдалану;

  • бастапқы пайдалану (табиғат пайдалану құқығы мемлекеттен не осы құқыққа иеліктен айыру тәртібінде басқа бастапқы табиғат пайдаланушыдан алған) немесе қайталама пайдалану уақытша табиғат пайдалану құқығы бастапқы табиғат пайдаланушыдан шарт негізінде алынған, өзінде осы мәртебені сақтап қалатын) болуы мүмкін.

Су Кодексінің 66-бабына сәйкес халықтың ауыз су және коммуналдық-тұрмыстық қажеттерін, ауыл шаруашылығының өнеркәсіптің, энергетиканың, балық шаруашылығының және көліктің суға деген қажеттерін қанағаттандыру үшін, сондай-ақ өнеркәсіптік, коммуналдық - тұрмыстық, сорғыту және басқа да ағынды суларды жер үсті объектілеріне ағызу үшін кұрылыстарды немесе техникалық құрылғыларды су объектісінен алып немесе алмай қолдана отырып су объектісінен жер үсті және жер асты су ресурстарын тікелей пайдалану арнайы су пайдалануға жатады.

Жеке және заңды тұлғалардың арнайы су пайдалану құқығы лицензияда немесе рұқсатта белгіленген мақсаттар үшін ғана пайдаланылады және басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбауға және қоршаған ортаға зиян келтірмеуге тиіс. Арнайы су пайдалануды жеке және заңды тұлғалар лицензия негізінде жүзеге асырады. Арнайы су пайдалануға рұқсатты Ауыл шаруашылығы министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитеті береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   58




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет