6 Практикалық жұмыс Алаш зиялыларының ғылыми ой – пікірлері, аудармаларының көркемдік жүйесі


Жүсіпбек Аймауытовтың аудармалары



бет3/3
Дата04.04.2023
өлшемі23,24 Kb.
#79062
1   2   3
Жүсіпбек Аймауытовтың аудармалары — жазушы, ақынның шығармашылығында елеулі орын алады.

Ол тәржіма табиғатын терең түсініп, аударма өнерінің өрістеуіне елеулі үлес қосқан айрықша дарын иесі. Әлем классиктерінің 30-ға тарта шығармаcын кәсіби ше­­берлікпен аударып, 1925 жылы қа­­зақ оқығандарының ара­сын­­да «Аударма туралы» ал­ғаш арнайы мақала жазған. Қаламгер-аудармашының тілі өте шұрайлы да бай.[3]


Ол — түпнұсқа авторларына тән жеке стильдік ерекшелікті барынша сақтауға ұмтылған, бұл талапты аударма жасау барысында ұстанатын негізгі өлшемшарт ретінде таныған қаламгер.
Аймауытов келесі көркем шығармаларды қазақ тіліне аударды:

  • Пушкин, Сараң сері (Скупой рыцарь/Маленькие трагедии)

  • Пушкин, Тас мейман (Каменный гость/Маленькие трагедии)

  • Гоголь, Бақылаушы (Ревизор)

  • Горький, Өлең сұңқарға (Песня о Соколе)

  • С.Чуйков, Тау еліндегі оқиға (Вершинная быль)

  • Джек Лондон, Күштілердің күші (Сила сильных)

  • Джек Лондон, Теңсіз, телегей аттаныс (Неслыханное нашествие)

  • Рабиндранат Тагор, Балжан (Шубха)

  • Фердинанд Дюшен, Дәмелі (Тамилла)

  • Гюго, Бейшаралар (Отверженные)

  • Ги де Мопассан, Су жүзінде (На реке)

  • Конрад Беркович, Әкесі мен баласы, Заң білместің зары, Өрбике, Мұрда, Мұрданың өлімі, Тұқым

  • Жалаладдин Руми, Молда Ирамидың кітап жазуға қалай кіріскені (Сказки Мулли Ирамэ)

  • Пәренжі (перде) орыс ертегісі

  • Қатындар қабарда ертегісі

  • Интернационал гимні т.б.

Сондай-ақ Аймауытов келесі ғылыми шығармаларды да тәржімалады: А.А.Богданов «Краткий курс политической экономии», М.Н.Покровский «Краткое описание русской истории», Н.И.Бухарин пен Е.А.Покровский «Азбука коммунизма», «Конституция РСФСР», П. И. Стучка «Вопросы и мысли», С.Сазонов пен В.Верховский «Первые практические уроки по химии».[4]
Алаштың ардақты ұлы, аса көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, энциклопедиялық білім иесі, саналы ғұмырын халқына адал қызмет етуге арнаған Әлихан Бөкейханның соңында қалған мұраларының елеулі бөлігі – аудармалары. Аудармашылық – оның шығармашылық қызметінің маңызды қыры. Ол аудармашылық кәсіптің сырына алғаш үңілген, аударманың барлық саласына араласып, бұл іспен тікелей айналысқан қазақ оқымыстыларының бірі. Қайраткер қалам иесінің осы қыры әлі көп зерттеле қоймаған, тың тақырып. Оның аудармашылық шеберлігі мен ерекшеліктерін терең зерделеуді айтпағанда, аудармалары жөніндегі негізгі мәліметтердің өзі нақтылауды қажет етеді. Алаш көсемі көркем аудармамен, ғылыми, ғылыми-танымдық, саяси әдебиеттер мен түрлі пән оқулықтарын, оқу-ағартуға арналған құралдарды аударумен де айналысты. Ол өзімен замандас, қаламдас алаш зиялылары Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып ­Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мағжан Жұмабаев, Ілияс Жансүгіров сынды ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бері Абай, Шәкәрімнен бастау алатын қазақ әдебиетіндегі көркем аударма жасау дәстүрін жалғастырған, оның негізін қалауға атсалысқан ұлт зиялыларының бірі. Аудармашы қаламынан туындаған еңбектердің көлемі жағынан көбірегі де осы көркем аудармалары. Олардың арасында қысқа-қысқа мысалдар мен әңгімелер де, көлемді повестер мен романдар да бар. Алаш зиялысы қаламынан туындаған шығармалары әлем әдебиетінің жауһарлары саналатын Ги де Мопассан, О.Уайльдтің, көрнекті орыс классиктері Л.Н.Толстой, А.П.Чехов, И.С.Тургенев және В.Г.Короленко, Д.Н.Мамин-Сибиряктің шығармаларын, көне гректің әйгілі ақын-мысалшысы Эзоп мысалдарын, орыс генералы, этнограф, археолог, тарихшы, фольклор зерттеушісі, профессор Н.А.Маркстің «Қырымның ескі әңгімелерін» аударды.
Әлихан Бөкейхан батыс пен орыс классиктерінің, танымал жазушылардың көркем шығармаларын аударуда қазақ халқын әдебиеті мен өнері дамыған жұрттардың үздік шығармаларымен, озық ойларымен таныстыруды мақсат етті. Ол қазақ әдебиетіндегі мысал жанрының дамуына да үлкен үлес қосты. Ол аударған мысалдардың басым көпшілігі Эзоп мысалдарының сюжетіне негізделеді [5].
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.Байтұрсынов. “Ақ жол” Өлеңдер мен тәржімелер публицистикалық мақалалар және әдеби зерттеу. Алматы, “Жалын” 1991.
2. Елеукенов Ш. Мағжан. – Алматы: Санат, 1995.
3. Ш.Құрманбайұлы. Жүсіпбек Аймауытовтың аудармадағы сөз қолдану, сөз жасау шеберлігі — «Қазақ әдебиеті», 20.03.2017
4. Ш.Құрманбайұлы. Алаш және аударма — «Ана тілі», 10.08.2017
5. Шерубай Құрманбайұлы. Әлиханның көркем аудармасы – Ана тілі. 15 Маусым, 2017.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет