112
одақ, ереуіл, демонстрацияларға тыйым салды. Бұқаралық-ақпа-
рат ұйымдарының кӛпшілігі
жабылады, лаңкестік және күрт
сепаратистеріне қарсы белсенді күрес басталды.
1981 жылы 16 қазанда саяси партиялардың жұмысына тос-
қауыл болатын арнайы Заң қабылданып, олардың мүліктері
мемлекет қарамағына ӛтті. Кәсіподақтар қызметіне мүлдем
тыйым салынып, ереуілдер мен студенттер демонстрациялары
тоқтатылды. Жаңа конституция жобасын жасау үшін Құрылтай
мәжіліс құрылды. Оның құрамына
Ұлттық қауіпсіздік Кеңесі
және Кеңесші мәжіліс кірді: құрамы 60 адам. Ол 1982 жылы
7 қарашада болған референдумнан қолдау тапты, яғни оған ха-
лықтың 91% қолдау кӛрсетті.
Елде экономикалық либералдану саясаты басталды: мем-
лекет бағаға күшті бақылау орнатудан бас тартты, оның еркін
құрылуына мүмкіндік жасалды; мемлекеттік экономикалық
ұйымдардың қызметкерлері мен
басшыларының саны екі есеге
дейін қысқарды. Мемлекеттік секторға қарайтын ӛнеркәсіптер-
дің несие, шикізат және қызмет кӛрсетудегі жеңілдік алу мүм-
кіндіктері жойылды. Шетелдік салымшылар үшін шектеулер
алынды, нәтижесінде жыл сайын 17 мыңға дейін ортақ ӛнеркә-
сіптер ашылды.
Осыдан кейін әскерилер билікті азаматтық басқару қолы-
на беруді жӛн кӛрді. 1983 жылы 22 сәуірде Түркияда саяси пар-
тиялар құру туралы Заң қабылданды: онда 5 жылдан 10 жыл
аралығында елдің саяси ӛміріне араласқан бұрынғы саяси пар-
тия басшылары мен танымал саясаткерлер қызметіне тосқауыл
қойылды. Заңда жоғарғы оқу орындарының
саяси қызметі мен
студенттердің саяси күресіне де тыйым салды. 1983 жылы 10
қазанда сайлау туралы Заң қабылданып, онда да кӛптеген іс-ша-
ралар қаралды. Тұрғыт Озал тек танымал экономист қана емес,
сонымен бірге кӛрнекті саясаткер де бола білді. Ол ӛзі құрған
Отан партиясында үлкен беделге ие болып, алдағы сайлауға
жақсы дайындалды.
1983 жылы 6 қарашада парламенттік сайлау болып,
Т.Озалдың Отан партиясы жеңіске жетті. Екінші орында ХП,
үшінші орында ХДП болды. Тұрғыт Озал тез арада экономикаға
113
мемлекеттік бақылау орнатты. 1984 жылы мемлекеттік сектор-
дың кейбір бӛлігі жекешелендірілді. 1985 жылы маусымда еркін
сауда аймағы туралы Заң қабылданды. Экономикалық қайта
құрулардың нәтижесі ӛте жақсы болды. Ішкі кіріс 5,5%-ға ӛсті,
экспорт 10 млрд. долл. құрады. Түркия тез арада гүлденді: тас
жолдар жаңа коммуникация,
халықаралық байланыс, туризм,
қызмет кӛрсету саласы т.б. дамыды.
1989 жылы қазанда Т.Озал тағы да президент болып сай-
ланды, ал премьер-министр Б.Эджевит болды.
1993 жылы
Тұрғыт Озалдың
кенеттен қайтыс болуына
байланысты елдің президенті Сүлейман Демирель болды.
1995 жылы 24 желтоқсанда кезектен тыс парламенттік
сайлау болып,
Н.Эрбаканның
Игілік партиясыкӛпшілік дауысқа
ие болды, екінші орында Отан партиясы, ал үшінші орында Әділ
жол партиясы. Осы сайлаудан
кейін премьер-министр
Тансу
Чиллер
басқарды, ал 1996 жылы қыркүйекте үкіметті Игілік
партиясының кӛшбасшысы Н.Эрбакан басқарды. 1998 жылы
Н.Эрбаканның орнына премьер-министр болып Демократиялық
солшылдар партиясынан Б.Эджевитт сайлады.
2000 мамырда Түркияның жаңа президенті
Ахмед
Недждет Сезер
болды. 2002 жылы 4 қарашада парламенттік
сайлау болып,
Әділет партиясынан
Реджеп Эрдоған
жеңіске
жетті.
Достарыңызбен бөлісу: