жарықтың білімін тереңдетіп, таным-түсінігін
кеңейте түскен. Халқының қамын ойлайтын
күрескер ақын ретінде қалыптасуына əсер ет-
кен. Өзінің «Ақын сыры» атты өлеңінде былай
дейді:
Ахмет, Абай, Əсет, Міржақыптар,
Жетпейді оған жисаң мың баланы...
Сөздері басқа ақынның маған мəлім
Құрт салған шайдай іріп былғанады.
Бəрін де Абай сөзі басып түсер
Бір парша шеттен алып қырнағаны.
Ақынның үндестік тауып, үлгі алған өнер-
паздарының кімдер екенін бірден аңғаруға
болады. Таңжарық өзі атаған адамдардың мұра-
ларымен жақсы таныс болған. Олардың шығар-
маларын үлгі тұтқан, тіпті кейбіреулерімен
тағдырлас болған. Осылардың ішінен Абайға
ерекше назар аударады. Оның ұлы ойшыл, дара
тұлға екенін жазбай таниды. Сондықтан Абай
өлеңдерін жасынан оқып, нəр алуға тырысқан.
Оның мұрасын үлгі тұтқан. «Бəрін де Абай сөзі
басып түсер» деп жоғары баға беруі осыны
аңғартса керек.
Таңжарықтың бірнеше туындылары Абай
өлеңдерінің ықпал-үлгісімен жазылғанын аңғару
қиын емес. Атап айтқанда «Тірлік мысалы»,
«Жігіттерге», «Бір талап», «Ой толғау» қатарлы
өлеңдерінен Абайдың «Қалың елім, қазағым,
қайран жұртым», «Қартайдық, қайғы ойладық,
ұлғайды арман», «Бір дəурен кемді күнге
бозбалалық» т.б. өлеңдеріндегі ой тереңдігі, ел
мен жер, адамгершілік жайындағы толғаныстар
Абай үлгісі екенін айтуға болады. Абай бір
өлеңінде жастық шақтың қадірін білуді, көрсе
қызарлық жасамауды ескертеді. Ескі ауылдағы
қызға қырындауды «жігіттік өнер» деп білетін
ұғымға қарсы пікір айтады. Жар таңдауда
жаңылмауды аңғартады:
Көріп алсаң көріктіні,
Таңдап алсаң тектіні,
Сонда көңіл толмай ма?
Егер адал жүргенде
Тіпті жолың болмай ма?
(1, 11 б.). –
деп сүйіспеншілік сезімінің тазалығын талап
етеді.
Осындай ойды Таңжарық ақыннан да
көреміз. «Жастық баста бар кезде» өлеңінде
жаңылыс басып, жаңсақ кетпеуді қозғайды.
Екі жаман қосылса,
Бір-біріне қортаңдап,
Күңкіл, керіс тынбайды.
Екі жақсы қосылса
Қас-қабағы жарасып,
Жабырқап сағы сынбайды.
Ақынның «екі жақсы» деп отырғаны Абайдың
жоғарыдағы айтқан «көріп алған көрікті мен
таңдап алған тектісін» еске салып тұрғандай.
Екі ақын да көзжұмбайлықтан сақтандырып,
азаматтың көңілі толып, сағы сынбай жүру үшін
жақсы адамнан қапы қалмауды ескертеді.
Таңжарық мұрасының ішінде «Ой толғау»,
«Шын тілек» деп аталатын туындыларының
орны бөлек. Ақын Абай, Ыбырай, Ахмет, Мір-
жақып, Шəкəрім сынды ел ардақтыларының
өркениетті ел болуға шақырған шығармаларын
атайды. Халықты оятып, оқуға, еңбекке, береке-
бірлікке үндеген ұлағатты сөздерін алға тарта
отырып, іргелі ел болуға назар аударады. Са-
харада бейғам жүрген халықтың əрекетіне
көңілі толмайды. «Ой толғауда»:
... Бақ қайтып, ырыс өліп, сыр жеңгенде,
Қапыда қалар басың қамаланып.
Ішкенің у, жегенің заһар болып,
Жүрекке күнде қайғы жамаланып, –
деп елдің мүшкіл халіне налиды, əрі наразылы-
ғын да ашық білдіреді.
Ұлы Абай жəне оны үлгі тұтқан Таңжарық
екеуінің өлеңдеріне тəн бір ерекшелік – шын-
шылдық пен сыншылдық сипаттың басым екен-
дігі. Себебі, екі ақын халықтың болашағына көз
салады. Абайдың «Қалың елім, қазағым, қайран
жұртым» деп ағынан ақтарылған жан күйзелісін
айқын білдіргеніндей, Таңжарық сол тұстағы
халықтың хам-харекетін айтып ой толғайды.
Бодандық
бұғаудың
қырсық-сорын
жете
ұғынған Таңжарықтың қиналысынан осыны
аңғаруға болады. Абай өлеңдері ақынның көңіл
қалауын дөп басқандықтан көптеген туынды-
ларында ой жарыстыра үндесіп отырады. Абай-
дың «жақсы менен жаманды айырмадың» деп
кейістік білдіретіні бар. Бұл – ұлт қамы үшін
айтылған сөз. Сонда қазақ жақсы мен жаманды
неге айырмайды? Өйткені «өз қолынан өз биігі
кеткен» заман еді. Бұл мəселе Таңжарықты да
толғандырмай қоймаған.
Бүгінгі естігені ертең ұмыт.
Миына бір орнығып қалған емес.
Өтірік, мақтан, өсек, айла-қулық
Жолында жағы шаршап талған емес, –
деген жолдары адам бойынан кездесетін жиірке-
нішті кемшіліктерді санамалап көрсетеді. Мұн-
дай теріс мінез-қылықтан аулақ болуды қадап
айтады. Бұл сөз халық тағдырына да қатысты.
Ақын айтқан сөзді құлағына ілмейтін парықсыз-
дыққа қарсы. Себебі отарлық билік елдің
бірлігін бұзды, мінез-машығын өзгертті. Өтірік,
мақтан, өсек, айла-қулыққа келгенде алдарына
жан салмайды. Қара бастарының қамы үшін
осындай жағымсыз іс-əрекеттерді қалыпты іс
деп ұғады. Сондықтан ақын халықтың сана-
сезіміне əсер етіп ойландырмақ болады. Абай да
50 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
жоғарыдағы аталған жаман əрекеттерге (өтірік,
мақтан, өсек, айла-қулық, т.б.) ерекше назар
аударып, «бес дұшпан» деп қарағаны белгілі.
Отарлық заманның барлық кесір-кесапатын
мейлінше шынайы бейнелеген кемеңгер ақын-
ның кенеулі ойын Таңжарық та өзінше ұғынады,
тəлім алады жəне ашына да ашық айтуға ұмты-
лады. Ұлт ақыны болған Таңжарық қазақ халқы-
ның қамы үшін қалам тартып, сөзін соларға
бағыштауы, сөз жоқ, Абай өнегесі деп ұққан
жөн. Мəселен,
Қақсаған халық үшін толып жатыр,
Ешкімге ұғымы жоқ жел не деген!
Неткен ел ойы сұйық, қарпуы жоқ
Иілмей қатып қалған бел не деген.
Айырып дос пен қасты танымайды
Көр қылып көзін басқан шел не деген.
Бұл – бүкпесіз көңілден туған ой. Басқаға
бағынышты болып бейғам жүрген халықтың бір
байламға келмейтін енжарлығына реніш біл-
діреді. Мұнымен ғана тынбай «ойы сұйық,
қарпуы жоқтардың» санасына саңлау түссе деп
тілейді. Сондықтан шындықтың бетін ашып,
бұғалықтан құтылудың жолы халықтың өз əре-
кетіне байланысты екенін ұғындырады. Ақын өз
кезіндегі халқының əлеуметтік тұрмыс-тірші-
лігін барынша шынайылықпен бейнелей білді.
«Дос пен қасты» айырмаған елінің бейғамдығын
көрсете білетін деңгейге көтерілу, халқының
кіріптар тірлігіне қамығу Абай кемеңгерлігінің
ықпалы екені аян.
Таңжарықтың табиғат тақырыбына жазған
бірнеше өлеңдері бар. Абайдың шығармашылық
əлемінен қанаттанғаны оның «Жаздың бір
күні», «Көктем мысалы», «Тау табиғаты» қатар-
лы өлеңдерінен не анық аңғарылып тұрады.
Абайдың əйгілі «Жазғытұры» өлеңінде:
Күн – күйеу, жер – қалыңдық сағынышты,
Құмары екеуінің сондай күшті, –
десе, Таңжарық «Жаздың бір күні» деп атала-
тын туындысында:
Сығалап босағадан жымың қақты,
Күйеудей қайынына келген ұрын.
Шықпенен бетін жуып, жер түрленіп
Күтінді қалыңдықтай күні бұрын, –
дейді. Екі ақын да күнді күйеуге, жерді қалың-
дыққа балайды. Табиғаттың түлеп-түрленетін
малға да, адамға да жайлы көтеріңкі көңіл сый-
лайтын көктем мезгілін суреттейтін өлеңдерінен
де ұқсастық байқалмай қалмайды. Əрине, алды-
мен Абай айтады. Ұлы ақын туындысын оқыған
соң Таңжарық та «өзінше» айтады. Бірақ бұл –
Абай үлгісі.
Тағы да салыстырып көрейік:
Кемпір-шал шуақ іздеп, бала шулар,
Мал мазатсып, қуанып, аунап-қунар.
Жыршы құстар əуеде өлең айтып
Қиқу салар көлдегі қаз бен қулар.
(Абай)
Болмаса:
Құс сайрап, бие байлап бозбалалар,
Алысқан аударысқан, қуып құлын.
Қолында ақ таяғы мал қайтарып,
Шетте жүр ақсақалдар анағұрлым
.
(Таңжарық)
«Адамзаттың көңілі өсіп көтерілетін» көк-
темді екеуі де қазақ ауылының өмір-тірлігімен
қабыстыра бейнелейді. Белгілі бір мезгілдің
өзіндік белгі-бедерін де дөп басып көрсетеді.
Бұл өлеңдердің де рухтас-ыңғайлас екені аң-
ғарылып тұрады. Енді бірде Абай:
Түйе боздап, қой қоздап қорада шу,
Көбелек пен құстар да сайда ду-ду, –
деп жырласа, Таңжарық та Абайша айтуға ден
қояды.
Қой шулап, қозы маңырап, сиыр мөңіреп,
Беймаза ауыл сырты ырың-жырың,
–
деген тармақтардың үндестігі жоқ емес. Абай
көктемнің жанға жайлы шуағын «Қара тастан
басқаның бəрі жадырап» деп бейнелесе, Таң-
жарық та «Жалғыз-ақ жібімеген бір қара тас»
деп түйеді.
Екі ақынның көктемнің жайындағы өлеңдері
ғана бірлік тауып отырмайды. Таңжарық таби-
ғат туралы жазған басқа шығармаларында да
Абайға ден қоятындығы байқалады. Абайдың
М. Лермонтовтан аударған «Теректің сыйы»
өлеңінен мынадай жолды оқуға болады:
Асау терек долданып, буырқанып,
Тауды бұзып жол салған тасты жарып .
Ал, Т. Жолдыұлы «Тау табиғаты» өлеңінде:
Жол салып, тауды бұзып, тасты жарып,
Долданып ашулы су шыпшып аққан,
–
деп бейнелеуі тегін болмаса керек. Бұл Абайша
жазу десек артық болмайды. Абай мен Таң-
жарықтың жаз кезіндегі қазақ ауылының екі
сəтін суреттейтін өлеңдері бар. Абай жайлауға
қонып жатқан ауылдың қарбалас қимыл-
əрекетін қапысыз көрсетеді.
... Шұрқырап жатқан жылқының
Шалғыннан жоны қылтылдап.
Ат, айғырлап, биелер
Бүйірі шығып, ыңқылдап...
Қыз-келіншек үй тігер
Бұрала басып былқылдап, –
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 51
деп суреттейді. Таңжарық та жайлауға көшіп
жатқан ауылдағы абыр-сабыр тірлікті көз ал-
дыңа əкеледі. Ақындар өмір құбылысының бір
мезеттік сəтін тартымды бейнелеген.
Бозбала жылдам, жылпың қызбаланып,
Шешініп жүк артысып қимылдасып.
Шуласа қорада қой, сыртта сиыр
Желіде айғыр-бие қыңқылдасып.
Осы өлеңдердің тақырыптық жағынан да,
жекелеген тармақтары жағынан да орайластығы
байқалады. Мұның өзі де ұлы Абайдан Таң-
жарықтың үйренгені, одан үлгі алып, шеберлігін
шыңдағаны хақ.
Абайдың аңғарғыш жанары кейбір адамдар-
дың бойындағы міндер мен ел билеушілердің
тойымсыздығын əртүрлі көркемдік тəсілдер
арқылы батыра сынап, олардың жағымсыз
бейнесін мүсіндегені белгілі. Мəселен, «Болыс
болдым мінеки», «Мəз болады болысың», «Жақ-
сылыққа», т.б. өлеңдерін атасақ та болады. Бұл
жағынан келгенде Таңжарық та осындай тəсілді
қолданған. Ақын кейбіреулердің мінін астарлап
айту арқылы келемежге айналдырса, кейбір
адамдардың шымбайына батыра мысқылға ай-
налдырады. Бір мысал келтірейік: «Сатылған
зеңгіге» атты өлеңінде:
Сатылған, екі бетің шұбар едің,
Ел жеуге ежелден-ақ құмар едің.
Албанды екі жүздей жеп тауыссаң
Бəтшағар, сонда ғана тынар едің!
десе, тағы бір өлеңінде:
Қызайда Дарубайдың ат-əруағы,
Жайылған сөзінің көп мақал жағы.
Сүртіден отыз ауыл, тоқсан қара
Бар екен тартып алған шатақ жағы.
Кедейге жаны ашыған адам емес
Басым-ақ мінезінің қатал жағы, –
деп атқамінерлердің (Сатылған, Дарубай) іс-
əрекетін тайға таңба басқандай тура айтып, ащы
ажуаға айналдырады. Екі əкімнің қылығын мəй-
мөңкелемей тіке мінеп масқара етеді. Ақалақшы-
зəңгі болып мəнсапқа басы айналғандарға көңілі
толмайды, олардың адамгершілікке жатпайтын
істерін беттеріне басады. Бұл тараптан келгенде
тағы да Абаймен қабысатын тұстары бар екенін
көреміз.
Қорыта айтқанда, Таңжарық шығармалары-
ның ағартушылықтан азатшылдыққа бағыт
алып, идеялық-эстетикалық жақтан тереңдеуіне
өлең өрнегінің түрленіп, дүниетанымының
кеңеюіне Абай бастаған өнерлі шоғырдың үлгі-
өнегесі аз болмаған. Шыңжан өлкесіндегі қазақ
əдебиетінің қалыптасып дамуы жолында қалам
тартқан ақындардың кемелденіп, рухани жетілуі-
не тірек болған бұлақ көздің бірі – Абай мұрасы.
Кезінде Абай мұрасы ата жұрттан тысқары
тұратын қазақ қауымына да кең тарап үйретер
үлгі-өнегесі, ғибрат-тағылымы аз болмаған.
Əдебиет
1. Кəсімбай шығармалары. – Үрімжі, 2010. (Мақала-
дағы барлық өлең үзінділері осы кітап бойынша
берілген).
Б. Егембердиева
САРБАСТЫҢ АҚЫНДЫҒЫ ТУРАЛЫ
Аннотация. Мақалада қарастырылатын мəселелер. Сарбас Майкөтұлының
шығармашылығы. Ақындық айтыс. Сарбастың ақындық айтыстары. Ақындық шеберлік.
Ақынның көркемдік бейнелеу құралдары. Тірек сөздер: Сарбас, шығармашылық,
айтыс, ақындық, шеберлік, көркемдік, бейнелеу құралдары.
Б. Егембердиева
О ПОЭТИКЕ САРБАСА
Аннотация. Вопросы, рассматриваемые в статье. Творчество Сарбаса Майкотулы.
Поэтическое состязание (айтыс) Сарбаса. Поэтическое мастерство. Художественно-изобразительные
средства поэта. Ключевые слова: Сарбас, творчество, поэтическое состязание,
поэтика, художественность, изобразительные средства.
B. Egemberdieva
ON THE POETICS OF SARBAS
Abstract. The issues dealt in this article. Creativity of Sarbas Maikotuly. Poetic contest (aitys) of Sarbas.
Poetic skill.Artistic and graphic tools of the poet.
Keywords: Sarbas, creativity, poetry contest, poetics, artistry, fine arts.
Мақалада Сарбас ақынның жыр сайыс-
тарында пайдаланатын тəсілдері, туындылары-
ның көркемдік ерекшеліктері қарастырылды.
Н. Назарбаев [1], С. Бегалин [2], С. Садырбаев
[3], М. Жолдасбеков, Н. Төреқұлов [4], Б. Абылка-
симов [5] еңбектерінде негізделген тұжырым-
52 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
дар Сарбас Майкөтұлының ақындық өнерінің
басты деген ерекшеліктерін анықтауға бағыт-
бағдар сілтейді.
Халық əдебиетінің бастау, бұлақтарынан
өнеге-тəлім алған, оның сан-салалы құбылыс-
тарын жете түсінген, сөз өнеріндегі көркемдік
өрнектерді жетік меңгерген Сарбас – дəстүрлі
ақындық поэзия мен халық əдебиетінің көркем-
дік бейнелеу құралдарының озық үлгілерін шы-
ғармаларына көркемдік құрал ретінде молынан
қолдана білген шебер ақын.
Айтыс – сан жүйрік бақ сынайтын жыр
тартысы, сөз бəсекесі. Жарапазан, жар-жар ай-
тып ауызданған жас талап бара-бара ауылдың
алты ауызына жарап, қыз-жігіт қағысуына ара-
ласады. Алтыбақан, бастаңғы, қыз ұзату, шілде-
хана сияқты ірілі-ұсақты жиын-тойларда көзге
түсіп, ащы терінен арылып, алқалы топ, ұлы
жиындарға жолдама алады. Жүзден-жүйрік, мың-
нан-тұлпар шығатыны тəрізді жаңағы сатылар-
дан сүрінбегендері ғана үлкен ақындар айты-
сында бақ сынайды. Импровизаторлық дарын
ақынға тумысынан берілетін табиғат сыйы бол-
ғанмен, маңайындағы айтыскерлерден үйренуге,
талмай іздену арқылы айтысқа төселу – ақын
үшін шыңдалу сатысы. «Бұл қасиет оңай орна-
майды, ол шын ақпа ақын өнеріне бейім болған
күннің өзінде де ұзақ сонар жол кешіп, сан
сайыста сілкісе жүріп сан рет жаға жыртып, тон
тоздырып барып келеді», – дейді М. Əуезов.
«Айтыс туралы» мақаласында С. Мұқанов та
осындай тоқтамға келеді. Қуандық, Қалмырза-
мен айтыстарындағы көркемдік биікке Сарбас
осы сатылардан өткен соң жеткен. Сарбас
сондай кездесулерден мол тəжірибе жинақтап,
жыр жарыста озып шығудың сан қырлы айла-
тəсілдерін үйренді. Əрине, айтыс өтетін ортада-
ғы тыңдаушылардың екі ақынға да қатыстылығы,
жікке бөлінген жанашыр екі топтың арасындағы
психологиялық тартыс айтыс тағдырына өз
əсерін тигізері анық.
Айтыскермен талай айтыс-тартыста қатар
жүрген Сарбастың да жеңіс тұтқасы есебіндегі
оңтайлы тəсілдерді үнемі ескеріп отырғанын
көреміз. Қожамберлінің үйінде өзін құдды туған
аулында жүргендей сезініп, би-болыстардың
арасында еркін отырады. Бөтен ел, қалалы
жерде жүргені шабытын жанығандай, айылын
жинауды да білмейді. Тіпті қызған сайын үдей
түседі. Мұндай ақындық мінез Алматыда өткен
Əбділданың асында да, Қалмырзамен айтыса-
тын қазақ-қырғыз бас қосқан жиында да сақта-
лады. Солардың бəрінде Сарбас батылдық, жі-
герлілік, тапқырлық, төзімділік секілді қасиет-
термен ерекшеленеді.
Сарбастың айтыста жиі қолданатын əдістері-
нің бірі – елінің, жерінің, игі жақсыларының
байлық, салтанатын дəріптей отырып, аз аталы,
əлсіз рулардан шыққан ақындарға сес көрсетіп,
бетін қайтару. Жамбылмен айтысқанда бұл тəсіл
ерекше орын алған. Ақындардың ортаға салар
адамдары – Оңтүстікке, Жетісуға белгілі игі
жақсылар. Сол себептерден де айтыс үстінде
жалған айтып жалтарудың мəнісі жоқ. Кейде
шалқыған шабыттың əсерінен белгілі арнадан
ауытқып жатса, қарсыласы оны түзеп отырған.
Қарсыласының осал тұстарын ілгерідегі та-
рихпен қабыстыра отырып бетке басу – айтыс-
кер ақындардың бəріне тəн тəсіл. Бар саналы
ғұмырын айтысқа бағыштап, əбден ысылған
Сарбас секілді əккі ақындар ғана мұндай тұзақ-
ты жырақтан байқап, айналып өткен. Айтыста
жеңу үшін бар күш-жігерін сарқа пайдаланатын
Сарбастың өнер шеберінде мұндай айла-тəсіл аз
болмаса керек. Қазақ жеріндегі сұрампаздықты
сынап, қарсыласының қытығына тиетін мін тағу
айтыс ақындарының шығармашылық тəжірибе-
сінде мол кездеседі. «Жанақ пен Түбек», «Сақау
мен Орынбай», «Шөже мен Кемпірбай», «Орын-
бай мен Шортанбай», «Əсет пен Кəрібай» ай-
тыстарында мұндай сарындар көптеп саналады.
Сарбас қай ақынмен жыр тартысына түссе
де ұшқыр ойды көркем тілмен безендіре, түр-
лендіре, сəндендіре құлпыртып, қарсыластары-
ның ұрымтал тұсын дөп басады. Əріптесінен
өзін қашан да биік санап, оның ақындығына
шүбə келтіргендей сыңай танытады. Томағасын
сыпырғанда, көзіне қызыл ілінген тау қыраны
секілді қарсы ақынға бірден шүйлігіп, адымын
аштырмауға тырысады. Сөзінде өрлік, үстемдік
басым. Көп жерде елінің төрт түлік мал мен
шұрайлы қонысқа бай екенін айтады, қарсы-
ласының кедейлігін бетіне басып, мысқыл, кеке-
сінге айналдырады. Ол талай жыр жекпе-жегінде
уəжді мəліметті қалқан етіп, сөз семсерін батыл
қолданудың арқасында дегеніне жетіп отырған.
Ақын барлық айтыстарында, толғаулары
мен арнауларында: «Ішінде Қасқараудың Сар-
басы мен...» немесе «Атандым Ұлы жүздің мен
Сарбасы...» деген жолдарды жиі қолданады.
Мұның мəнісі – біріншіден, өзінің түп-төркінін,
қай елдің, рудың, атаның атынан сөйлейтінін
нақтыласа, екіншіден, қарсыласының бірден
мысын басу мақсатында пайдаланатын тəсілі
болса керек.
Жамбылмен кездесуінде: «Албан, суан о
дағы, Жарықшақтың баласы», – деп Жетісуда
қоныстанған бірнеше тайпаның барлық рулар-
дың атынан сөйлейді. Ал қырғыз Қалмырзамен
айтысында сегіз жұмбаққа жауап беріп, бүкіл
қазақ халқының атынан түйінді пікір айтады.
Бұдан: Сарбас–дулат–албан–суан–қазақ болып
жалғасатын жүйе түзелетінін аңғаруға болады.
Сонда ақынның өзіндік «мені» ру, тайпа, қауым,
Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011 53
ұлт ұғымдарымен астарласып жатады. Осылар-
дың əрқайсысының атынан сөйлеу арқылы бір-
тіндеп ұлттық деңгейге көтеріледі. Халықара-
лық дəрежедегі мұндай айтыстарға Сүйінбай,
Шөже, Жамбыл, Əубəкір, Нұржан, т.б. ақындар
қатысып, қазақтың намысын қорғағаны белгілі.
Сарбас солардың сорабынан табылады.
Сарбас жыр тартыстарында өз қарсылас-
тарының мысын басу үшін не бір ұтқыр ой,
бейнелі образдарды, көркем де өрнекті ұйқас,
шумақ, тармақтарды орынды пайдаланғаны аң-
ғарылады. Ақын халық поэзиясының кəусəр
бұлағынан күш-қуат алып, өрліктің, іріліктің,
парасаттылықтың нышандарын бойына сіңіреді.
Оның шығармашылығында бейнелеу құралдары-
ның барлық түрлері кездеседі десе де болғандай.
Əсіресе эпитеттің түрлері жиі ұшырасады.
Сарбастың даралық «менінде» де өзіндік
ерекшеліктер аз емес. Ол атақты ақындармен
сүре айтысқа түскенде өзінің жеке қасиеттерін
ерекше сезінеді. Өзінің көпшіліктен бөлек тұлға
екенін айрықша түсінеді жəне осының бəрін
сырлы сөзбен, айшықты теңеулер мен мета-
форалар арқылы жеткізеді. Нақтылап айтқанда,
Жамбылмен айтысында осындай мазмұнына
көркемдігі сай тармақтар қолданысқа жиі тү-
седі: «Көптігіме қарасаң, Тастаса ине жерге
түспейді» немесе: «Бақ пен қыдыр басынан,
Сабаса да кетпеген», т.б.
Сарбас өзін жыр əлеміндегі желмен жарыс-
қан сəйгүлікке балау [оза шапқан тұлпар, топ
бастаған жүйрік, т.б.] арқылы халық поэзиясын-
дағы тұрақты метафораларды, əсіресе, күрделі
метафораларды туындыларына шебер пайдала-
нады. Мұндай үрдіс – Сарбас заманындағы
атақты айтыс ақындарында жиі кездеседі. Ұшы-
ғына жетпейтін асыл арман, тəтті қиял, ұшқыр
ойға қазақ «көңіл-көк дөнен» деп бір-ақ ауыз
сөзбен байлам жасаған. Ал ақындар болса шал-
қыған шабытын тұлпардың шабысына, арғы-
мақтың қарышына, жорғаның шалысына салғас-
тыра бейнелейді. Бұл жайт Сарбастың Жамбыл-
мен айтысында жүйелі сипатқа ие болады.
Ақынның шығармашылығын əсерлі айшық-
тармен ажарлай түсетін метафоралардың бір
бөлігі бұлбұл құсқа қатысты. Мысалы, Жамбыл-
ға қаратып: «Бұлбұл құстай сайраған менің
тілім» деген кестелі тіркестерді пайдаланса,
«Домбырасымен қоштасуында» төмендегідей
нəрлі тармақтар қолданылады: «Қош енді аман
болғын, қайран елім, Бұлбұл боп талай топта
сайрап едім», т.б. Қазақ ұғымында бұлбұл
эпитеті – адамның сұлулығына, адамзаттың жан
дүниесін баурап алатын əншілігіне, ақынды-
ғына, жыршы-жыраулығына қатысты айтыла-
тын бейнелеу құралы. Ондағы образды, астарлы
мағынаны айқындар болсақ, əріптесіне деген
ауыр мысқыл, зілді кекесін жатқандай. Екінші-
ден, бұл метафоралық тіркестерде ақынның
көркемдік ойлау санасының тереңде жатқаны
айқын аңғарылады. Сарбастың өзін-өзі көтерме-
лей сөйлеуі заңды да. Өйткені жыр жарысында
талай мықты айтыскерлерді сөзден жыққан
адуынды ақын ешкімнен де тайсалмақ емес.
Арнау, толғауларында адамның моральдық
қағидаларына байланысты туындаған «Қатары-
нан бойы озған, Ақылдыдан ойы озған» деген
сияқты ойлы сөздер аз емес. Осындай сөз мар-
жандары Сарбас мұраларын түрлендіре, нұрлан-
дыра түсіп, көркемдік бедерін айқындауға сеп-
тігін тигізеді. Ақындық шеберлігінің құны да
сонда жатса керек. Ақын осы секілді образды,
суретті сөздер тудыру арқылы халық поэзия-
сының көркемдік, тілдік сапасын арттырады.
Өзге замандастары сықылды Сарбастың ар-
нау, толғаулары мен айтыстарының жыр үлгісі-
не құрылған тұстары жиі кездеседі. Сарбас пен
Жамбыл айтысы эпикалық жыр сарынына құрыл-
ған. Əсіресе, егіз, шалыс, ауыспалы ұйқастармен
ауыз əдебиеті дəстүрін дамыта, өрістете жырлау
əдісінен Сарбас та сырт қала алмаған.
Сарбас айтыстарында ауыз əдебиетінде кез-
десетін ұйқастың барлық түрлерін дерлік қол-
данған. Өзипа, Тұрсынай, Саумал, Күлзипа қыз-
дармен қақтығыстары 10–11 буынды қара өлең,
кейде аралас, егіз ұйқастарға құрылған. Ал
Қуандық, Қалмырза, Жамбыл ақындармен сөз
бəсекелері де қара өлең, аракідік кезекті шалыс,
аралас ұйқастармен аяқталған. Негізінен 3 бунақ-
ты, 10-11 буынды, кейде 2 бунақты 7-8 буынды
тармақ, шумақтар аралас ұйқасып та отырады.
Сарбас Майкөтұлы шығармалары бейнелеу
құралдарына мейлінше бай, олардың танымдық,
тағылымдық, əсемдік əсері мен эстетикалық
қызметі ерекше мəнді. Ол – дəстүрлі халық поэ-
зиясының, халық даналығының інжу-маржан-
дарын айырықша таныммен талғап-екшеп, өз
туындыларында шебер қолдана білген сөз зер-
гері. Оның ақындық даралығы бейнелеу құрал-
дарын шашыратпай, тығыз бірлікте, поэтикалық
тұтастық қалпында игера алатын зор қабілетінде
жатса керек.
Ру шежіресі, ел басынан өткен қиын-қыстау
кезеңдер ақын поэзиясынан тысқары қалмайды.
Тарихи шындық көркемдік шындықпен аста-
сып, жымдасып жатады. Сөйтіп айтысқа тың
сипат беріп, тақырыпты жаңаша түрлендіру
арқылы мазмұнын жаңғыртады. Қазақ халқы
мен оның ұлан-ғайыр даласының ілгергі-бергі
тарихын, мəдени-рухани, əлеуметтік-қоғамдық
өмірі туралы сан-саналы мəлімет жинау, оны
есте сақтаудың өзі мол тəжірибе мен асқан
дарындылықты қажет ететіні сөзсіз.
Сарбас айтыстары сазды, лирикалық сезімге
бай болып келеді. Сондықтан ХІХ ғасырдағы
54 Абай институтының хабаршысы. № 4 (10). 2011
іргелі айтыс ақындарын, солардың ішінде Сар-
бас шығармашылығын сөз өнері аясында ғана
зерттеумен шектемей, синкреттік тұрғыда жүйе-
лі қарастыру қажеттілігін айта кеткен орынды.
Достарыңызбен бөлісу: |