А. М. Сманова- алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. 234 б


Ислам режимінің тҧрақтануы



Pdf көрінісі
бет82/134
Дата16.09.2023
өлшемі1,31 Mb.
#108066
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134
Байланысты:
Сманова-А.М.-Азия-және-Африка-елдерінің-қазіргі-заман-тарихы

Ислам режимінің тҧрақтануы.
Иранда зайырлы қоғамды 
шектеген соң исламдану үрдісі күшейе бастады. Әділет басқар-
масы құрылды; зайырлы білім алған заңгерлер қызметтен тыс 
қалды. Сот ісі шариғат заңы бойынша іске асты: арақ ішкен-
дерге 30 дүре соғылды; ерлі-зайыптылардың опасыздығы үшін – 
ӛлгенше ұра берді; тіпті музыка тыңдағандар үшін, шахмат ой-
нағандары үшін, икра жегені үшін және т.с.с. 50 рет дүре соғыл-
ды. Сонымен, бірге кӛзін ағызу, тісін жұлу, құлақ, мұрын, аяқ 
кесу секілді де жаза түрлері болды.
Ерлер жұмыс істейтін жерлердің барлығында әйелдер жұ-
мыс істеуге тыйым салынды. Олар мұсылман қағидаларына сай 
киім киюдің қатаң нормасы хиджаб киіп жүрулері керек болды. 
1981-1983 жылдары Иранда барлық жоғарғы оқу орын-
дары жабылды, оқытушылар мен студенттер арасында «тазалау» 
басталды. 1983 жылы мамырда Туде партиясының қызметіне 


130 
тыйым салды, оның басшыларына сот ісі жүрді. Осы жылдары 
Иранның президенті Хосейни-Хаменей, ал премьер-министрі 
Мусави-Хаменей болды. Дегенмен, ең басты күрес мәжіліс тӛра-
ғасы Хашеми-Рафсанджани мен ішкі істер министрі аятолла 
Әли Акбар Мұхташеми арасында болды. 
Иракпен соғыс осы жылдары тығырыққа тірелді. Сирия 
территориясы арқылы Жерорта теңізіне шығатын мұнай тасы-
малдау жолдарын Ирактың талабы бойынша Сирия жауып тас-
тады. 
Соғыс 1988 жылдың 8 тамызында аяқталды. Иранның 
жалпы шығыны 700 млрд. долл. құрады, жыл сайын соғысқа
14 млрд. долл. жұмсалды. Осы соғыс жылдары Иранның 60% 
ӛнеркәсібі тоқтатылды, 1 млн. астам адам қаза болды.
1988 жылдан бастап саяси партиялар құруға рұқсат етілді. 
Бүкіл әлем Иранды халықаралық лаңкестіктің ошағы және ис-
лам фундаментализімін таратушы ретінде қабылдады.
1989 жылы 14 қаңтарда аятолла Хомейни ағылшын жазу-
шысы Рушдиға фетва шығарды, яғни оны ӛлім жазасына кесті. 
Фетва әлемдегі барлық мұсылмандардың заңының күшіне енді; 
әрбір адам оны жағдайға қарамай-ақ ӛз бетінше орындауға тал-
пынды. Сонымен Рушдиға «аңшылық» басталды, әлемдегі кітап 
дүкендері мен баспаханаларға басқыншылықтар жасалды. Бұл 
қоғамдағы исламға деген жеккӛрініштілікке әкелді. Фетваны 
аятолла Хомейни
ӛзі жоюға күші келген жоқ - 1989 жылы 4 мау-
сымда ол қаза болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   134




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет