А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Тҥбекте екі мемлекеттің қҧрылуы



Pdf көрінісі
бет25/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Тҥбекте екі мемлекеттің қҧрылуы.
Екінші дүниежүзілік 
соғыстан кейін Кореяның экономикасы айтарлықтай зардап 
шекті. Елдің солтүстігінде тау-кен ӛнеркәсіптері және ауыр ӛн-
діріс орындары шоғырланды. Ал оңтүстікте ауылшаруашылық 
ӛндірісі және жеңіл ӛнеркәсіптер болды. 1945 жылы Корея жар-
ты аралын екі жеке мемлекетке бӛлу дәстүрлі шаруашылық бай-
ланыстарынан ажырату болды. 
Бастапқы кезде Кореяны 38-ші параллель бойынша бӛлу 
уақытша болып жоспарланды, ол американдық және кеңестік әс-
керлердің жапондықтарға қарсы соғысын алдын алу үшін бас-
талған болатын. Сосын азаматтық ӛмірді бір қалыпқа келтіру 


38 
және оны ӛзін-ӛзі басқаруға даярлау үшін жауапты аймақ болу 
керек болды. Алайда, АҚШ пен КСРО-ны соғыстан кейінгі 
әлемді бейбіт жолмен реттеудегі әртүрлі бастамалар «қырғи-
қабақ соғыстың» басталуына алып келді, ал Корея жарты аралы 
кӛп жылдар бойы екі ұлы держава арасында әртүрлі әлеуметтік 
лагерьдің бәсекелестік сахнасына айналды. 
Корея азат болған соң елде кӛптеген халық комитеттері, 
саяси партиялар және қоғамдық ұйымдар құрылды. Солтүстік 
Кореяда коммунистер белсенділік кӛрсетті, ал 1945 жылы қа-
занда олар Корея Еңбек партиясына бірікті. Солтүстік Кореяда 
жер реформасы туралы заң қабылдады, транспортты, байланыс-
ты, банктерді, сыртқы сауданы, ӛндіріс орындарын мемлекет қа-
рамағына ӛткізді, әйелдерге теңдік жарияланды. 
1948 жылы мамырда Оңтүстік Кореяда Ұлттық жиналысқа 
сайлау болып, мемлекет 
Корея Республикасы
(КР) деп жария-
ланды. Конституция қабылданып, елдің президенті 
Ли Сын Ман

ал астанасы Сеул қаласы болды. 
1948 жылы тамызда Солтүстіктегі маңызды қадам Корея 
Халық жиналысына сайлау болып, басшысы 
Ким Ир Сен
. Осы 
жылы қыркүйектің 9 күні (ХЖ-ның 1 сессиясында) 
Корея Ха-
лықтық-Демократиялық Республикасы
(КХДР) жарияланып, 
жаңа мемлекеттің астанасы Пхеньян қаласы болды. 
Бӛлек екі мемлекет құрылғанымен 38-ші параллель үнемі 
соғыс алаңы болып қала берді. Қайшылықтың ӛршуі салдары-
нан 1950 жылы 25 маусымда Солтүстік пен Оңтүстік арасында 
қарулы шиеленіс болды. Корея жеріне Американдық десанттар 
түсірілді, кеңестер де тәжірибелі әскери мамандар мен ұшқыш-
тарды түсірді, оларға қытайлық жауынгерлер де кӛмекке келді. 
Тек 1953 жылы 27 шілдеде екі жақты келіссӛз арқылы соғыс 
аяқталды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет