А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б



Pdf көрінісі
бет74/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Елдегі модернизация.
Реза-шах билігін елді орталықтан-
дырудан бастады. Ол барлық ұлттық және феодалдық сепара-
тистерді аяусыз жойды, олардың әскерлерін құртып, басшыла-
рын сотқа тартты. Реза-шах дәстүрлі әкімшілік бӛлінуді ӛзгерт-
ті, губернатор құқығын қысқартты. Оларды жергілікті жерден 
емес, Тегеран арқылы сайлады.
1936 жылы Иранда жаңа әкімшілік бӛлім енгізілді - ел он 
провинцияға бӛлінді. Нәтижесінде орталық үкімет билігі кү-
шейді.
Реза-шах әскери күшті күшейту керектігін түсінді. Сол 
үшін 1926 жылы жалпыға бірдей әскери міндеткерлік енгізілді, 
армия 150 мың адамға кӛбейді. Әуе күштері, танк роталары пай-
да болды. Офицерлер құрамы арнайы жаттығудан ӛтті. Оған ор-
таша топтың адамдары да кірді. Шах билігі тұсында армияға 
мемлекеттік бюджеттің үштен бір бӛлігі жұмсалып отырды. 
Біртіндеп Реза-шах дінге кӛзқарасын да ӛзгерте бастады. 
Ол шариғат сотының ӛкілеттілігін алып тастаудан бастады. Елде 
еуропалық үлгідегі азаматтық, қылмыстық, коммерциялық жаңа 
кодекс жасалды.
М.Кемаль үлгісін пайдаланып, 1928 жылдан бастап Иран-
да киім киюдің еуропалық түрі пайда болды. Кейінірек фамилия 
енгізілді. 1935 жылдан бастап елдің арнайы аты ӛзгертілді: 
Парсының орнына Иран деп аталды. Әйел құқығы туралы заң 
қабылданды. Әйелдер мектепте, жоғары оқу орнында оқуға, 
мемлекеттік қызмет атқаруға мүмкіндік алды. 1935 жылы әйел-
дерге бет пердені алып тастау туралы заң қабылданды. 
Білім беру тӛңірегінде де үлкен ӛзгерістер болды. 1927-
1934 жылдардағы реформа кезінде міндетті түрде тегін баста-
уыш мектепте білім алу заңы қабылданды, ал орташа және жо-
ғарғы білім алу ақылы болды. Елде жаңа мектеп салу құрылысы 
іске қосылды. Оқу ғимараттары ӛзгертілді, дін мемлекеттік ба-
қылауға алынды. Кӛптеген жоғарғы оқу орындары, соның 


118 
ішінде 1934 жылы Тегеранда университет ашылды, сонымен 
бірге ауыл шаруашылығы және педагогикалық институт ашыл-
ды. Жүздеген ирандық студенттер жыл сайын шетелдегі әлемнің 
танымал университеттерінен білім алуға аттанды.
Реза-шах ирандық патриотизмді насихаттауға да үлкен 
мән берді. Әрбір реформада ол осыны баса кӛрсетуге кӛңіл бӛл-
ді. Осы рухта ұлттық саясатты да кӛтерді. (Иранда әртүрлі ха-
лықтар тұрады, ал ирандықтар соның жартысын ғана құрайды). 
Елде «ирандану» пайда болды, иран ұлтының бірлігін насихат-
тады. 
Реза-шах иран зайырлы тобында сирек кездесетін қасиеті-
мен ерекшеленді: жинақылық, талапкерлік, жоғары еңбек қабі-
леттілігі осының барлығы халықты таңдандырып отырды. Сол 
үшін оған қарсы шығушылар болған жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет