А. Қ. Құсайынов атындағы еуразия гуманитарлық институты қазақ және орыс филологиясы кафедрасы


Ш.Құдайбердиевтың шығармашылық ғұмырнамасы



бет26/36
Дата08.06.2023
өлшемі115,63 Kb.
#99703
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36
Ш.Құдайбердиевтың шығармашылық ғұмырнамасы

Шәкәрім – жарты ғасырдан астам шығармашылық өмірінде әдебиеттің барлық жанрында жемісті еңбек еткен қайраткер.Әдебиетті, тарихты, географияны, жаратылыстану ғылымын, физиканы, сөз өнерін, музыка өнерін оқыған. Ой еңбегімен қатар, дене еңбегіне төселген, шеберлікті үйренген, бертін келе мәдениетті жолға салып, ұлттық киімдердің үлгісін жаңарту, ас пісіру, дастархан әзірлеу, көшпелі ел жағдайында, қатты қыстарда, далада, қар үстінде шырпысыз от жағу, үйді үйдің, іргелес қыстаулардың арасында сымды қатынас орнату сияқты тұрмыс мәдениеті жөнінен халыққа өзі тапқан тәсілдерін ұсынған, ол ауырып, сырқаттанғандарға алғашқы жәрдем көрсете алған, медицинадан сауаты болған, аптечка ұстаған.
«Боран» повестерін өлеңге түсіріп, Л.Н.Толстойдың Физули мен Хафиздің туындыларын қазақша тәржімеледі. Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырушы ұлы ойшыл ақын Шәкәрім шығармашылығы өзінің кең тыныстылығымен, шыншыл да сыншыл әуенімен ерекшеленді.Оның әдеби мұрасы сан алуан: философия, этнография, әдет-ғұрып және дін тақырыбы. Шәкәрім ғұлама ғалым әрі композитор ретінде де танылды. Қазақ әдебиетінің бірегей классигі, ұлы Абайдың мұраттас мұрагер шәкірті, аса ірі ақын, ойшыл философ, тарихшы ғалым . Шәкәрімнің әкесі Құдайберді мен ұлы ақынымыз Абай ағалы-інілі туысқан адамдар. Шәкәрім Құдайбердіұлы — шығармалары арқылы, өз өмір жолы мен шығармашылық қызметі туралы мол деректер қалдырған қаламгер. Ақынның көптеген өлеңдері, «Мұтылғанның өмірі» поэмасы, «Түрік: қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі», «Үш анық» кітаптарындағы кездесетін өмірбаяндық деректер шоғыры мен танымдар қайнары ақын өмірі мен шығармашылығын зерттеушілерге біраз көмегін тигізетіні анық.Ақынның талассыз ізденістері мен қажырлы еңбектері нәтижесінде: «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» (Орынбор, 1911 жыл), «Мұсылмандық шарттары» (Орын-бор, 1911 жыл), «Үш анық» (Алматы «Қазақстан» 1991 жыл), «Иманым»— өлеңмен жазылған философиялық трактат сияқты ғылыми еңбектер, «Еңілік-Кебек», «Қалқаман-Мамыр», «Нартайлақ пен Айсүлу», «Ләйлі-Мәжнүн», «Дубровский» сынды эпикалық поэмалар, көптеген лирикалық өлеңдер, жиырма шақты әндер дүниеге келіп, әдебиетіміз бен мәдениетіміздің алтын қорына қосылды, халқымыздың рухани қазынаына айналды.
4. Ақын араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгереді. Өз бетінше ізденуі нәтижесінде заманындағы ең білімдар адамдар санатына қосылады. Бірнеше тіл білуі оның тамаша аудармалар жасауына алғышарт еді. Хафиздің лирикалық шығармаларын, Физулидің «Ләйлі-Мәжнүн» дастанын тәржімалады. Орыстың классикалық әдібиетін терең зерттеп оқыды. А.С.Пушкиннің «Дубровский» повесі мен «Боранын» өлеңмен аударды. Л.Н.Толстойдың бір топ әңгімелерімен қазақ оқырманына таныстырды. Л.Н.Толстойға арнайы хат жазып, көкейіне қордаланған ойларын жинақтап, ақыл-кеңес сұрайды. Хаттардың түпнұсқасы жоғалып кеткен.
5. 1911 жылы «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі», «Мұсылмандық кітабы» еңбектері жарық көрді.
6. 1912 жылы Семей қаласындағы «Жәрдем» баспаханасында «Қазақ айнасы», «Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебек» поэмалары жеке-жеке жинақ ретінде басылды.
7. 1913 – Әлихан Бөкейханов «Қазақ» газетінде (28 сәуір № 12) Шәкәрімнің «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегі жайында «Ерекше сөз» атты тілеулес мақаласын жариялады.
8. 1916 – Ж.Аймауытов «Желкек» атты бүркеніш есіммен «Қазақ» газетінде (1916 жылдың 9 ақпаны, № 168) «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» еңбегіне арналған «Шәкәрім ақсақалға» мақаласын шығарды.
9. 1917-1918 жылдары Алаш қозғалысына қатынасып, уездік земство жұмысына, Алаш сотының қызметіне араласады. Көп ұзамай қоғамдық-саяси қызметтен алшақтап, дау-дамай мен айтыс-тартыстан іргесін аулақ салады.
10. 1918 – «Шын бақыттың айнасы» эссе-шығармасы басылып шықты.
11. 1918 қаңтардан қарашаға дейін – Алашора үкіметінің соты, төбе биі.
12. 1922-1923 – Ташкенттегі «Шолпан» журналында ақынның «Ләйлі – Мәжнүн» поэмасы басылып шықты.
13. 1923 – ақын «Қазақ тілі» газетінің редакторынан мақала жазып жіберуді өтінген хат алды.
14. 1924 жылы Семейде «Дубровский әңгімесі» баспа көрді. Оның көптеген өлеңдері, мақалалары, очерктері «Айқап», «Абай», «Шолпан», «Таң» журналдарында, «Қазақ», «Сарыарқа», «Қазақ тілі», «Еңбекші қазақ», «Қазақ әдебиеті» газеттерінде басылды. Шәкәрімнің «Нартайлақ-Айсұлу» поэмасы, «Әділ-Мария» романы, «Үш анық» философиялық туындысы өзі дүниеден өткеннен кейін оқырман игілігіне айналды. Ш.Құдайбердіұлы қоршаған ортадағы өзгерістерге үнемі қызу араласқан.
15. 1925-1926 – Гарриет Бичер Стоудың «Том ағайдың балағаны» шығармасын аудару жұмыстарын жүргізді.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   36




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет