А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет20/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Балабақшада қарапайым математикалық түсінікті– қалып-тастыруға арналған құралдарға сипаттама беру.

  2. Құралдар және олардың түрлері, оларға қойылатын талаптарды талдау.

  3. Құралдарды сабақта және сабақтан тыс уақытта қолдану әдістерін саралау.

  4. Құралдардың түрлері кестеге салу.

ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ТҮСІНІКТЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ ТҮРЛЕРІ

Толыққанды математикалық дамыту мақсатында ұйымдас-тырылған, мақсатты іс-әрекет мазмұнында танымдық міндеттерді шешу жолдары қарастырылады. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру сабақ барысында, яғни балабақшада, сабақтан тыс уақытта және үйде өткізіледі.


Балабақшадағы сабақ - қарапайым математикалық түсінік-терді қалыптастырудың ең негізгі формасы болып табылады. Онда баланы мектепке даярлауда және жалпы ақыл-ойы мен матема-тикалық дамуын қамтамасыз етудегі басты шаралар жүзеге асы-рылады. Сабақ барысында барлық бағдарлама талаптары: білімдік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттері жүзеге асырылады, балалардың математикалық ұғымдары дамып, белгілі бір білімдер жүйесі қалыптасады.
Балабақшадағы математика сабағы жалпы дидактикалық принциптерді ғылымилық, жүйелілік және бірізділік, көрнекілік т.б ескере отырып жүргізіледі.
Барлық жас ерекшелігіне сай топтарда сабақ барлық баламен бір мезгілде фронтальды түрде жүргізіледі. Тек, ІІ к тобында ғана қыркүйек айында сабақты 6-8 адаммен шағын топпен өткізу ұсынылады, біртіндеп санын ұлғайта түсу керек. Математика са-бағы ақыл-ой қуатын талап ететін болғандықтан, оны аптаның ор-тасында, күннің І жартысында өткізу ұсынылады және қозғалысы басым дене тәрбиесі, саз сабағы және бейнелеу өнері сабақтары-мен бір мезгілде өткізген дұрыс.
Әрбір сабақта бағдарлама талаптарына сай тақырып, бөлім қатаң ескерілгені жөн. Сабақ барысында білім ауқымын беріп, іскерліктер мен дағдыларды қалыптастырып қана қоймай, ақыл-ой қабілеттерін, танып – білуге қызығушылығын (оқуға ынтасын, жаңашылыққа құштарлық) дамыту жөнінде, баланың жеке басын дамытуды ескеру қажет. Тәрбиелей отырып оқытуда балалардың ой ширақтығын дамытуды басты назарда ұстау керек.
Жас ерекшелігіне сай топтарға қатысты сабақта қанша тақырып кіргенін, қандай міндеттер алынғанын сипаттап отыру керек. Негізгі дамыту міндеттерінде танымның дамуын, психи-калық процестерді, сөзді, оқыту іс-әрекетінің негізгі дағдыларын белгілеу керек.
Сабақ процесінде І не ІІ бөлімнен кейін сергіту сәті орын-далады, бұл балалардың шаршап-шалдығуын бәсеңдету және жұмыс қабілетін қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Сергіту сәті қажеттігінің негізгі белгілері – балалардың тынымсыз қозғалысы, зейінінің тұрақсыздығы, алаңдаушылығы болып табылады. Сергіту сәтті үшін тұлға, бұлшық еттерге арналған 2-3 жаттығу алынады. (қол қимылы, еңкею, секіру т.б.)
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру саба-ғының жұмыс тәжірибесінде бірнеше типі қалыптасты: 1) дидак-тикалық ойындар түріндегі сабақтар; 2)дидактикалық жаттығулар түріндегі сабақтар; 3) дидактикалық ойын және жаттығулар түріндегі сабақтар.
Олардың бөлінуі сабақ барысында қай әрекет жетекші болуына байланысты дидактикалық ойын, дидактикалық материал және олармен іс-әрекеттердің үйлесімді болуына байланысты. Қандай сабақ типі болмасын тәрбиеші балалардың білім мен дағдыларды меңгеру процесіне белсенді түрде басшылық жасай білулері керек.
Дидактикалық ойын формасындағы сабақтар әсіресе кішкен-тайлар тобында кеңінен қолданылады. Бұл жағдайда оқыту ойын-дық сипатқа ие, бағдарлама талаптарына онша үндесе бермейді. Оқыту әрекеті мотивациясы да ойындық сипат алады. Дидакти-калық ойын формасындағы сабақтар кішкентай балалардың жас ерекшелігіне сәйкес келеді. Бұл сабақтардағы басты міндет сан алуан математикалық ұғымдарды қалыптастыру болып табылады.
Дидактикалық жаттығулар түріндегі сабақтар барлық жас ерекшелігіне сай топтарда қолданылады. Оларда оқыту тәжіри-белік сипатқа ие. Түрлі үлестіретін және демонстрациялық мате-риалдармен жаттығулар орындату балаларды нақты әрекет әдістері мен ұғымдар қалыптастыруға, игеруге мәжбүрлейді.
Түрлі ойын әдістері, ойын элементтерін де жаттығулар барысында қолданып отыру – заттық, практикалық, дидактикалық материалдар арқылы танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыруға әсер етеді. Ал дидактикалық ойын және жаттығулардың негізіндегі сабақтар балабақшада кеңінен қолданылады.
Дидактикалық мақсаттарына сәйкес жалпыға ортақ сабақтар-дың классификациясы былай топталады:
а) балаларға жаңа білімді хабарлау және оны бекіту сабағы;
ә) танымдық және тәжірибелік міндеттерді шешуге бағыт-талған, алған білім ұғым, дағдыларын тиімді қолдана білуге бағытталған сабақ;
б) тексеру – бақылау, есепке алу сабағы;

Тәрбиеші қарапайым математикалық ұғымдарды (жиын, сан натурал қатар) түсіндіре алатындай, негізгі математикалық жағ-дайды білуге, сан мен санаудың, есептеу жүйесінің тарихи шығу, төркінімен және т.б. таныс болуға тиіс.


Тәрбиеші балаларда кездесетін қиындықтарды түсініп, оларды жоюдың әдістерін табу үшін, балалардың математикалық түсініктерінің дамуының психологиялық ерекшеліктерін білу қажет.
Балабақшада сабақтарда және өзіндік іс-әрекет жасағанда балаларға ұсынуға болатын көптеген ойындар бар; мысалы, са-науға арналған дидактикалық ойындар: лото, бір топтамадағы заттардың бейнесі, ал екіншісіне цифр жазылған пар суреттер.
Балалардың игерген қарапайым математикалық ұғымдары мен дағдыларын өмірде де пайдалану үшін дастархан жасағанда заттарды санату, оларды дұрыс қойғызу (тәрелкенің оң жағына қасықты, пышақты, сол жағына шанышқыны, үстелдің ортасына нан салынған тәрелкені, гүл салынған вазаны қою т.с.с).
Балабақшадағы топ бөлмесіндегі заттарды бағдарлай білуге үйрету, заттарды белгілі бір орынға қоюға дағдыландыру, серуенге барарда алған ойыншықтарын санату және қайта оралғанда оларды түгелдеп алып қайту.
Сабақ барысында баланың ойлау іс-әрекеттерін түрлі құ-ралдар мен әдістер арқылы белсенді ету, балалардың дербестігін дамытуға, баланың оқудағы белсенді позициясын дамытуға ықпал етеді.
Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру са-бағындағы ойлау белсенділіктерінің көрсеткіштері сабақтағы баланың активті позициясының, дербестігінің қалыптасуына оң әсерін тигізері сөзсіз.
Баланың дербес таным белсенділігінде сан, көлем, түрлі гео-метриялық фигуралар, уақыт, кеңістік туралы ұғымдары жетіл-діріліп, тереңдей түседі.
Баланың дербес танымдық іс-әрекеті сабақтағы оқытумен тікелей байланысты.
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру олар-ды мектепке даярлаудың бір бөлігі болып табылады. Бұл процесс мектеп жасына дейінгі балалардың ақыл-ойын дамыту міндетін шешуде тәрбиелеу мен білім беруді жүзеге асыруға бағытталады. Оның негізгі айырмашылығы дамытушы бағыт ұстауы күнделікті тұрмыста, ойында, еңбек әрекетінде баланың тілін, ақыл-ойын дамытуды көздейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет