Кіріспе 7 қазақ қоғамындағы батыршылық институтының атқарған қыз-
меттерін талдау олардың дәстүрлі қоғамының саяси элитасының
ажырамас бөлігі екендігін ғылыми саралау аса өзекті мәселелер-
дің бірі болғанын көрсетеді. Бұл пэн батыршылық институтының
қазақ қоғамындағы эскери істің, мемлекеттік басқарудың жэне
мэдени дамуға елеулі үлес қосқан элеуметтік институттың бірі
екендігін оқытады. Батыршылық институтының тарихи рөлі мен
маңызын тек эскери тұрғыдан ғана зерделеу дұрыс емес. Батыр-
лардың қазақ қоғамының саяси-қоғамдық, мэдени жэне элеумет-
тік-этникалық өміріндегі маңызына ерекше назар аудару қажет.
Сондықтан да батыршылық институтына тэн қызметтерді
жан-жақты зерттеу қазақ мемлекеттігі тарихын қалпына келтіру-
ге өте қажетті саланың бірі деп есептейміз. Тақырыптың өзекті-
лігі оның бүгінгі тарих ғылымының сұранысымен, яғни дәстүрлі
қоғамға тэн элеуметтік институттарды қоғамның өзіндік мәдени-
қоғамдық дамуының ерекшеліктері тұрғысынан зерттеу қажетті-
лігімен де айқындала түседі.
Курстың мақсаты мен міндеттері Пэннің мақсаты - XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысында-
ғы батырлар институтының генезисін, қалыптасу, даму тарихын
және қазақ қоғамының сыртқы саяси өміріндегі атқарған қоғам-
дық-саяси қызметтерін дэстүрлі қоғамның рухани құндылықтар
жүйесіндегі орнымен байланыста зерттеу болып табылады. Ай-
қындалған мақсатқа жету үшін зерттеу барысында төмендегідей
міндеттер қойдық:
- «батыр» ұғымы мен мэніне талдау жасай отырып, қазақ қо-
ғамының әлеуметтік құрылымындағы өзіндік орны мен рө-
лін саралау;
- батыршылық инситутының пайда болуы, тарихи алғышарт-
тары, қалыптасуын тұтас кешенді үрдіс ретінде көрсете
отырып, оның жеке әлеуметтік институт ретінде қалыпта-
суының негізгі кезеңдерін анықтау;
- XVIII-XIX ғасырдың алғашқы жартысындағы батыршылық
институтының элеуметтік-ішкі саяси қызметін нақты талдау;
- батыршылық институтының сыртқы саяси қызметіне баға беру: