А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


-шы жылдардағы шах режимінің кҥшеюі



Pdf көрінісі
бет79/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

60-шы жылдардағы шах режимінің кҥшеюі.
1955 жыл-
дары ӛзінің сыртқы саясатын Батысқа бағыттады: ел Бағдад ке-
лісіміне кірді. Иран «Трумэн доктринасының» 4-ші бӛліміне сай 
ең бірінші Америкадан кӛмек алған мемлекет болды, яғни ком-
мунист емес елдерге әскери-экономикалық кӛмек. 1959 жылы 
шах Лондонға ресми сапармен барып келді, ал осы жылы АҚШ 
президенті 
Д.Эйзенхауэр
Тегеранға келді. Онда иран-американ 
әскери келісіміне қол қойылды. 
Экономика жылына 5% ӛсті. 1955-1962 жылдардағы жос-
пар бойынша мемлекеттік ӛнеркәсіптер салу, инфрақұрылым 
т.б. жасау туралы шешім қабылданды. Осыны іске асыру үшін 
бюджеттен 1 млрд. долл. кӛлемінде қаржы бӛлінді. 
Мұхаммед Реза-шах Пехлеви орталық билікті күшейтуге 
де кӛңіл бӛлді, жергілікті ӛзін-ӛзі басқаруды кеңейту қолға 
алынды. Иранда аудандық және ауылдық кеңестер құрылды. М. 
Реза-шах Пехлеви ӛте білімді адам болатын, сондықтан елде 


125 
табысты модернизация жүргізу үшін ескірген экономикалық құ-
рылымды түбегейлі ӛзерту керек деп шешті. 1959 жылы желтоқ-
санда аграрлық реформа туралы бірінші рет заң қабылданды: 
жер иелігі 400 гектардан аспауы керек, ал қалғанын мемлекет 
қазынасына немесе шаруаларға бӛліп беру керек деп кӛрсетілді. 
Жерге меншікті шейттік дін басы 
аятолла Рухолла Хомейни
сынға алды. Ол шахтың аграрлық реформасын «Құдайға қарсы 
шығу» деп айыптады. Елде оппозиция пайда болды.
1963 жылы 28 қаңтарда референдум болды. 
Ирандағы «Ақ революция» реформасы.
1963 жылғы 
қаңтардағы референдумда 6 мәселе қаралды: 1) аграрлық ре-
форма туралы; 2) ормандарды мемлекет қарамағына ӛткізу тура-
лы; 3) мәжіліске сайлау заңын ӛзгерту туралы; 4) жұмысшылар-
дың ӛнеркәсіп кірісіне қатысулары туралы; 5) реформаны қар-
жыландыру үшін мемлекеттік кәсіпорындардың бір бӛлігін сату 
туралы; 6) «ағартушылық корпус» армиясын құру. Референдум 
шах үкіметіне 99,9% жеңіс әкелді. 
«Ақ революцияға» байланысты Иран 1962-1972 жылдары 
әлемде тез қарқынмен экономикалық дамушы елдер қатарына 
қосылды. 
Атом электростанциялары салынды. 
«Ағартушы корпусы» ирандық армиядан құрылды, олар 
арнайы 4 айлық дайындықтан ӛтіп, әскери қызметкерлерді 14 
айға сауатсыздықты жою үшін ауылдық жерлерге жұмысқа 
жіберіп отырды. Сонымен 10 жыл ішінде 100 мың адам осындай 
жұмысқа тартылып, олар 1 млн. балаларды және 0,5 млн. ересек-
терді оқытып шықты, осы корпус 1972 жылы ЮНЕСКО-ның 
Халықаралық сыйлығымен марапатталды. 
Елде жоғарғы оқу орындары салынды, 1964 жылы Иранда 
27 жоғарғы оқу орындары болса, 1974 жылы олардың саны 148-
ге жетті. Студентер саны ӛсті, мемлекет есебінен жылына
18 мың студент
әлемнің танымал университеттерінен білім алды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет