35
Шаруалардың жерін тартып алып оны жапон компания-
ларына немесе қонстанушылардың жекеменшігіне беру туралы
шаралар қабылданды. Сыртқы сауданы толықтай монополия
жасады. Кәсіпкерлік істерде жергілікті халыққа шектеулер қо-
йылып, жапондықтармен салыстырғанда барлық салада кәріс
ұлтындағылар тӛмен жалақы алып отырды.
Осындай жағдай езілген халықты ұлттық тәуелсіздік үшін
белсенді күресуге итермеледі. Жапондық отарлық үстемдікке
қарсы алғашқы жаппай ереуіл болды.
1919 жылы ақпанда ұлтжанды бағытындағы бірқатар қыз-
меткерлер тәуелсіздікті талап ететін құжат дайындап, оны бір
мезгілде - жапон парламентіне, генерал-губернаторға және
Париж бейбіт конференциясына жіберуге шешім қабылдады.
Сосын оны елде бейбіт демонстрация ӛткізумен жалғастыру
қолға алынды. Демонстрация ӛткізу уақыты 1 наурыз күні деп
белгіленді. Осы күні кӛптеген демонстрациялар тәуелсіздік ұра-
нымен Кореяның кӛптеген ірі қалаларында ӛтті. Біртіндеп жап-
пай толқулар бүкіл елді қамтып, ол бірнеше айларға дейін со-
зылды. Жапон үкіметі оларға аяусыз шаралар қолданды, кӛп
адам қаза болып, жараланды. Қазіргі кезде осы тәуелсіздік үшін
болған корей халқының жаппай бас кӛтерулері болған 1 наурыз
екі корей мемлекетінде де "Ұлттық мереке күні" деп тойланады.
Кореяда болған оқиға Жапония, Қытай және Ресейдегі ко-
рей елді мекендеріне де әсер етті. Шанхайда ӛмір сүріп жатқан
корейлер 1919 жылы сәуірде Корея ұлттық конгресі, уақытша
парламент және үкімет құру үшін жиналыс ӛткізіп, оны АҚШ
бағытына қарай саясат ұстанған
қайраткер
Ли Сын Ман
басқарды.
Достарыңызбен бөлісу: