А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет18/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. «Балабақша мен мектептегі оқыту сабақтастығын қалай түсінесің? Бағдарлама не үшін керек?

  2. Балабақша және мектепте қарапайым математика ұғымын қалыптастырудың міндеттеріне сипаттама беру.

  3. Оқытудың сабақтастығын талдау.

  4. Бағдарлама міндеттерін талдау.

  5. Оқу әрекетінің бастапқы түрлерін қалыптастыру бойынша реферат.

БАЛАБАҚШАДА ЖӘНЕ МЕКТЕПТЕ ҚАРАПАЙЫМ МАТЕМАТИКАЛЫҚ ҰҒЫМДАРДЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

Оқыту қоғамдық құбылыс. Оның міндеттері мен мақсаттары және мазмұны қоғам қажеттеріне байланысты өзгеріп отырады. Жастарға берілетін білім мазмұны мен тәсілдерін белгілеуде шешуші роль атқаратын нәрсе – жеке баланың мүддесі емес, қоғамдық мүдделер мен қажеттіліктер.


Оқыту тәрбиенің басты құралы болып табылады. Оқыту арқылы жастарға біліммен қатар, белгілі бағытта тәрбие де беріледі. Оқытудан тыс балалар мен жас өспірімдердің жан-жақты дамуы мүмкін емес. Оқу – бала үшін еңбек, оның тәрбиелік мәні зор. Ол баланы жүйелі түрде ой еңбегімен шұғылдануға дағдыландырып, оның жігері мен мінезін тәрбиелейді.
Оқыту – таным процесі. Өйткені онда ілгері қарай қозғалыс болады, оқушы білмеуден білуге қарай жүріп отырады. Оқытудағы міндет – оқушыны табиғат, қоғам және адам дамуының жалпы және негізгі заңдарымен қаруландыру.
Оқыту, ең алдымен, ақыл-ой тәрбиесімен тығыз байланысты болады. Ақыл-ой тәрбиесі балаларға білім берумен қатар, олардың танымдық қабілеттерін (байқағыштық, зейінділік, зеректік, еске сақтау, шығармашылық қиял, сөйлеу, ойлау) қалыптастыруға көмектеседі.
Балаларға дұрыс тәрбие беру үшін ең алдымен, оның мақ-саты мен імндеттерін анықтап алу қажет. Ол үшін қандай тәрбие беру керек және не үшін? – деген сұраққа жауап беруге тиіспіз.
Тәрбиенің мақсат – міндетіне сай белгілі амал-тәсілдер қол-данылады. Тәрбие – екі жақты процесс, ол тәрбиеші мен тәрбие-ленушінің іс-әрекетінен тұрады. Тәрбиешінің дұрыс басшылы-ғымен қатар баланың сыртқы әсерге деген белсенді жауабы және өзіне деген белсенді жауабы және өзіне деген белсенді әрекетінің болуы заңды нәрсе.
Балаларды тәрбиелеуде олардың жасын және жеке басының ерекшеліктерін ескере отырып, белсенділігі мен дербестігін артты-рудың маңызы зор.
Ал, нені және қалай оқыту керек? деген сұраққа «Дидактика» жауап береді.
«Дидактика» деген термин гректің «дидактикос» деген сөзі-нен алынған, қазақшасы – оқыту, үйрету деген мағынаны білді-реді.
Дидактиканың зерттейтін пәні – ол білім беру мен оқытудың теориясы мен практикасы, басқаша айтқанда, білім беру мен оқыту процестерінің заңдылықтары мен ерекшеліктері.
Оның негізгі мақсаты – нені және қалай оқыту керек? – деген сұраққа жауап беру.
Дидактиканың негізін салушы – чех халқының ұлы педагог Я.А.Коменский. ол өзінің «Ұлы дидактика» атты өте маңызды және құнды еңбегінде балаларға жаппай білім берудің мазмұны, оқытуды ұйымдастырудың ең басты принциптері (қағидалары, ережелері), әдістері мен формалары туралы жүйелі және дәлелді түрде ойларын баяндайды.
Дидактика білім беру мен оқытудың теориялық мәселелерін, оның формалары мен әдістерін зерттейді, педагогиканың бір бөлігі болып табылады.
Оқу – балалардың негізгі таным әрекеті. Баланың жалпы психикалық дамуы – мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты. Баланың ойлау қабілеті оқу процесінде ерекше дамиды. Білім мен ойлау арасында тығыз байланыс бар. Оқу-шының ақыл-ой қабілетін қалыптастыру үшін білім мен ойлаудың өзара әсері мен өзара байланыс ерекшеліктерін білген жөн. Білім мен ойлау ақыл-ой тәрбиесінің негізгі шарты мен құралдары деуге болады.
Тәрбиешілер мен ата-аналар балалардың оқуына дұрыс бас-шылық ету үшін, оқу әрекетінің ерекшеліктерін білуі, оның ойын-нан еңбек әрекетінен айырмашылығы бар екенін есте сақтауы керек.
Қазіргі заманғы балалардың психикалық дамуы, ақыл-ой қабілеті ерте жетілгендігін ұмытпау керек. Балалардың ойлау қабілетінің қалыптасуы олардың жасына ғана емес, басқа да шарт-тарға байланысты болады. Соның ішінде олардың шұғылданатын іс-әрекетімен қарым-қатынас жасауы ерекше роль атқарады.
Көрнекті психолог Л.С.Выготский айтқандай, оқыту баланың дамуын ілгері қарай жетектеуге, әсіресе, оның өздігінен ойлау әрекетінің жоғарғы сатыда болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Баланың ойлау әрекеті өзінен-өзі қалыптаспайды. Олардың ойлауын ойдағыдай дамыту үшін, тиімді тәсілдер қолданып, ар-найы жұмыстар жүргізу қажеті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет