114
ты. Сонымен бірге Түркия Қара теңізі жағалауы елдерімен және
Иран, Пәкістанмен де дипломатиялық байланыс орнатты.
2003 жылы Түркияның жаңа парламенті американдықтар-
ға ӛз территориясындағы әскери
базаны пайдалануға беруден
бас тартты. Бұл Ирактағы дағдарысқа байланысты пайда болған
еді. Алайда бұл ӛз кезегінде Түркияның Еуропалық Одаққа мү-
ше болып кіру туралы келіссӛздеріне кедергі болуы әбден мүм-
кін.
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Түркияда әскери үкімет қашан құрылды?
2.
Қай мемлекет Мұстафа Кемальдың мемлекетін бірінші
болып мойындады?
3.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Түркия
қай мем-
лекетке жақындайды?
4.
М.Кемаль Ататүріктің ең бірінші жүргізген реформасы
қай саланы қамтыды?
5.
1983 ж. қарашада Тургут Озалдың «Азаматтық үкіме-
ті» қандай саясат жүргізді?
6.
Түркия экономикасының дамуына не әсер етті?
§ 14. Иран
Иран ӛте ӛркениетті ел. Олар мұнда ҮІІ ғасырда арабтар
жаулап алғанға дейін ӛмір сүрді.
Иранда исламның шейттік тармағы енгізілді. Бұл ағымды
таратушы Мұхаммед пайғамбардың күйеу
баласы - имам Әли
болды. Сол кезден бастап Иран әлемдегі шейттердің орталығы-
на айналды. Шейттер әлемдегі мұсылмандардың 1/10 пайызын
құрайды. Ерекшелігі 12-ші имам жерге түседі деп сенеді. Ең
бастысы шейттер зайырлы билікті мойындамайды.
Олар заңды
билік пайғамбардың тікелей ұрпағы деп мойындап, сол үшін
Иранда шейттік дін бұрыннан-ақ шах билігін заңдастырды.
Иранда орталық билік әрқашан да әлсіз болды.