113
оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын мұғалімнің жетек-
шілік ролі;
оқушылар білімін жүйелі түрде тексеру мен бағалау.
Қазіргі кезеңдегі оқу сабақтарының сыныптық-сабақтық
жүйесінің ерекшеліктері: барлық оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдас-
тырылуының айқындылығы және реттілігі, оқытудың жүйелілігі
мен бірізділігі, ұжымдық жұмыс үдерісінде оқушыларға үнемі
мұғалімнің эмоционалдық-өнегелік ықпалының болуы, ұжымдық
жұмыс барысында оқушылардың арасында өзара қарым-
қатынастың болуы.
Мектептегі оқытудың негізгі ұйымдастырушылық формасы-
сабақ болып табылады.
Сабақ-нақты берілген уақыт ішінде оқытудың әр түрлі
әдістері мен құралдарын қолданып, пән бойынша берілген білімді
меңгертіп, дамытуды, тәрбиелеуді көздеген мұғалімнің тұрақ-
ты оқушылардан тұратын сынып ұжымының танымдық іс-
әрекетін басқарып, ұйымдастырылып өткізетін оқытудың
формасы.
Мектепте кесте бойынша өткізілетін сабақтардан басқа
факультативтік сабақтар, экскурсиялар, әр түрлі сыныптан тыс
жұмыстар өткізіледі. Зертханалық жұмыстар мен физикалық
практикум жұмыстары практикалық сабақтардың түрі. Бұл
сабақтардың барлық түрлері оқушыларға білім берудің, дамы-
тудың, тәрбиелеудің біріккен жүйесін құрайды. Оқу жұмысын
жоспарлағанда сабақты ұйымдастырудың барлық формаларын
ескеру қажет. Сабақты ұйымдастырып, өткізудің әдісі оқыту мен
тәрбиелеудің мақсаттарына және материалдың мазмұнына
байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: