117
5. Бағалау
6.Үйге тапсырма
Білімді қоытындылау
мен жүйелеу сабағы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2.Жаттығулар мен әр
түрлі тапсырмалар
орындау
4. Бағалау
5.Үйге тапсырма
Сөздік,
практикалық,көрнекілік.
Бұл әдістерді әр түрлі
жолдармен ұйымдастыруға
болады.
Білімдерді ,
іскерліктерін және
дағдыларды тексеру
сабағы
1.Ұйымдастыру бөлімі.
2. Білімді, іскерлікті,
дағдыларды тексеру.
3. Үйге тапсырма
Тексерудің әр түрлі
әдістері
(ауызша, жазбаша-бақылау
жұмысы, тестілеу, сынақ т.б.)
Оқу үдерісінің логикасына, физиканы оқытудың дидакти-
калық және әдістемелік ұстанымдары мен сабақ берудің негізінде
қазіргі заманғы физика сабағын ұйымдастырудың негізгі
ережелерін айқындауға болады.
Бірінші ереже
- сабақтың мақсатын анықтау.
Сабақта оқу-
тәрбиелік процестің білім беру, дамытушылық және тәрбиелік
функциялары жүзеге асатындықтан, соған байланысты сабақ
мақсаттарын анықтап, тұжырымдау.
Екінші ереже
-
сабақтың мақсатарына, оқушылардың қабі-
леттері мен мүмкіндіктеріне сәйкес оқу материалының мазмұнын
және оның көлемін, жаңа материалдың бұрынғы оқылған мате-
риалдармен байланысын, оқушылардың
өз бетімен орындайтын
тапсырмалардың жүйесін анықтап дайындау; сабаққа қажетті
көрнекілік құралдарды(демонстрациялық эксперимент, дидакти-
калық материалдар және т.б.) әзірлеу.
Үшінші ереже
- сабақтың типі мен түрін нақтылау.
Дидактикалық міндеттерді шешудің жүйелілігі
сабақтың барлық
мақсаттарына жетуге әкеледі.
Төртінші ереже
- сабақтың мақсаттарына, оқу материалы-
ның мазмұнына және оқушылардың дайындығының деңгейіне
сәйкес оқытудың әдістері мен тәсілдерінің ең тиімді түрлерін
таңдау.
Бесінші ереже
- оқытудың мақсаттарына,
мазмұнына және
әдістеріне сәйкес сабақтың құрылымын анықтау.
Достарыңызбен бөлісу: