126
1.
Дәстүрлі саладағы шетелдік капитал және импорт та-
уарға қарсы шықты;
2.
Жеке меншік,
мемлекеттік, экономикада және бизнес
саласындағы шенеуніктер шахтың туған туыстары (олар 17
банктің, 25 металл ӛндіру заводтарының, 10 құрылыс, 8 таукен
компанияларының, 26 сауда ұйымдарының акцияларын иемден-
ді);
3.
Ауыл шаруашылығында аграрлық реформа нәтижесіне
кӛңілдері толмады;
4.
Барлық ӛндіріс орындары инфляциямен күресті;
5.
Жастар мен студенттер саяси еркіндіктің жоқтығына,
жоғарғыдағылардың
парақорлығына наразы болды;
6.
Иран интеллигенциясы «империализм мәдениетіне»
қарсы шықты;
7.
1976 жылы шах барлық саяси партияларды таратып жі-
берді, тек - Иранның қайта ӛркендеу партиясы қалды (Возрож-
дение Ирана);
8.
Шах діндарларды 1978 жылы мемлекеттік жағынан
қаржыландыруды тоқтатты.
Шахты айыптаудың және мұнайдан түскен кірістің кӛп
бӛлігін қару-жараққа жұмсауы болды. Басты наразылық - «қару-
мұнай» келісімі болды, оған 13 млрд. долл.
жұмсалып, осы
ымыраласу бойынша 1976 жылы Иран АҚШ-тан соңғы үлгідегі
қару-жарақ сатып алды. 1977 жылы АҚШ президенті
Дж.Картер
Тегеранға келгеннен кейін қарсылық одан әрі ӛрши
түсті.
1978 жылы 8 қыркүйекте Тегеранда үкіметке қарсы де-
монстрация болып, оған 1 млн. адам қатысты. Демонстрация та-
ратылып, астанаға әскери жағдай енгізілді.
Ереуіл экономика
және мұнайды экспортқа шығару тоқтап қалады. Елден сыртқа
капитал шығарыла бастады, яғни күн сайын 50 млрд. долл.
шығарылды.
Оппозиция ӛкілдері осы жағдайды сынға алды. Санджаби,
Шариат, Мадари, Бактиар
ымырашыл арыздарын білдірді, ал
Хомейни шах билігі жойылғанға дейін күресті жалғастыруға
шақырды. 1978 жылы қарашада шах бұйрығы бойынша
127
кӛптеген кӛрнекті қайраткерлер тұтқынға алынды, сонымен бір-
ге ұзақ жылдар бойы шахтық премьер-министр Ховейда тұтқын-
далды. 5 қарашада студенттер кӛшеге шығып, бүкіл
қала орта-
лықтарын талқандады.
1978 жылы желтоқсанда шах түпкілікті әлсіреді, ол оппо-
зициялық лидердің бірі
Шахпур Бактиарды
премьер-министр
етіп
тағайындады, ал ӛзі 1979 жылы 16 қаңтарда елден кетеді.
Ш.Бактиар міндетті қабылдайды, бірақ сол күні Ұлттық майдан
партиясынан шығарылды.
1979 жылы 1 ақпанда Тегеранға аятолла Рухолла Хомейни
келеді. Үкімет қызметіндегі кӛп адамдар жұмыстарынан боса-
тылды. 1979 жылы 5 ақпанда ол
Мехти Базарганды
премьер-ми-
нистр
етіп тағайындады, ал Ш.Бактиар елден қашып кетеді.
Сонымен Иранда шах билігі жойылды.
Достарыңызбен бөлісу: