А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет21/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру жұ-мысын ұйымдастыру түрлеріне сипаттама беру.

  2. Дидактикалық жаттығулардың маңызын талдау.

  3. Балабақшада және үйде ұйымдастыру шараларына сипаттама беру.

  4. Жұмыс түрлерін ұйымдастыруда қолданылатын әдіс-тәсілдерді схемаға салу.

БАЛАЛАРДА САН ТУРАЛЫ ҰҒЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Мамандардың психологиялық және педагогикалық зерттеу-лері мен балаларды үйде, балабақшада және мектепте бақылау-лары мектеп жасына дейінгі балаларда сан туралы түсінік зат-тарды қолдану барысында қалыптасады деп көрсетті: Мысалы, таяқшалар жиынтығы, геометриялық пішіндер (дөңгелектер, шар-шылар, төртбұрыштар), тұрмыстық заттар (2 орындық), ойын-шықтар (үш қуыршақ), тағамдар (2 сәбіз). Мектеп жасына дейін-ақ балаларда сан және сандардың қатысы туралы түсінік сөздің кө-мегімен, айналадағы ересектердің іс-әрекетінің көмегімен қалып-тасады.


Бала көлемі пішіні, түсі, саны жағынан әртүрлі заттардың қоршауында өседі. Үлкендердің көмегімен балалар осы заттарды атауды, бір-бірінен айыруды, оларды қолдануды үйренеді. Бала өскен сайын қоршаған ортамен қарым-қатынасы күрделене түседі, жаңа түсініктер пайда болады.
Кішкене күнінен балаларда сан туралы алғашқы қарапайым түсінік қалыптасады. Ересектер балаларды заттарды қолдануға көмектеседі, сөздік қорын көбейтеді. А.М.Леушинаның зерттеу-лері балаларды алдымен санауға емес, салыстыруға, содан соң ба-рып сан есімдерді қолданып санауға үйрету керек екенін көрсетті. Ол балалардың заттарды әртүрлі қолдану қабілетін, заттарды салыстырып, әртүрлі сөздермен атау қабілетін жоғары бағалады.
Санауды ерте үйренген балада сан туралы түсінік пайда болады. Баланы қоршаған ортада көптеген заттар бар.Оларды санауға болады, кейбіреулері өлшенеді. Осыған байланысты 2 ұғым қалыптасқан: «сан» және «көлем».
Мектептегі математика пәнінде сан туралы екі түсінік бар: «сандық» және «реттік».
Санау ұғымы адамның ойлау қабілетінің бірден бір жемісі.
Сан туралы ұғым, санау балаларда көрнекіліктердің көме-гімен, күнделікті заттарды қолдану барысында қалыптасады.
Бала ойын кезінде және басқа да іс-әрекет үстінде нақты заттардың санымен жолығады, көп заттың ішінен өзіне керектісін бөліп алады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет