Бақылау сұрақтары:
Гидрология карталарының типтері?
Гидрология карталарының мазмұнында не көрсетіледі?
Картаның легендасын құрастыру тәсілі.
Гидрология карталарын безендіру әдістері.
Карталарды құрастыру принциптері.
ТОПЫРАҚТЫҚ КАРТОГРАФИЯЛАУ
Топырақ картасы мазмұнының географиялық-генетикалық негізі
Топырақтық картографиялау ауыл шаруашылық және ғылыми географиялық қауымдастық үшін тағайындалуымен байланысты, сонымен қатар тақырыптық картографиялаудың жоғары дамыған саласы болып табылады. Топырақтық картографиялау В.В.Докучаев идеясында құрастырылған топырақтың генетикалық жіктелуі мен жүйеленуіне негізделеді. Топырақ жамылғысын зерттеу халықшаруашылық мәселелерін шешу мен тәжірибелік шараларды жүргізу үшін қажетті мәліметтер береді. Ауыл шаруашылығының қарқындалуымен жер ресурстарын тиімді пайдалану жер қорының сандық есебі мен сапалық бағалауын талап етеді.
Топырақ – климаттық және биологиялық факторлар әсерінен топырақ түзуші процестер негізінде аналық жыныстардан дамитын, белгілі бір генетикалық горизонттардың бірлігінен тұратын және жер бетін жауып тұратын табиғи дене. Әрбір топырақтың қасиеті заттардың айналуымен араласу заңдылығын көрсете отырып, тереңдеген сайын өзгереді. Бұл топырақтың бірінші ерекшелігі. Нәтижесінде генетикалық қиманың нақты құрлысымен ерекшеленетін топырақтың типі мен түрі пайда болады.
Топырақтың екінші ерекшелігі – олар горизонтальды бағытта өзгереді, біртіндеп бір белгісі жойылып екіншісі пайда болады. Олар әртүрлі топырақтардың қалыптасуына әкеледі. Топырақтардың біртіндеп өзгерілуі, бірнеше шақырымға жететін, ені әртүрлі жолақтардың қалыптасуын туғызады.
Топырақ жамылғысы – бұл аймақтарда дамитын топырақтардың бірлігі. Бұл горизонталды жағдай топырақтың созылуыменен, ал вертикальды жағдайы, оның қалындығыменен анықталатын үш өлшемді дене.
Топырақ картасы жер ресурстарын есептеу, топырақ жамылғысындағы заңдылықты анаықтау және топырақтың географиялық таралуын көрсету үшін құрастырылады. Олар агротехникалық және мелиоративті шаралар көмегімен жерді тиімді қолдану және оның құнарлығын көтеру үшін топырақ сапасына баға беру мүмкіндік береді.
Қазіргі топырақ карталарында топырақ жамылғысының құрамы және оның құрлымы көрсетіледі. Топырақ жамылғысының құрамы және оның құрлымы деген - бұл топырақ жамылғысы құрлымының белгілі типі, оған кіретін топырақтардың құрамы, сондай ақ, кеңістіктіктегі комбинациясы (горизонтальды құрлымы).
Ірі масштабты топырақ карталарын құрастыру үшін негізгі мәліметтерге топырақтың генетикалық қима сипаттамасымен далалық зерттеулер және топографиялық карталарға немесе әуесуретке еңгізілген әрбір топырақтың таралған ареалдары жатады.
Ұсақ масштабты топырақ карталары ірі масштабты карталарды жалпылау негізінде құрастырылады, ал аз зерттелген аймақтардың карталары далалық және маршруттық зерттеулер мәліметтері бойынша.
Соңғы жылдары топырақ картасын құрастыру кезінде ара қашықтықтан зерттеу мәліметтері кеңінен пайдаланады. Сонымен бірге, табиғи ортада топырақ және басқа да компоненттер арасындағы байланыстарды қалыптастыратын, топырақ түзілудегі жергілікті физикалық-географиялық жағдайы туралы мәліметтер қолданылады.
Топырақтың жіктелуі – маңызды қасиеттері, пайда болуы және құнарлығы ерекшеліктері бойынша топырақтарды топарға бірігуі - - генетикалық принциптер негізінде қалыптасады. Топырақ түзуші жағдай мен үрдістер, адамның шаруашылық әрекетінің нәтижесінде қалыптасқан топырақтың негізгі қасиеті мен құрамы есепке алынады. Қазіргі кездегі жіктелуінде топырақ жамылғысының морфологиясын есептеледі.
Дүние жүзінің топырақ жіктелуінің схемасында топырақтың тұқымдастық, генерациясы және геохимиялық ассоциациясы бөлінеді.
Тұқымдастық - топырақ кескінінің біртекті құрылымы бар, әртүрлі биоклиматтық зоналар мен белдеулердегі топырақ тобы. Мысалы, жартылай гидроморфты суббореальды, субтропиктік және тропиктік белдеулеріндегі сортаң топырақтары сортаң тұқымдасына бірігеді, ал күлгін және қоңыр күлгін топырақтар – элювийлі-күлгін сиаллитті топырақтарда бірігеді с.т.б.
Топырақ түзуші минералдық өнімдердің әртүрлі құрамы кезінде қалыптасуын сақтап қалатын топырақ тұқымдастығы бір топырақ генерациясында бірігеді. Дүниежүзінің топырақ жіктелуінде шамамен топырақтың 29 генерациясына біріккен 40 басты тұқымдастығы бар.
Топырақ генерациясы ассоциацияда бірігеді. Бір асссоцияға бірігетін топырақтар: а) барлық топырақ қабаттарында белгілі бір типтегі минералды заттардың балансы және б) қайта түзілу үрдісімен байланысты гравитациялық ылғал горизонтының болуы немесе болмауы. Топырақ ассоциациясы – бұл топырақ түзілудің негізгі бағыты. Дүние жүзінің барлық топырақтары 12 ассоциацияда бірігеді. Топырақтың бір ассоциациясы қышқылды-сілтілі және қышқылды-қалпына келу жағдайларымен ұқсас сонымен қатар, топырақтың органикалық бөлігі құрамының (қарашіріктің топтық құрамы, торф) ұқсастығына ие.
Осы деңгейден төмен негізгі картографияланатын категориялар бөлінеді: типтер, типшелер, тегі мен түрі. Төменгі таксономиялық категорияларға разрядтар және топырақтың түрлері және пішіндері жатады.
Топырақ типі қосымша қабаттарға байланысты типшелерге бөлінеді. Олар топырақтың берілген типінің басқалармен байланысатын көрсетеді
Мысалы, күлгін типі келесі типшелерге бөлінеді: нағыз күлгін, күлгін-күлгенше, шымды-күлгін, шымды топырақтар. Осылайша, қара топырақтарда бөлінеді: күлгін, сілтілі, жай қара топырақ және оңтүстік қара топырақтар.
Типшелер текке (род) бөлінеді – топырақ түзуші жыныстармен байланысты кескіннің сапалық ерекшеліктері бойынша, грунт суларының химиясы немесе тағы басқа көрсеткіштері пайдалынады.
Топырақ түрлері қабаттың қалындылығында, қарқындылығында пайда болатын негізгі процестің дамуы бойынша бөлінеді. Карбонаттар, тез еритін тұздардың кеңістіктік орналасуы мен құрылымымен анықталады. Мысалы, топырақтың келесі түрлері бөлінеді: гумусы аз қара топырақтар, орта гумусты қара топырақтар т.б. немесе әлсіз, орташа және қатты күлгін топырақтар.
Топырақ түрлері сондай –ақ, механикалық құрамы (құмды, сазды, саздақты), тілімденуі, игерілуі және т.б. көрсеткіштері бойынша бөлінеді.
Негізгі таксономиялық бөлімшелерден басқа топырақ бірлестік пен кешендерге бөлінеді. Бірлестік – бұл топырақ комбинациясы, олар өзіндік ерекше шаруашылық пайдалануға ие, бір-бірімен ажыратылатын топырақтың ірі ареалдары (мезорельеф). Бірлестікті анықтайтын факторлар топырақ түзілуіне тәуелсіз.
Кешендер – бұл топырақтардың үнемі алмасып отыратын ұсақ дақтарымен топырақ комбинациясы.
Кешендердің пайда болуын анықтайтын факторлар топырақ түзілумен тығыз байланыста және топырақ кешенінің қалыптасуымен бірдей өзгеріп отырады. Жерді шаруашылықта пайдалануы топырақ кешеннің жалпы қасиетімен анықталады.
Бұрынғы КСРО аумағында топырақ жіктелуіне 100-ден астам топырақ типтеріне бөлінеді, әр қайсысы оншақты типшелерге, тектерге және түрлерге бөлінеді.
Соңғы жылдары топырақтанушылар органикалық және минералды заттардың шоғырлануының тілімделу деңгейі және пішінін, әртүрлі көлемдегі топырақ ареалдарының комбинациясы мен бірлестігінің арқасында қалыптасқан, топырақ жамылғысының құрылымын картографиялау мен зерттеуге үлкен көңіл бөліп отыр.
Шет елдерде топырақ карталары мазмұны бойынша әртүрлі. Оларда топырақ номенклатурасына және жүйесіне, бейнелеу әдісіне көзқарастар әртүрлі. Әсіресе ірі масштабтты карталар қатты ерекшеленеді.
Достарыңызбен бөлісу: |