А. Балабаева



бет39/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48
Тақпақтар
1. Ай жетіге бөлінген,
Жеті күнді бір топтан,
Әр күнге ат берілген.
Біліп ал, оны дұрыстап.
Бірінші күн- Дүйсенбі,
Екінші күн- Сейсенбі,
Үшінші күн- Сәрсенбі,
Төртінші күн- Бейсенбі,
Бесінші күн- Жұма,
Алтыншы күн- Сенбі,
Жетінші күн- Жексенбі,
Жіберме, сен есеңді.

2. Уақыттың өлшемі


Үлкен есеп күнтізбе
Міне, сынау күнтізбе
Он екі айға бөлінген
Үш ай бірге қосылып
Төрт тоқсаннан көрінген
1-тоқсан- бері қара
Қаңтар, ақпан, наурыз
2-тоқсан- ал сана
Көкек, маусым, мамыр-қыз
3-тоқсан- бір бөлек
Шілде, тамыз, қыркүйек
Соңғы тоқсан, ол- қазан,
Қараша мен желтоқсан.
Міне, қызық қараса
Ай, күндерін санаса
Жиырма сегіз күн ғана
Бар екен ғой ақпанда.
Отыз күнді қыркүйек,
Көкек, маусым, қараша.
Отыз бір күннен қалған
Жеті ай екен санаса
Апта жетіге бөлінген
Жеті күнді бір топтан.

3. Тоғыз - әзір белгілі


Күннің тоғыз серігі
«Планета» делінер
Аспандағы денелер
Аттарын ал, сен ұғып!
Уран, Плутон, Сатурн,
Марс, Шолпан, Юпитер,
Меркурий мен Нептун жер
Оқып-тоқып шынығын
Ғарышқа алыс бара алар
Көп күмбезін аралар
Батыр болғын, балалар!

4. Төрт дегенім- төрт мезгіл,


Жылда кезек келетін
Қарлы қыс пен көктем бұл
Жаз, күз өзің білетін.
Әрбір жылың жолдасың
Мол желсін бақытты
Қайсы мезгіл болмасын
Босқа өткізбе, уақыт.

5. Уақыттың өлшемі


Үлкен есеп күнтізбе
Ашып алып күнтізбе
Өзің туған күнді ізде.


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Уақыт ұғымдарын нығайтуға бағытталған тапсырмалар мен жаттығуларға сипаттама беру.

  1. Дидактикалық ойындардың сипаттамасы.

  2. Уақыт ұғымдарын нығайтуға бағытталған қызықты тапсырмалар мен жаттығуларды жинау.

  3. Логикалық құрылымдағы жаттығуларды жазып келу.

  4. Дидактикалық ойындардың сипаттамасы.

  5. Дидактикалық ойындарға көрнекіліктер әзірлеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет