140
2001 жылдары да Иракта соғыс тоқтаған жоқ. Америка
және БҰҰ-ның комиссиясы жаппай қырып-жоятын қаруды із-
деумен болды. Ирак армиясы Солтүстіктегі күрдтердің ауданда-
рын талқандауларын әлі тоқтатқан жоқ. 2001 жылы ақпанның
17-нен 18-не қараған түнде АҚШ пен Ұлыбритания ұшақтары
Бағдадтан 10-30 шақырым жердегі әскери бекіністерді бомбалап
тастады.
2001 жылы 11 қыркүйектегі АҚШ-та болған лаңкестік
оқиғадан кейін лаңкестердің Иракпен байланысы бар деп тапты.
АҚШ, Ұлыбритания және олардың одақтастары Иракқа қайта
соққы беруге дайындық бастады. Ирак халықаралық лаңкестер-
дің ұйымдары бар деген 7 мемлекеттің құрамына кірді. Нәтиже-
сінде Ирак тез арада қырып-жоятын қару жасап жатыр деп,
АҚШ қайтадан халықаралық инспекторларды Иракқа жіберуді
БҰҰ-нан талап етті.
Достарыңызбен бөлісу: