А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Мҧнай компаниясын мемлекет қарамағына ӛткізу



Pdf көрінісі
бет78/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Мҧнай компаниясын мемлекет қарамағына ӛткізу 
ҥшін кҥрес.
М.Моссадык ӛте табанды жұмыс істеді: екі айдың 
ішінде барлық мұнай шикізаттары арнайы құрылған Иран мұнай 
компаниясының қолына берілді, ал 1951 жылы қазанда Иранда 
жұмыс істеп жүрген барлық ағылшындар қызметтерінен боса-
тылды. Алайда, АИМК-ның акциясының кӛп бӛлігі ағылшын 
үкіметіне тиесілі болатын, сондықтан бұл жағдайдың барлығы 
саяси шиеленіске алып келді. 
Англия тез арада Гаагадағы Халықаралық сотқа жүгінді, 
яғни онда статус-квоны сақтай отырып, бұл жанжалды келіссӛз 
арқылы шешу туралы ұсыныс жасады. 1951 жылы күзде 
М.Моссадык ресми сапармен АҚШ-қа барып президент 
Г.Трумэнмен арнай келісім жасады. Нәтижесінде Америка 
Иранға займ беруден бас тартты. 
Кӛп ұзамай Иранда мұнай ӛндіру шиеленіске байланысты 
тоқтап қалды, Абадандағы мұнай тазалау заводы тоқтады, басқа 
да мұнай ӛндіру орындары жабылды. Англия мұнай ӛндірісіне 
керек жабдықтар мен кемелерді алып кетті, Иранды мұнай ӛнді-
ру каналдарынан айырды, шетелдегі Иранның қаржы жүйелерін 
тоқтатты. Бұл Иран экономикасына ӛте ауыр соққы болып тиді, 
елдің қаржы жүйесі нашарлады. М.Моссадык бұған қарсы әре-
кет жасады, 1952 жылы 30 шілдеде Ирандағы барлық ағылшын 
банкінің қаржы операциялар тоқтатылды және Ирандағы 9 


124 
ағылшын елшілігі жабылды. Алайда мұның барлығы Иранның 
экономикалық мәселесін шеше алған жоқ. 
1953 жылы 19 тамызда М.Моссадык орнынан кетті, жаңа 
премьер-министр шахтың күйеу баласы, генерал 
Захеди
М.Моссадыкты тұтқынға алды, сӛйтіп ол 2 жылын түрмеде ӛт-
кізді. Ал осы жылдары Англиямен болған даулы мәселе реттеле 
бастады. 1953 жылдан бастап дипломатиялық байланыс қайта 
орнады, ал 1954 жылы сәуірде Халықаралық мұнай консорциу-
мын құру туралы келісімге қол қойылды. Оның мәні мынадай 
болды: АИМК-ның 60% акциясы 7 шетелдік компанияға берілді, 
яғни олар 390 млн. фунт ст. кӛлемінде ақы тӛлеу, оның
240 млн. ф.ст. қолма-қол берді, 5% акция - американдық компа-
нияға берілді, 14% - ағылшын-голландтық «Ройал-Датч-Шелл» 
корпорациясына, 6% - француздарға т.б.; ал 40% акция АИМК-
тың ӛзіне тиесілі болды. Консорциум Ирандағы мұнай ӛндірісін 
және мұнай тазалау заводтарын 25 жыл пайдалануға құқық 
алды. Айта кету керек, ол кезде ирандық мұнайдың табысының
1 тоннасы - 1,2 долларды құрады, ал кіріс тоннасына -
12,5 долл. болды, бұл әлемдегі мұнай бизнесінің ең жоғарғы 
кірісі болатын.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет