87
1930 жылдың аяғында отарлық үкімет ҮҰК-нің ӛкілдері-
мен келіссӛз жүргізе бастады. Бірінші келісім түрмеде болды,
сосын 1931 жылы саяси келісім шартына қол қойылды. Англия
ҮҰК-нің мүшелерін Лондонға шақырады. Ал ҮҰК-сі болса
сатьяграх науқанын тоқтатуға уәде береді. 1931 жылы наурызда
Карачиде болған ҮҰК-нің кезекті сессиясында келісім бекітілді.
Тап осы сессияда болашақ тәуелсіз Үндістанның әлеуметтік жә-
не саяси қайта құрылуы туралы бағдарлама қаралды.
Сонымен
бірге ҮҰК бірінші рет Үндістанның тілдік ерекшеліктеріне қа-
рай әкімшілік-территориялық реформасы туралы айтылды.
Ағылшындар түрмеден бәрін босатқан жоқ, "террористер"
деп айыпталғандар босатылмады. Сондықтан Ганди-Ирвинг ке-
лісім шарты да бұзыла бастады. 1931 жылы қыркүйекте Ганди
Лондонға «дӛңгелек үстел» Конференциясына келді. Бірақ кӛп
ұзамай бұл жерді тастап кетуіне тура келді.
Теңіз арқылы еліне оралған
Ганди сатьяграхты қайта
ұйымдастыра бастады. Бірақ үкімет Гандиді және оның жақтас-
тарын түгел түрмеге қамады, ал ҮҰК-нің жұмысын конгресте
заңсыз деп жауып, оның қаржы жүйесі мен қорын тоқтатып тас-
тады. Бұл науқан 1933 жылы мамыр айына дейін жалғасты.
1933 жылы Ганди түрмеден босатылды. Осы кезде ҮҰК-
нің қызметі де ӛз жұмысын қайта бастады. 1934 жылы ҮҰК-сі
сайлауға қатысып, үлкен табысқа ие болды. Ал, Ганди ҮҰК
құрамынан шығып кеті. Бұл кезде оның беделі ӛте күшті болған
еді. Сондықтан ол қандайда бір басқа саяси қызметпен айналы-
суды ойлады.
1935 жылы
тамыз айында
Үндістанның жаңа Конститу-
циясы қабылданды.
Онда отарлық билік вице-корольдің қолын-
да болатындығы туралы айтылды, сол үшін бұл конституцияны
«құлдық»
деп атады. Вице-корольді
бұрынғыдай ағылшын ко-
ролі тағайындады және толық атқарушы билік құқығына ие бол-
ды. Үндістанда провинциалық автономия құрылды.
1936 жылы мамырда Лакхнау қаласында ҮҰК-нің сессия-
сы болды, онда партияның солшыл қанаты күшейе түсті. ҮҰК-
нің президенті болып жас кӛшбасшы
Джавахарлал Неру
сай-
ланды.
88
Екінші дүниежүзілік соғыс басталған кезде ҮҰК-сі британ
үкіметімен байланыс орнатып, олардан соғыстан кейін тәуелсіз-
дік беруді сұрайды. Бірақ бұл кейінге қалдырылды. 1940 жылы
жазда Батыс Еуропада соғыс қимылдары тез жүріп Франция тізе
бүгеді. Ал Англия Гитлер және Муссолинимен бетпе бет жалғыз
қалды.
1940 жылы маусымда ҮҰК бұрынғы талаптарын Англияға
қайта қойды, сонымен олар Үндістанға соғыстан кейін тәуелсіз-
дік беруге уәде берді.
1940 жылы наурызда Лахорда болған Мұсылман Лигасы-
ның сессиясы тарихи оқиға болды. Онда олар Үндістан құрамы-
нан шығып - Пәкістан мемлекетін құруды қолға алатындарын
жариялады.
Достарыңызбен бөлісу: