А. А. Құбаева Б. С. Мектепте физика курсын о Қ ытуды Ң теориясы мен Ә дістемесі Орал, 2012 2



Pdf көрінісі
бет50/93
Дата17.09.2023
өлшемі1,4 Mb.
#108294
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   93
Байланысты:
ФӘО

5.3. Проблемалық әдіс 
Проблемалық әдісті қолдану барысында мұғалім білімді беруді 
ұйымдастырып қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы шешу 
жолдарын көрсетіп, ақыл-ой қызметінің таным процесінің бір 
сатысынан екінші сатысына көшудің логикасымен оқушыларды 
таныстырады. Яғни, мұғалім проблеманы қойып, оны шешіп 
ғылыми танымның үлгісін көрсетсе, ал оқушылар бұл процестің 
логикасы мен нақтылығын бақылап, проблеманы шешудің 
кезеңдерін меңгереді. Орта мектептің физика курсында көптеген 
тақырыптарды проблемалық әдісті қолданып, білімді беруге болады. 
Мысалы: Оқушылар 11-сыныпта жарықтың табиғатын қарастырған-


108 
да Ньютонның корпускулалық теориясы мен Гюйгенстің толқын-
дық теориясының қарама-қайшылығының нәтижесінде пайда бол-
ған проблеманы шешудің негізінде жарықтың табиғатына деген кор-
пускулалық - толқындық дуализм идеясының пайда болғанын көреді.
Сонымен оқу материалын проблемалық әдіспен беруде, әуелі 
проблема қойылып, ғалымдардың болжамдары мен ойша экспе-
риментті талдау нәтижесінде қорытынды жасалынады. Мүмкін 
болса қорытындыны дәлелдейтін нақты эксперимент қойылады.
Проблемалық оқытудың құрылымы: 
1)
қарама-қайшылықты анықтап, оны қою; 
2)
болжам жасау; 
3)
проблеманы шешудің жоспарын құру; 
4)
проблеманы шешу; 
5)
болжамның дұрыстығын дәлелдеу; 
6)
проблеманың шешімінің ой қызметінің және іс-
әрекеттің әрі қарай дамуындағы маңызын анықтау. 
Оқу материалын проблемалық әдіспен беруде мұғалім 
ауызша сөзді, баспасөзді, демонстрациялық немесе фронтальді 
тәжірибелерді және басқа да қажетті оқытудың құралдары мен 
әдістерін қоданады. Оқыту үдерісінде қандай әдісті немесе 
құралды қолдану сол сабақтағы оқушылардың танымдылық іс-
әрекетерін ұйымдастыру жолына байланысты. Бұл әдісті қолдану 
барысында оқушылар берілген оқу ақпаратын саналы түрде 
түсініп, есте сақтап қана қоймайды, сонымен қатар проблеманы 
шешудің логикасын көріп, сенімділігіне көз жеткізіп талдауға 
қатысады. Соның нәтижесінде оқушылар таным процесінің 
жүзеге асу жолдарымен танысады. 
Негізінен, физикадан проблемалық оқытудың формасын 
мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар. 
1)
Проблемалық 
баяндау-мұғалімнің 
проблеманы 
тұжырым-дап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай 
шешілгенін көрсету. 
2)
Проблемалық жағдаятты туғызып, оны оқушыларды 
қа-тыстырып бірге шешу. 
3)
Проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін 
оқущы-лардың өздеріне ұсыну. 
4)
Проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді 
оқушы-лардың өздеріне беру. 


109 
Оқытудың мұндай әдісінде оқушылар тек қатысушы емес, 
сонымен қатар бақылаушылар ролінде болып, танымдық 
қиыншылықты шешуге байланысты жақсы сабақ алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   93




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет