116
делегациясын Мәскеуге жіберді, екі жақты қарсыластық кезінде
мүмкіндікке ие болам деп үміттенді.
Осы кезде саясатқа армия араласты. Бригада базасынан
жаңа құрылған девизия командирі подполковник
Реза-хан
1921 жылы 21 ақпанда
ӛз бӛлімшесін
Тегеранға кіргізіп
, мемле-
кеттік тӛңкеріс жасады. Ол ӛзі әскери министр орнын иемденіп,
үкіметті ауыстырды.
1921 жылы 26 ақпанда
Мәскеуде
кеңес-иран келісіміне
қол қойылды. Кеңестік Ресей Каспий теңізіндегі бірнеше аралды
Иранға берді. Ал 5-6 бапта Иран территориясына орыс әскерін
кіргізу туралы айтылды.
1921 жылы
мамырдан бастап
елдегі нақты билік әскери
министр
Реза-ханның
қолына кӛшеді. 1921 жылдың күзінен
1922 жылдың кӛктеміне дейін ол Ирандағы сепаратистік кӛтері-
лістерді басты. Оның талабы бойынша ағылшын әскері, қаржы-
гер кеңесшілері Иранды тастап кетті.
Орталық билік бекіді: ел 6 облысқа бӛлініп, оның әрқай-
сысында әскери жағдай енгізіп, билік әскери губернаторлар қо-
лына кӛшті. Барлық түрдегі әскери бӛлімшелер әскери министр,
яғни олар тікелей Реза-ханға бағынды.
1923 жылы Реза хан
елдің батысындағы күрдтер мен лур-
лардың сепаратистік бас кӛтерулерін толық басып жаншыды.
Сӛйтіп ӛзінің -
«Жаңару»партиясын құрды.
1923 жылы қазан
айынан
бастап
Реза-хан премьер-министр болды
. Ол Ахмед-
шахты біржолата шетелде қалдырды. Оның жеке беделі тез ӛсе
бастады.
1925 жылы ақпанда мәжіліс оған
Жоғарғы қолбасшы титу-
лын берді (Иранда ол шах). Осы кезде Реза-хан құрған «Жаңа-
ру» партиясы - алыпсатарлықты жою, Иранның ұлттық беделін
күшейту туралы реформа жүргізу үшін насихат жұмысын жүр-
гізді.
Реза-хан шейт дініне қолдау кӛрсетеді. Спирт ӛніміне
тыйым салады т.б. діни мораль. Ол үкімет құрамына кӛрнекті
діни ӛкілдерді кіргізеді. Осы уақыт ішінде Каджарлар әулеті
біржолата жойылды.
117
1925 жылы 31 қазанда шах орнын мәжіліс Реза-хан қолы-
на береді. Ал 1925 жылы 12 желтоқсанда шақырылған Құрылтай
жиналыс Реза-ханды жаңа династия Пехвелидің шахы деп та-
ғайындады.
Достарыңызбен бөлісу: