Климаттық карталарларды құрастыру үшін негізгі көздер болып бір әдіс пен бағдарламада өнделген гидрометеорологиялық және қоршаған орта мониторингі бойынша көпжылдық байқаудың материалдары саналады. Мұндай мәліметтер келесі анықтамаларды келтірілген: 1941-1950 жж. жеке республика және облыстар бойынша 27 том ретінде шыққан б.КСРО-ң климаттологиялық анықтамасы. Анықтаманың кестелері 1881-1935 жж. аралығында жүргізілген бірқатар бақылау бойынша құрастырылған.
1970 жылдан бастап КСРО-ң климат бойынша анықтамасы шықты. Ол 1965-1973 жж. аралығындағы орташа көпжылдық метеорологиялық элементер көрсеткішінен тұратын 34 том ретінде республика және облыстар бойынша құрастырылған. Анықтаманың әрбір томы климаттың жеке элементер сипаттамасынан құралған 5 бөлімнен тұрады: 1-бөлімі – «Күн радиациясы, радиациялық баланс және күн сәулесі»; 2- бөлімі –«Ауа және топырақтың температурасы»; 3-бөлігі – «Жел»; 4-бөлігі – Ауа ылғалдылығы, атмосфералық жауын-шашын,, қар жымылғысы»; 5- бөлігі – «Бұлт және атмосфералыө құбылыстар». Кестелер үшін 1961 жылға дейінгі мәліметтер алынған. Барлық мәліметтер 1881-1960 жж. аралығындағы көрсеткіштер. 100 жыл мерзіміндегі көрсеткіштер «КСРО-ң климат бойынша Ғылыми-қолданбалы анықтамасында» келтірілген.
Климатологиядағы қабылданған арнайы өндеу арқылы алынған және бір мерзімге келтірілген салыстырмалы мәліметтер болып саналатын көпжылдық орташа климаттың бір бағытын сипаттайды көрсеткіштер (термикалық режим, ылғалдану т.с.с.) картографиялау мақсатында пайдалануға болады. Карталарды көпжылдық орташа көрсеткіштер бойынша құрастыру әдісі жақсы жасалған.
Ауылшаруашылықта климаттық ресурстарын сипаттайтын карталарды дұрыс құрастыру үшін республика және облыстар бойынша құрастырылған «Агроклиматтық ресурстар анықтамасы» пайдаланады. Онда түрлі шаруашылық өнімдері үшін вегетация мерзімнің басталу және аяқталу мерзімі, көктем және күздегі топырақтың температура жағдайы және т.б
Климаттық карталарды құрастыруда кіші аймақтарда анықтамаларымен бірге қосымша көздер ретінде интерполяция қателер болмуы үшін ұсақ масштабтағы үлкен аумақтың климаттық картасы пайдалынады.
Жылдық бақылау мәліметтері қосымша мәліметтер ретінде графиктер түрде атластарда берілуі мүмкін.
Соңғы жылдары климат карталарын құрастырудаГАЖ –бағдарламаларында өнделген әр мерзімдегі метеобақылау мәліметтерінің архивы пайдалынады.
Көптеген климаттық карталарындағы негізгі бейнелеу әдіс – бұл изосызықтар. Изосызықтарды пайдалану үзілісіз, бір сызықпен көрсетілетін климат элементерінің таралуы (атмосфералық қысым, температура, ауа ылғалдылығы және т.б) және сандық көрсеткіштерінің біртіндеп өзгеруі ерекшеленеді.
Бұл әдіспен картаны құрастыру сандық интервалдарды дұрыс және нақты таңдауға байланысты. Климаттық картасын құрастыру кезінде изосықтарды жүргізген кезде сызықты және географиялық интерполяция әдісі қолданылады.
Сызықты интерполяция көрші нүктелердің арасындағы көрсеткіштер бірдей өзгеретінің көрсетеді. Осыған байланысты, изосызық шкаласына таңдаға нүктелерді қосып, изосызықтардың орнын табады. Мұндай интерполяцияны әртүрлі модель, бағдарламалар негізінде автоматтандырылған әдіспен (ArcGIS) жүргізуге болады.
Географиялық интерполяция әдісі климат көрсеткіштерінің басқа да табиғи факторлармен (жер бедері, өсімдік, топырақ және т.б.) байланысының сандық көрсеткіштерін анықтауға негізделеді. Бұндай әдісте құрастырылған карта жақсы гипсометриялық немесе жер бедердің сандық моделін және солардың негізінде жасалған қарапайым карталарды қолданады. Жұмыс барысында климат көрсекіштерінің графиктері құрастырлады, аймақтық аудандастыру жүргізіледі, климат көрсеткіштердің әсер ету бойынша бедердің бірдей түрлері және беткейлерді бағыты, әртүрлі вертикальды градиентері бойынша аймақтар анықталады. Қосымша ретінде өсімдіктер, ландшафт және т.б. карталар пайдалынады. Бұл әдіс мәліметтердің кеңістікте географиялық дұрыс бейнеленуін көрсетеді.
Климат карталарын құрастыруда кеңінен шоғырланған (локализацияланған) диаграмма әдісі пайдалынады. Бұл әдіс пункттер бойынша климат элементтерінің уақытша өзгеруін көрсетеді, мысалы, жауын-шашын, температура, салыстырмалы ылғалдың жылдық көрсеткіштері және т.б. Бұндай диаграммалар полярлы және декартты координат жүйсінде құрастырылады. Электронды карталарда мұндай диаграммаларды құрастыру үшін 3D - модельдеу және визуализациялау әдісін қолданады.
Климаттың көп аспектісін сипаттау үшін көрсеткіштер мен тәсілдердің кешенді бейнелеу түрін пайдаланады, мысалы, изосықтар мен шоғырланған диаграмма әдістерін бірге қолдану. Жел жылжу (қозғалу) белгілерәдісі арқылы сипатталады, мысалы, желдің бас бағыты картасында. Жалпы климаттық аудандастыру және қолданбалы аудандастыру карталарында сапалық фон әдісі қолданылады. Қазіргі кезде аналитикалық-синтетикалық түрдегі карталар құрастырылуда. Бұндай карталарда игтегралды және синтетикалық көрсеткіштерді көрсету үшін әр түрлі бейнелеу әдістер пайдаланады, электронды карталар мен анимациялар үшін арнайы динамикалық белгілер құрастырылуда.
Карталарды құрастыру принциптері. Климаттық көрсеткіштерді бейнелеу үшін негізгі талаптар келесідей:
аймақ бойынша климаттық көрсеткіштердің таралу заңдылықтарын көрсету.
Климаттық картаның көп бөлігі изосызықтар әдісімен көрсетілетін болғандықтан, оқуға және қарауға ыңғай болу үшін ең тиімді қабатты бояу әдісі қолданылады.
Климаттық карталарын безендіруде келесі шарттарды назарға алу керек:
әртүрлі климаттық көрсеткіштер үшін түстер таңдау (қолданыстағы түстер шкаласына сәйкес). Түстерді таңдап шкалалар құрастыруда географиялық логика сақталуы керек: құрғақ аймақтар – сары түспен, ылғалды аймақтар – көк түспен;
картографиялық элемент көрсеткішінің өзгеруі түстің өзгеруіне немесе ауысуына сәйкес болу керек;
екі шкала түсті қолданған кезінде түстердің өзгеруі құбылыстардың сапалы өзгеруін көрсету керек, мысалы, температураның плюс және минус көрсеткіштерін.
изосызықтар карталарында қосымша бейнелеу әдісі ретінде климат көрсеткіштерін жазып көрсетуге болады.
Климат карталарының негізін безендіруде екі планды болған дұрыс: екінші және үшінші қатарлы горизонтальдар, әкімшілік шекаралар, елді-мекенді екінші планды ашық- сұр түспен көрсету керек. Басқа элементтерді картаның мазмұнына сәйкес, оқуға ыңғай болу үшін ашық түспен берген дұрыс. Қазіргі кездегі электронды климаттық карталарды безендіру кезінде 3D моделдер қолданылуы мүмкін.