А. Ғ. КӨшім географиялық картографиялау: табиғат карталары оқу құралы Алматы 2014


Карталарды құрастыру көздер және құрастыру әдісі



бет19/32
Дата16.02.2023
өлшемі3,14 Mb.
#68308
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
treatise22703

7.2 Карталарды құрастыру көздер және құрастыру әдісі

Өзен және көл жүйесінің суретін бейнелейтін карталарды кейде өзіндік гидрографиялық деп те атайды. Олардың мазмұнына қарай гидрографиялық торлардың нақты суреттері мен анықтамалық сипаттағы карталар болып бөлінеді. Біріншісі аумақтың сумен қамтылу келбетін көрсетеді. Мұндай жағдайда берілген масштабта өзен мен көлдің нақты бейнеленуі үшін ұмтылады. Қазіргі таңда жер беті суларын кешенді жоспарда пайдалану мен едәуір кеңістікті сумен қамтуды бағалау қажеттілігіне байланысты карталардың мәні ұлғайып отыр. Бір қарағанда, дәстүрлі фотомеханикалық әдісті пайдалана отырып осындай карталарды құрастыру өте қарапайым. Дегенмен, түпнұсқаны 8-10 есе кішірейту кезіндегі құрамды жұмыс көп еңбек сіңіруді қажет етеді және жақсы географиялық дайындықты қажет етеді. Шектеулі графикалық мүмкіншіліктер кезінде (сызықтың қалыңдығы, иілу сипаттамасы, т.б.) өзен жүйесін толығымен бейнелеу, олардың басты су ағысы және әртүрлі рангалы салаларымен көрінетін, әрбір өзен жүйесінің құрылымын көрсетіп тұратын жер бедерінің тілімделуімен байланысын, өзен бұлақтарының мәні мен олардың сағасының сипаттамасын анықтау мәселелері тұр.


Ұқсас карталарды автоматты түрде құрастыру әдісі танымал. Осыған сәйкес дереккөздердегі желіні сандау қадамы қазіргі деңгейінен кішіреюге дейін және көлдердің гидрографиялық иректелуі сипатына байланысты алынады. Сонымен қатар, міндетті сандаудағы нүктелер массиві бөлініп тұрады, мысалы өзен ағысының күрт өзгеруі (орографиялық бұлтарыс), өзен сағасы мен бастауы, негізгі өзендердің құйылу орны мен олардың тармақтары және т.б. Өзен торларының осындай жағдайда салынған суреті бірнеше геометриялық сипатқа ие және қосымша географиялық редакциялауды қажет етеді.
Анықтамалық гидрографиялық карталарда өзен және көлдер торының суреті едәуір жалпылау түрінде беріледі, бірақ олардың мазмұнын байыту қосымша сипаттамалар есебінен жүреді. Мысалы: өзеннің ұзындығы (км), көлдің бетінің ауданы және суқоймасы (км2), өзеннің иректелуінің коэффициенті, сарқырамалардың болуы және ағыстың басқа да ерекшеліктері. Сондықтан нақты анықтамалық-гидрографиялық карталардың мазмұны әртүрлі. Ол көбіне жергілікті жердің физикалық-географиялық ерекшеліктеріне және картографиялау мәселелеріне тәуелді. Анықтамалық көрсеткіштерді таңдау кезінде олардың гидрологиялық мәніне көңіл бөледі. Сонымен қатар, өзендердің ұзындығы бойынша қарапайым бөлінісі, кіші (100 км-ге дейін), орташа (100- 500 км-ге дейін) және ірі 500 км-ден жоғары. Өзендердің бөлінісі едәуір деңгейде олардың су сақтағыштығына сәйкес келеді: 100, 100- 1000 дейін және 1000-н жоғары м3/с.
Өзендер мен көлдердің жиі орналасу және оларды құрастырушы карталардың мазмұны өңделген. Мұнда әртүрлі көрсеткіштер пайдаланылады: өзен торының ұзындығы (км), көлдердің саны (кейде көлдің бетінің жалпы ауданы км2). Сәйкес көрсеткіштерді есептейтін аймақтар үшін, ірі масштабтағы топографиялық карталар бетінің ауданы немесе белгілі бір өзеннің сужинаушы алқаптары алынады.
Орта және ұсақ масштабтағы карталарды құрастыруда орташа сандық көрсеткіштер қарапайым аудандар орталығына жатады. Дискретті мәліметтерді аймақ бойынша тарату үшін екі әдіс қолданылады: сандық көрсеткіштері бойынша аудандастыру (сандық фон) немесе изосызықтар жүйесі.
Өзендер мен көлдердің жиі орналасу карталарының легендасын құрастыру кезінде осы сипаттардың күрт өзгеруін айқын көрсететін градацияларды таңдап алу керек. Осындай карталардың легендасын белгілі болуы үшін және әртүрлі аймақтарда карталарды салыстыру үшін легенда құбылысқа жазбаша анықтама беру керек.
Су жинаушы алқаптардың карталарында өзінің масштабына қарай белгілі бір рангіның аумақтық бірлігі байқалып тұрады: әртүрлі тәртіптегі салалары бар, ашық теңізге немесе белгілі ұзындықтағы өзенге шыға алатын, мұхиттар мен теңіздердің, өзендердің су жинаушы алқаптары. Мұндай карталардың барлығы белгілі бір мағына және өзіндік міндетке ие. Мысалы, 10-50 мың. км2 (ұзындығы орташа өзендер) көлемді су жинаушы алқаптар картасы ылғалдылығы жеткілікті зоналар жағдайындағы жер беті суларының зоналық қалыптасу жағдайын көрсетеді. Сужинаушы алқаптардың сипаттамалары үшін қолданылатын көрсеткіштерде әртүрлі болып келеді. Олар аумақтың шаруашылықта игерілуі мен табиғи ерекшелігіне тәуелді. Ауданы, ормандылығы, батпақтығы, мелиоративті және гидротехникалық игерілу қарапайым көрсеткіштерге жатады. Су жинаушы алқаптардың сипаттамаларын алу үшін басты дереккөз ретінде ірі масштабты карталар болып есептеледі. Картографияланатын құбылыстарды бейнелеу тәсілі су жинаушы алқаптар картасында дәстүрлі түрде болады: сызықтық белгілер суайырықтар жиегі үшін; картограммалар, оның ішінде қосылған және үштік картограммалар ормандылықты, батпақты және басқа да алқаптың салыстырмалы сипаттамаларын көрсету үшін; алқаптың ауданы мен олардың орташа еңістігі графикалық түрі бойынша әртүрлі картодиаграммалар, орман массивтері мен жыртылған жерлердің көлемін көрсету үшін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет