А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет37/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Уақытты сезінуді қалыптастыру әдістерін талдау.

  2. Пікір-сайыс. Уақыт ұғымдарын қалыптастыру талапта-рының күрделенуі.

  3. Уақытты сезінуді қалыптастыру әдістеріне сипаттама беру.

  4. Уақыт ұғымдарын қалыптастыру үшін қолданылатын көрнекіліктерді дайындау.

  5. 1,3,5,10 минут интервалдарының мәнін түсіндіру бойын-ша сабақ жоспарын құру.

КҮН, АЙ, АПТА, ЖЫЛ МЕЗГІЛДЕРІ ҰҒЫМДАРЫМЕН ТАНЫСТЫРУДЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Уақыт ұғымдарын қалыптастыру бағытында ең алдымен табиғи құбылыстарды басты назарда ұстау қажет. Күн мен түннің алмасуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, жер шарының бойымен бір тәулік ішінде айналуы, Айдың Жерді айналуы, Жердің Күнді ай-налуы.


Жер шарының өз осімен айналуы бір тәулікке тең, әдетте бір күн деп те атап жатады.Тәулік уақыт өлшемі ретінде өзінің сандық сипатына ие, яғни 24 сағат. Бұл уақыттың табиғи өлшемінің ең алғашқысы болып табылады. Тәулікті 4-ке бөлу қалыптасқан: таңертең. күндіз, кеш, түн. Бұлайша бөлу объективті өзгерістерге де байланысты.
Бүгінгі еңбек жағдайлары адамның уақытты ескеріп оты-руын қажет етеді. Нақты уақыт интервалдары аралығында өз әрекеттерін тездетіп не баяулатып отыруды талап етеді. Адам өзін кез келген әрекет барысында уақытқа қарай бейімдеуі тиіс.
Уақыт адамның түрлі әрекеттерінің үйлестірушісі ғана емес, адамның әлеуметтік қарым–қатынастырының да үйлестірушісі бола алады. 1-сыныптан бастап уақыт баланың өмірі мен оқу іс-әрекетінің шынайы үйлетірушісі бола алады. Б.Г. Ананьевтің же-текшілігімен оқу әрекетіне байланысты баланың ақыл-ой қабіле-тінің дамуын зерттеуге бағытталған бірқатар зерттеу шаралары жүргізілді.
Бұл зерттеулер баланың мектептегі оқу әрекетіндегі әрбір кезеңінде, балалардың дағдалары мен іскерліктерінің дамуында уақыт ең басты шарт екендігі дәлелденді.
Уақытты сезінулері қалыптасатын факторларға мыналар жатады:
1 Уақыт эталондарын білуі (олар туралы ұғымдарын жал-пылау). Балада қандай уақыт аралығы айтылатындылығы туралы сезілуі үшін ол өз бетінше уақыт эталонын сезініп, уақытты сағат бойынша ажырата білу керек және сағатты қалай пайдалана білуді меңгеру қажет.
2. Мазасыздану – баланың уақыт интервалын сезінуі болып табылады. Бұл балаға белгілі бір уақыт аралығында нақты бір әрекетті орындауға тырысуға мумкіндік береді.
3. Балаларда нақты бір уақыт интервалдарын сағат арқылы емес, уақытты сезіну арқылы қабылдауды қалыптастыру.
Уақыт ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстар-дың әдістемесі мен ұйымдастыру жолдары:
1. 1,3,5 және 10 минут ұзақтығы мен таныстыру, осы бағытта секундомер, құмсағат, конструктор сағат қолдану;
2. Түрлі әрекеттер арқылы осы уақыт ұғымдарын бекіту.
Балаларға бір аптадағы күндерді ретімен атай білуді үйре-тудің зор маңызы бар. Бүгін қайсы күн, кеше қайсы күн болған-дығын ұғындыру керек.
Балалардың «уақыт сезімдерін» жетілдіру мақсатында түрлі жаттығулар, дидактикалық ойындар мен халық ауыз әдебиеті құ-ралдары арқылы ұғымдарын бекітудің де маңызы бар.
Осы мақсатта сабақты ойын формасында өткізуге болады. Мысалы, «Апта күндері» ойыны.
Мақсаты: апта күндерін есте сақтау. Керекті құралдар: апта күндері шартты түрде белгіленген 1-ден 7-ге дейінгі фигуралардың немесе ұлттық бұйымдардың суреті салынған 7 сурет және 1-2 суреті жоқ тәж.
Ойынның мазмұны, мұғалім балалардың мынаған келісіп алуларын өтінеді. Біл таңбасы бар тәж – аптаның бірінші күні – дүйсенбі, екі таңба бар тәж аптаның екінші күні – сейсенбі, т.б. білдіреді. Балалар апта күндерінің атын хормен қайталайды.
Тақтаға 7 бала шақырылып, оларға тәждер таратылып бері-леді. Тақта алдына шақырылған баланың әрқайсысы тәж бен таңбаның санына қарап тұрып: « Сабыр – сәрсенбі, мен – жұма-мын т.б. айтады. Осыдан кейін мұғалім аптаның кез келген атын дауыстап айтады, мысалы: «сәрсенбі» деген бұйрық сөзден кейін, оны «сәрсенбі» деп білетін бала алдыға шығып тұрады. «Апта күндері, сапқа тұрыңдар» деген бұйрық берілісімен, басқа бала-лар, оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиіс. Сапқа тұруда қателік болса, оны орындарында тұрған балалар бірден байқайды. Бұдан соң мұғалім тақта алдына келесі жеті баланы шақырады. т.с.с.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет