А. Балабаева


Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар



бет38/48
Дата21.10.2023
өлшемі147,76 Kb.
#120164
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Тақырып бойынша сұрақтар мен тапсырмалар:

  1. Дөңгелек үстел. «Уақыт ұғымдарын қалыптастырудағы жыл мезгілдерінің маңызы».

  2. Маусымдық ерекшеліктерді талқылау.

  3. Практикалық жұмыс. Күнтізбені толтыру.

  4. Уақыт ұғымдарын қалыптастырудағы жыл мезгілдерінің маңызына реферат жазу.

  5. Маусымдық ерекшеліктерге сипаттама беру.

  6. Апта күндерімен таныстыру тақырыбына сабақ жоспарын құру.


5-7 ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРҒА УАҚЫТТЫ БАҒДАРЛАУҒА БЕРІЛЕТІН ТАПСЫРМАЛАР МЕН ЖАТТЫҒУЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Аптаның қай күні жетіспейді ойыны.


Керекті материалдар: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 бірдей цифралардың немесе ұлттық бұйымдардың суреті салынған 7 және суреті жоқ 1-2 тәж.
Мұғалім тақта алдына жеті баланы шақырып, олардың ба-сына суреттері бар және суреттері жоқ тәждерді кигізеді. Мұғалім: «Аптаның қай күні жетіспейді?» деген сұрақ қояды. Отырғандар жауап береді. Одан соң келесі жеті бала шақырылады және т. с.
«Керісінше айт» жаттығуы
Мұғалім мен балалар шеңбер құрып отырады. Мұғалім бір баланың атын атап, допты лақтырады да, әлде бір уақытты айтады, бала оған қарама-қарсы мағыналы сөзбен жауап беруге тиіс. Мәселен, мұғалім «таң» десе, бала «кеш» деп жауап береді, сол сияқты «күн-түн», «тал түс-жарым түн», «әрқашан-ешқашан», «кеше-бүгін», «ерте-кеш», «қыс-жаз», «бүгін-ертең», т. с.


Жұмбақ
Жаңылмастан жетеуі,
Кезек қызмет етеді.
(Аптаның жеті күні)

Уақыт- объективті түрде біздің санамыздан тыс және одан әрі тәуелсіз түрде бар. Оның қабылдауы әрі танып білу-нақты уақыттың біздің санамызда бейнеленуі ғана. Уақыт мынадай ерекшеліктермен сипатталады:



  1. Оның озып өтуі уақыт қозғалыспен байланысты;

  2. Оның қайтымсыздағы:

  3. Көрнекі формалардың болмауы; ол көрінбейді де, естіл-мейді де. Уақыт жөнінде түсініктерін қалыптастыруда сөздің ат-қарар ролі үлкен: секунд, минут, сағат, апта, ай, жыл, т.б.

Қай эталонды болсын түсіну үшін ортақ белгілерді табу қажет. Мысалы: кеше, бүгін, ертең, т.б. сөздердің мәнісін айқын-дау үшін ең алдымен тәуліктердің өтіп жататынын және алмасып отыратынын түсіндіру қажет.
Баланы мектепке дайындаудың тобысты болуының алғы шарты мектеп жасына дейінгі балалардың уақыт пен кеңістікті бағдарлау жөніндегі белгілі деңгейде түсініктерінің болуы.
Қоршаған өмірді бала ойын арқылы танып білетіндіктен қандай күрделі тақырып болса да, дидактикалық ойын арқылы түсіндіруге болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет