А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет4/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Ғылыми жаңалығы. Мәшһүр-Жүсіп мақал-мәтелдерінің пайда болуы мен
шығу тарихының түп-төркіні, зерттелуі мен топтастырылуы мен хадистермен
байланысы.
Теориялық маңыздылығы. Мәшһүр Жүсіп Көпеев шығармаларындағы
мақал-мәтелдерге тән сарындарды саралап, олардың көркем тілмен өрнектелген
сөз өнеріндегі әдеби байланысының табиғатын айқындау жұмыстың теориялық
маңызын көрсетеді. Қазақ әдебиеті мақал-мәтелдеріндегі діни туындылар
жанрының поэтикалық сипаты арқылы тоғысқан, тұтасқан ерекшелігін зерттеу
ұлттық әдебиеттану ғылымының гуманистік мәртебесін биіктете түсіп, әрі діни-
тарихи тұлғаларды шығармаларына нысана еткен шығармалардың көркемдігі
мен стилінің қарастырылуы диссертациялық жұмыстың теориялық маңызын
арттырады.
Ғылыми практикалық маңыздылығы. Ғылыми жұмыста жасалған
тұжырымдау мен сараптамаларды, қорытындылар мен нәтижелерді арнаулы
және жоғарғы оқу орындарында оқытылатын – әдебиет теориясы, халық ауыз
әдебиеті , қазақ әдеби сынының тарихы, мәдениеттану, жалпы тіл білімі
пәндеріне негізгі әрі қосымша материалдар ретінде қолдануға болады. Сонымен
қатар, диссертация мазмұнының - әдебиет теориясына байланысты теориялық
еңбектер мен талдауларға, әдістемелік оқу құралдарына арналған еңбектерге де
тікелей қатысы бар. Еңбектің практикалық мәні ретінде – оның ғылыми
мазмұнын әдебиет теориясы мен халық ауыз әдебиетінің арнаулы семинарлар
мен арнаулы курстар өтуге де пайдалануға болады.
Зерттелу деңгейі. Қазақ мақал-мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген
ғалым – Шоқан Уалиханов. Ал одан кейінгі зерттеушілер Ә. Диваев, Ы.
Алтынсарин, Ш. Ибрагимов, М. Терентьев, В. Катаринский, Мәшһүр-Жүсіп
Көпеев т.б. болды. 
Қазақ мақал-мәтелдері туралы Абай Құнанбаев өте дәл пікір айтса, оларды
теориялық тұрғыдан Ахмет Байтұрсынов, Халел Досмұхамедов, Сәкен
Сейфуллин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Бейсенбай Кенжебаев, Қажым
Жұмалиев, Әлкей Марғұлан, Б. Шалабаев, Мәлік Ғабдуллин, Баян Ақмұқанова,
Әбдуали Қайдаров, Б.Адамбаев, Н.Төреқұлов, С.Омарбаев, Р.Сәрсенбаев
зерттеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет