А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014



бет18/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32
Байланысты:
treatise22703

Бақылау сұрақтары:

  1. Климат карталарының типтері?

  2. Климат карталарының мазмұнында не көрсетіледі?

  3. Картаның легендасын құрастыру тәсілі.

  4. Климат карталарын безендіру әдістері.

  5. Карталарды құрастыру принциптері.

  1. ГИДРОЛОГИЯЛЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ



7.1 Гидрологиялық карталардың мазмұны, түрлері және мақсаты

Су нысандарына инвентаризация жасау және су ресурстарын есептеу үшін жер беті суларының картасын құрастыруды қажет етеді. Қазіргі уақытта су нысандарының жағдайына бақылау жасайтын Мемлекеттік қызметтің мәліметтері гидрологиялық карталар құрастыруға жеткілікті, бірақ олардың әдістемелік нұсқаулары жоқ. Сондықтан қолдағы бар жер беті суларының карталары аз және оларды табиғи ортаның басқа карталарымен және өзара салыстыруға келмейді.


Жер беті суларының карталары келесі топқа бөлінеді:

Гидрологиялық картографиялау ұсақ масштабты болады. Карталар негізінен арнайы немесе кешенді атластар құрамында басылады. Жер беті суларының карталары топографиялық карталар мен су нысандарының жағдайына бақылау мәліметтері негізінде құрастырылады. Мемлекеттік қызметтің бақылау мәліметтері Су кадастырына енгізіледі. 1936 ж. бастап кадастр жыл сайын шығатын анықтама ретінде шығарылады. Оларға қосымша ретінде «Көлдер мен суқоймаларындағы бақылау мәліметтері» және т.б. түрлері шығады.
Жер беті суларының картасын құрастыруда ара қашықтықтан зерделеу материалдары кеңінен қолданады. Суретте өзен және көл торлары нақты, анық көрінеді және олардың динамикасын зерттеуге болады. Сурет арқылы жер беті суларының кез-келген масштабты карталарды құрастыруға болады.
Гидрографиялық карталарда өзен мен көлдердің таралуы заңдылығы және су массасының динамикасы көрсетіледі. Осыған байланысты карта екі үлкен топтарға бөлінеді:

  • гидрографиялық;

  • су режимі.

Біріншісі топқа келесі карталар жатады:
- өзен және көл жүйесінің суреті,
- өзен мен көлдер жүйесінің жиілігі,
- су жинау алқаптары.
Екінші топқа келесі карталар кіреді:
- су және мұздық режимі;
- қатты ағындар;
- судың термикалық және химиялық сипаттамасы.
Барлық гидрографиялық карталар ірімасштабты дереккөздерді өңдеу негізінде қалыптасады. Орташа әсіресе, ұсақ масштабта бұл карталар белгілі бір заңдылықты көрсетуге мүмкіндік беретін едәуір аймақты шолуға жететін болатындықтан өте айқын. Гидрографиялық карталарды қалыптастыру өзен торларының қоюлығы және территорияны кешенді зерттеумен жалғасатын сутораптары алабыменен байланысты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет