А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


«Мәдени революция» (1966-1976 жж.)



Pdf көрінісі
бет39/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

«Мәдени революция» (1966-1976 жж.). 
Бірінші кезеңі. 
1960 жылдардың ортасында Мао Цзэдунның қызыметін наси-
хаттау басталды. Оның еңбектері миллиондаған данамен тара-
тылды. Алайда, Қытай қоғамы үшін бұған сену қиындай түсті. 
Сол үшін Мао ӛз тәсілін ӛзгертті. 1964 жылдың ӛзінде ҚКП ОК-
нің жабық мәжілісінде партияны кең кӛлемде «тазалау» үшін 
кезекті науқанға дайындық мәселесі талқыланды. ЛюШаоци жә-
не Дэн Сяопин бұған қолдау кӛрсетті, алайда, Мао бұл жұмысты 
ӛз әйелі 
Цзян Цин
және 
Линь Бяоның
басшылығындағы радикал-
дар тобына берді.
1966 жылы мамырда болған ҚКП ОК Саяси бюросында 
жаңа науқанның негізгі идеяларын іске асыру үшін күрес бас-
талды. Бұған бірнеше саяси қайраткерлердің мәселесі қаралып
жұмыстарынан босатылды, оның ішінде Пекин қаласының хат-
шысы Пэн Чжэнь, Орталық Комитеттің бӛлім меңгерушісі Лу 
Динь. ҚКП ОК «мәдени революция» ісіне байланысты армия құ-
рылғанын жариялады. Оны Маоның жақтасы, бұрынғы жеке 
хатшысы Чэн Бода басқарды, ал орынбасары Цзян Цин және 
Шанхай қаласының хатшысы Чжан Чуньцяо болды, кеңесшісі 
етіп Кан Шэнді тағайындады.
Мамырдың соңына қарай Пекин университетінде 
хунвей-
биндердің 
(қызыл күзетшілер) бірінші әскері жасақталды. Кейі-
нірек бүкіл Қытайда жастардан 
цзаофиндар 
(бүлікшілер) әскері 
құрылды.


59 
1966 жылы тамызда болған ҚКП Орталық Комитеттің ХІ 
Пленумында кӛптеген делегаттар қуғын-сүргінге ұшыраған бо-
латын, ал керісінше оның жұмысына хунвейбиндер ӛкілдері қа-
тысты. Пленумнан кейін Пекинде Мао Цзэдун мен Линь Бяо қа-
тысқан хунвенбиндердің бірнеше кездесу-митингілері болды. 
Осы кезде бүкіл елде хунвейбиндердің саны 40 млн. адамға жет-
ті. Олардың басшылары буржуазиялық мәдениетке қарсы күрес-
ке шақырды: кітапханалдарды талқандау, ӛнер туындыларын 
жою т.б. Оның орнына Маоны дәріптейтін жаңа туындылар қо-
йылуы керек болды. Арнайы үгіт-насихаттың қолдауына сүйен-
ген хунвейбиндер мен цзаофиндер Қытайдың зайырлы халқына 
қатыгез күрес жүргізді. Кітаптар, архитектуралық ескерткіштер 
және ӛнер туындылары жойылды. «Жауларды» қайта тәрбиелеу 
үшін арнайы лагерлерге жіберді, онда олар ауыр жүмыстар істеді.
1967 жылы қаңтарда хунвейбиндер мен цзаофиндер 
Шанхайдағы билікті толықтай басқарды десе де болады. Мао 
Цзэдун ӛз жақтастарына осындай жағдайды бүкіл Қытайға жүр-
гізуге шақырды. Осы жылы хунвейбиндер Уханьда ӛз әрекет-
терін жүргізді. 
1968 жылы тамызда жоғарғы оқу орындары мен әртүрлі 
жоғары мекемелерде хунвейбиндер мен цзаофиндерді ұйымдас-
қан түрде жоя бастады, оларды қалалардан шалғай жерлердегі 
ауыл шаруашылық аудандарға жер айдады. 1968 жылы күзде 
ҚКП басшылары арасындағы әртүрлі топтар ішінде билік үшін 
талас басталды. Бүкіл елдің бұдан әрі даму мәселесіне қатысты 
болды. Ӛйткені 1967-1968 жж. ӛнеркәсіп ӛндірісі 15-20%-ға 
қысқарды, ауыл шаруашылығы құлдырап, елде тоқырау бастал-
ды. Астық шықпай қалды. Сауатсыздықты жою қарқыны бәсең-
деді. Ӛйткені жоғарғы оқу орындарының жұмысы тоқтап қалған 
болатын, ал кӛптеген ғылыми қызметкерлер мен инженер-тех-
ник мамандары қуғын-сүргінге ұшырады. «Мәдени революция-
ның» бірінші кезеңінің аяқталуына байланысты 1969 жылы 
кӛктемде ҚКП-ның ІХ съезінде Линь Бяо арнайы түрде Мао 
Цзэдунның ізбасары болып жарияланды. Сонымен бірге партия 
басшылығы құрамына Цзян Цин кірді. Партияның жаңа құрамы 
кӛсемге адал берілгендер қағидасы бойынша таңдап алынды. 


60 
Саяси бюро құрамында бұрыннан келе жатқан 
Чжу Дэ
және 
Чжоу Энлай
ғана ӛз орындарында қалды.
1969 жылы «мәдени революцияның» 
екінші кезеңі бастал-
ды
. Линь Бяо арнайы түрде Мао Цзэдунның ізбасары болып 
жарияланған соң Қытай басшылары арасындағы екі топ арасын-
да мазасыздық пайда болды. Оның бірі «мәдени революцияны» 
ұйымдастырып, жүргізуші Мао Цзэдунның әйелі Цзян Цин, ал 
екіншісі Мемлекеттік кеңестің премьері Чжоу Энлай. Дегенмен, 
1971 жылы түсініксіз жағдайда 
Линь Бяо
әуе апатынан 
қайтыс 
болды
.
1973 жылы басшылық құрамына Дэн Сяопин оралды, ол 
ҚКП Мемлекеттік кеңесі премьерінің орынбасары, Чжоу Энлай-
дың жақтасы болды. Алайда радикалдармен ауыр күрес жалғаса 
берді, оны тоқтату Мао Цзэдун қайтыс болғаннан кейін ғана 
мүмкін болды. 
1976 жылы 8 қаңтарда 
Чжоу Эньлай
қайтыс болды. Ал ол 
ауырып жатқан кезде оның міндетін Дэн Сяопин атқарған бола-
тын. 1976 жылы 9 қыркүйекте 83 жасында ҚКП ОК-нің тӛраға-
сы 
Мао Цзэдун
қайтыс болды.
Мао Қытайды ӛте ауыр дағдарыс жағдайында қалдырып 
кетті. Арнайы мәліметтер бойынша елде 20 млн. жұмыссыздар, 
100 млн. адам аштық күйін кешіп жатты. Негізгі азық-түлік кар-
точка арқылы берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет