85
Бірақ олардың мұндай үміті ұзаққа барған жоқ. 1924 жыл-
дың соңында Англияда үкімет басына қайтадан консерваторлар
келді. Үндістан мәселесі жӛніндегі министр лорд Биркинхед
болды, ал онымен келіссӛз жүргізу еш нәтиже бермеді.
Саймон комиссиясының қҧрылуы және ағылшын ҥкі-
меті мен ҤҦК арасындағы шиеленіс.
1927 жылы Саймон ко-
миссиясының
құрылғаны туралы жариялады (ағылшын заңгері).
Дж.О.Саймонның құрған бұл комиссиясының мақсаты
Үндістанның жаңа Конституциясының
жобасын жасау болды,
бірақ бұл жобаны жасаушылардың құрамы тек ағылшындар бо-
луы керек болатын. Алайда, комиссия мүшелері үнді саяси пар-
тиялары және ұйымдарымен ақылдасып отыратыны хабарлан-
ды. Бірақ Үндістанның қаншалықты ӛзін-ӛзі басқаратынын
ағылшындар шешетін болды. Үндістан саяси партиялары бұған
наразылық білдіріп, комиссия жұмысына байкот жариялады.
1927 желтоқсанда
ҮҰК-нің Мадраста болған сессиясын-
да ӛздерінің Конституциясының
жобасын жасауға арнайы ко-
миссия құрылды. Оны Мотилал Неру басқарды
(«Мотилал Ко-
митеті»)
.
1928 жылы
шілдеде комиссия
«Неру Конституция-
сының»
жобасын ұсынды. Дегенмен, 1928
жылы желтоқсанда
Калькутте болған партия аралық конференцияда бұл сәтсіздікке
ұшырайды. Орталық заңшығару жиналысында Мұсылмандар
Лигасы 1/3-орын сұрайды. Осыдан кейін мұсылмандар ӛкілі
Мұхаммед Әли Джинна конференциядан кетіп қалды. Осы
жылы ҮҰК-нің сессиясы Мотилал Неру жобасын қолдап, оны
ағылшындарға табыс етуді кӛздеді. 1929 жылы желтоқсанда:
ҮК-нің кезекті сессиясында Үндістанға тәуелсіздік беру туралы
мәселе қаралды.
Алайда, осы жылы
дүниежүзілік экономикалық дағдарыс
басталды. Әлемдік депрессия ауыл шаруашылық ӛнімін одан әрі
түсіріп жіберді. Салық ӛсті. Жері бар шаруалар жерге салық
тӛлеу үшін қатты қиналды. Олар жерге салықты тӛлей алмаса:
не жерінен айырылды, не қалаға кетулері керек, сол үшін бар-
лық үнді әйелі мұралық асыл бұйымдарынан айырылды. Тап
осы жылдары ӛте үлкен кӛлемдегі
- қымбат тастар мен металл
бұйымдары Үндістаннан Англияға ағылып жатты, ал бұл ағыл-
86
шындардың ӛз экономикасын тұрақтандыруға мүмкіндік берді.
Үндістанның бәсекелестікке келе алмайтынын біліп, ағылшын-
дар ӛз тауарларын кӛптеп енгізуге кірісті.
Достарыңызбен бөлісу: