8 Қазақ халкындағы батырлык дәстүрлер - Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батырдың әлеуметтік-рухани
беделі мен болмысын айқындау;
- Қазақ қоғамындағы батырлыққа тәрбиелеу мен баулу ісін
ашып қарастыру;
- Дәстүрлі қазақ қоғамында ерекше әлеуметтік жік ретінде
қалыптасқан қазақ батырларының қару-жарақ түрлері мен
олардың қолданыс ерекшеліктерін, соғыс жүргізу әдіс-тә-
сілдерін сараптау.
Оқу үдерісінде алатын білімдер - «Батыр» этимологиясының ұғымдық, терминологиялық мэ-
селелері талданып, элеуметтік табиғатын білу;
- Отан тарихы ғылымында батыршылық институтын дәстүр-
лі қазақ қоғамының әлеуметтік феномені ретінде қарастыру;
- XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы қазақ қоға-
мының ішкі саяси кеңістігінде барлық белгілері бойынша
жетекші орынға ие болған батырлар институтының ішкі
саяси жүйедегі элеуметтік-экономикалық қызметі негізінен
«барымта», «олжа», «сауға» тэрізді ұғымдарымен байла-
ныста қарастыру арқылы талдау;
- Батырлардың елшілік қызметін сараптау арқылы қазақ қоға-
мындағы олардың сыртқы саяси рөліне назар аудару;
- Батырлардың әлеуметтік топ ретіндегі рухани-моральдік
бет-бейнесі мен негізгі қызметтерінің қазақ қоғамының
жалпы рухани құндылықтар жүйесіндегі орнын сараптау;
- Қазақ қоғамындағы батырлыққа тәрбиелеу мектебі мен ба
тырлык өмір салтының этнопедагогикалық жүйедегі орны-
ның тарихи тамырлары қарастырылды.
Дәстүрлі қазақ қоғамындағы батыршылық институты мәселесінің деректік негізі. Мәселенің деректік негізін қарасты-
ру барысында тақырыпқа қатысты деректерді негізінен екі топқа
бөліп қарастырдық:
1. Жазба деректер мэліметтері.
2. Ауызша деректер мәліметтері.
Бірінші топты күрайтын жазба дерек мэліметтерін өз ішінде екі
топқа - ортағасырлық жазба деректер мен орыс тіліндегі мұрағат