А. О. Искакова «Мәшhүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы мақал-мәтелдер» 6М020500 Филология магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған магистрлік диссертация



Pdf көрінісі
бет7/23
Дата20.09.2022
өлшемі0,49 Mb.
#39539
түріДиссертация
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Төбедегі келеді.
Қазақ мақал-мәтелдерінің екінші бір ерекшелігі – оларда халықтың мал
баққан тұрмысына байланысты образдар мен сарындардың мол
ұшырасатындығы» [11, 187 б.] деп қарастырады.
Мәшһүр-Жүсіп Көпеев мақал-мәтелдерді аз жинамаған. Мәшһүр-Жүсіп
жинаған қазақ мақал-мәтелдерінің тақырыбы сан алуан. Тағы бір ерекшелік
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы мақал-мәтелдерді жинауда сол мақал-мәтелдер
кімнен, қалай жазылғандығын ескертіп отырған. Мысалы «Шығасы шықпай,
кіресі кірмейді « мақалының шығу төркіні былайша: «Қазақта бір мақал бар:
«Шығасы шықпай, кіресі кірмейді» – деген. Бұл сөзге дәлел керек – қайдан
алынған сөз екендігі. Хазірет Сүлеймен ғалайссаламның он үш жасында
аузынан шыққан сөз екен. Ол сөздің шығу себебі: хазірет Дәуіт ғалайссаламның
халифалық құрған күнінде хазірет Сүлеймен ғалайссалам есік алдында ойнап
жүрсе, бір қатын жаман наза болып, жылап келеді. Бала сұрайды:
- Әй, қатын, неге мұнша күйінді-жылаударсың? – деп. Қатын айтты:
- Екі жетім бала-шағам бар. Өзіміз қара қасқа кедейдің барып тұрғанымыз.
Жалғыз-ақ пұт бидайымыз бар еді, онан басқа дәмкіміз (дәнемеміз) жоқ еді.
Соны диірменге апарып, ақысын беріп, тарттырып алып, қапқа салып, арқалап
келе жатқанымда, бір қатты дауыл-құйын соғып, өзімді домалатып жығып,
ішіндегі ұны-мұнымен қабымды ұшырып алып кетіп, артынан қуып, өкшем
өшіп жете алмай бара жатқанымда, дарияға түсіріп, Құдай пана берсін, көзіме
бір көрсетпей, қақ ортасына алып кетті. Дарияға түссімен батқан болса, өмір
бойы сүңгісем де, артынан қалмас едім, көз жетпестей жерге, ортасына алып
кетіп, титығымды құртты. Ұнды, не қылайын, әркімнен сұрап алғам-ды, бір
жөні болар еді-ау. Қабымды ғана қайтейін?! Өзімнің бар өмірімде еңбек қылып,
тоқып алған қабым еді. «Шешеміз ұн тарттырып алып келеді! – деп, қуанып
отырған балаларыма: «Жүзі қара болып, не бетіммен көзіне көрінемін?!» -деп,
соған ішім ашып, күйіп барамын! – дейді.
Қатын жылап, патшаға кіріп еді, екі пұт бидай берді. Қатын қуанып:
Бір жасы мың болғыр-ай, балаларыма құр бармасқа тәуір болды ғой! –
деп, алып шықты.
Хазірет Сүлеймен сұрады:
Патша не дейді? – дейді.
Айналайын, әділ патшамыз екі пұт бидай беріп, көсегімлі көгертті, – дейді.
Уай, бейшара, сен ұн тілей келген тіленші ме едің? Дауыл соғып, ұныңнан
айырылып қалып келген емес пе едің? Ұнды олжа көріп қуанба. «Дауылдан
ұнымды алып бер, әділ патша болсаң!» – деп, бар қайтадан. «Желдің үстінен
арызға келіп едім ғой – де», қайта жіберді.
12


Қатын қайта кіріп еді, Дәуіт патша үш пұт бидай берді. Қатын қуанып,
алып шығып еді Сүлеймен ғалайссалам:
-Тағы қайыра бар, – дейді. – «Мен ұн сұрай келгенім жоқ, ұнымды алып
кеткен желден көлденеңімді алып бер!» – деп, жабыс, – дейді. – Әділ патша
болсаң, арманыма жеткіз, ақымды алған жел мен мені алдыңа алып терге,
ұнымды не үшін алғандығын айырып бер! Қазақтың Қарабайы сықылды қайыр
бергеніне мәз болма, патшалық хүкіміңді тура қыл! – деші, не айтар екен? –
дейді.
Қатын қайта кіріп еді, хазірет Дәуіт ғалайссалам:

О заман бұ заман желмен кісі дауласқанын көргенім жоқ. Бар, бейшара, бес
пұт бидай ала ғой! – дейді.

Қатын қуанып, бес пұт бидай алып шығып еді, хазірет Сүлеймен
ғалайссалам:

Әлі арызыңа жете алған жоқсың. «Маған бидайдың керегі жоқ, дауымды
шариғатыңа салып бер. Қанша берсең, қайырыңа ризалығым (ырзалығым)
жоқ, әділшілігіңді көрсет! – деп, жабыс! – дейді.
Қатын тағы қайта кірді:

Мен сізден бидай сұрамаймын, даугермін. Дауымды орнына келтірсеңіз екен! –
дейді.
Дәуіт ғалайссалам айтты:

Уай, қатын, сен қалай жансың, менің алдымнан қуанып, құлдық бас деп,
бидай алып шығасың. Тек далаға шықсаң болғаны, қайтадан келіп
мылжындай бересің. Осы саған далада біреу бір нәрсені үйретіп тұр ма,
шыныңды айтшы, – дейді.

Өзіңіздің кішкене кенжетайыңыз мені еркіме қоймай: «Қайта баршы!»- деп,
болмай жіберіп тұрған сол! – дейді.
Хазірет Дәуіт ғалайссалам тысқа шығып:

Әй, балам, не үшін бұл қатынды әуре қылып, қайта-қайта кіргізе бересің? –
дейді.
Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:

Ата, бұл қатын сізді: «Қара қылды қақ жарып төре беретұғын әділ патша
ғой!» – деп арызға келіп тұр. Ұнын алып кеткен желдің үстінен даугер
болып: «Ұнымды не себеплі алып кеткенін біліп бер!» – деп. Сіз мұның
арызын тыңдамай, дауына қолын жеткізбей: «Дауыс білмеген ойбайға
зорлайды» – дегендей, қайыр-садақа беруге зорлай бересіз. Патшалық ісі
осылай бола ма екен? – дейді.
Хазірет Дәуіт ғалайссалам айтты:
-
Балам, желмен дауласып, дау алған бар ма? Желмен мұны көлденеңдестіруге
менің әлім келе ме? – дейді.
Хазірет Сүлеймен ғалайссалам айтты:

«Иттің иесі болса, бөрінің тәңірісі бар», – деген қайда, желдің де билеушісі бар
шығар. Ол жел де өз бетімен алған шығар. «Желге менің әлім келе ме?» –
деген жұрттың қолынан сайлап қойған қара патшаның жұмысы ғой. Сіз-
13


құдай сайлаған халифа: сізде және пайғамбарлық күші бар ғой! Құдай
жаратқан мақұлықта байлаусыз, пәтуасыз бір қалыпта тұра алмайтұғын
нәрсе – жел ғой. Бір уағдасына тұра алмайтұғын адамды жұрт айтады ғой:
«Күнінде желше жүз құбылады», – деп. Бет алдына лағып есетұғын желден
күші аса алмайтұғын болса, ол халифалықтан сізге не пайда? Ол
пайғамбарлықтан сізге не қасиет? Алла тәбәрік отұғлы сізді пайғамғар
қылғанда: «Менің Құдайлығымды пенделеріме таныт! – дейді. Құдайдың
құдайлығын, құдіретінің шеберлігін таныта алмасың бар: «Патшамын,
пайғамбармын!» – деп, несіне мәз боласың?! Жел де – Құдайдың қызметкері,
сіз де –Құдайдың қызметкері. «Менің қол астымдағы бір жесір қатынның бір
пұт ұнын қабыменен бір жел алып кетіпті. Өзің жұмсап па едің? Өз бетімен
қылған ісі ме?» – деп сұра Құдайыңнан. Бұл бейшара қатынның көз жасын
Құдайдан сұрап беруге намыстанғаның ба, жоқ, ерінгенің бе? – дейді.
Хазірет Дәуіт ғалайссалам айран-асыр, дал болып тұра қалды.
Ғибадатханасына барып, Құдай тәбәрік отғылыға мінәжат қылды. Сәждеге
басын қойып, көтеріп алып еді. «Әссәлам-ғалейкум!» – деп, адам суретінде бір
періште жетіп келді:

-Иа, бәни-алла, ол қатынның арызы турасында, міне, мен келдім. Мен желге
мүкіл (өкіл) періштемін. Ол қатынның қабыменен ұнын мен һәм өз бетіммен
желге алдырғаным жоқ. Дарияның жүзінде іші саудагер, дүние талап
қулармен толық бір кеме келе жатыр еді. Кемесі толған пұл еді, адамзатқа не
керек-жарақ түгел еді. Дарияның ішіндегі бір тасқа соқтығып, кемелерінің
астынан бір жері жарылды. Сол жарықты бітеуге шамалары келмей, суға
ғарық (қарық) боларлық дәрежеге жеткен соң, қойдай маңырап, қозыдай
шулап, Құдайға жыласты:

-Иа, Құдай, осы дарияға қарық қылмай, балыққа жем қылмай, бізді сәлемет
шығарсың, құтқарсаң, сенің күшті құдіретінің құдайлық жолына һәм жол
садақасына кемедегі малдың қақ жартысы жетім мен жесірдікі болсын!
Жетім мен жесірдің көзінің жасының құрметі үшін бізді бұ пәлеңнің құтқара
көр! – десіп, ботадай боздасты. Сол уақытта олардың шын жабығып жылаған
наласы Құдайға жетіп, Алла тәбәрік отұғлы маған бұйырды: 

Пәлен жерде бір жесір қатын қаппен ұн арқалап келе жатыр. Соның ұнын
қап-мабымен алып келіп, кеменің жарығына тық! – дейді. - Бұлардың жаны
өлімнен аман қалсын да: «Жетім-жесір үшін!» – деп арнап, айтқан құдайы
садақа нәзірі сол қатын мен ек баласына берілсін! – дейді. Сол кеме осы
күнде дарияның жүзінде. Алдынан кісі тостырыңыз. Пәлен күнде, пәлен
сағатта құрғаққа шығады.Кеменің түбінің жарығын қараттыңыз, қатынның
ұны қабымен тығын болып, су кіргізбей бөгет болып тұр. Ол керуеннің
бірде-бірі оны көрген жоқ, тек: «Құдай сақтады» - деуменен келеді. Қалай
сақтағандығынан хабары да жоқ. Сіз Құдай тәбәрік отұғылының бұл
шеберлігін халыққа, жұртқа шашып есіттіріңіз де, кеменің жарығына
тығылған қабын танып қатын алсын және Құдайға айтқан нәзірін сепсітпей,
14


шып-шырғасын шығармай, қалпынша керуен бұл қатынға берсін! Міне,
Құдайдың құдайлығы осы, ешкімге залал салмайды. 
Пендесіне не тағдыр қылса, ақыры сол пендеге жаны ашып
болысқандығы болады, – дейді.
Мұнан соң қазірет Дәуіт ғалайссалам қатынды жібермей, атып қойып,
дарияның жағасына қарауылшы қойып, қатынды ертіп, кідірмей керуендер де
құрғаққа шығып, қысылған, сасқандығына пейіл болысып, жандары аман
қалғанына қуанысып, айтқан нәзірлерін бір жесір қатын, екі жетім балаға
шашау шығармастан түгел берісіпті» [6, 94,97 б.]. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев
мақал-мәтелдердің шығу төркінін осылайша берген. 
Мақал-мәтелдер  – әрбір халықтың көне де байырғы рухани қазынасы. Ол –
өз бастауын адам баласының тым ертедегі саналы қоғам құраған балаң кезінен
алып, ғасырлар бойы еленіп-екшеліп, сұрыпталып, толассыз толығып келе
жатқан жанды құбылыс, халық даналығының қорланып жиналған қоры, атадан
балаға, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан рухани мирасы.
Мақал-мәтелдердің пайда болып, қалыптасуын Әбдуали Қайдар мырза
былайша береді: «мақал-мәтелдер үлкен екі түрлі объективті факторға байланысты.
Оның біреуі және негізгісі – ішкі фактор да, екіншісі – сыртқы факторМақал-
мәтелдердің ішкі факторға байланысты пайда болып, қалыптасуын әрбір
этностық қауымның халық болып қалыптасуының ұзақ
тарихи процесіне,
рухани өмірі мен мәдени-әлеуметтік жағдаятына,тіршілік-тірлігі мен күн көріс
тәсілдеріне, өзіндік дүние танымы мен болмыстағы құндылықтарды бағалай
білуіне байланысты деп білсек, сыртқы факторын сол этникалық қауымның бір
табиғи ортада, географиялық аумақта (уакытша, не тұрақты) бірге жасап, біте
қайнасып кеткен басқа халықтармен араласуының, бір-біріне тигізген рухани-
мәдени әсеріне байланысты деп қараған жөн. Көрші отырған халықтардың
өзара жан дүниесімен де, салт-дәстүрімен де араласуын қазақ атамыз «Ақыл
ауысады, ырыс жұғысады» деп бекер айтпаса керек.
Мақал-мәтелдердің ішкі факторларға байланысты пайда болуы мен
калыптасуының ең алғашқы себептері мен тәсілдері әр алуан. Солардың ең
бастысы: біріншіденсаналы қауымның өзі өмір сүрген табиғи ортаны, табиғат
құбылыстарын танып-білуіне, екіншіден, тіршілік көзі – еңбек процестерін,
кәсіпшілікті меңгеруге, үшіншіден, адамдар арасындағы қарым-қатынастардың
қыр-сырын терең ұғынуға байланысты болса керек.
Мақал-мәтел жанрының дүниеге келуінің екінші бір объективті себебі:
табиғат құбылыстарының өзгеруі мен даму заңдылықтарын танып-білуден,
тірлік-тіршілік көздерін меңгеруден, адамдар арасындағындағы сан алуан
карым-қатынастардың кыр-сырын терең ұғынудан туындаған ой-тұжырмын,
тәжірибе-тағылымын көп сөзбен ұзақ баяндаудан гөрі, тұжырымдап, қорытып,
қысқа да нұсқа түрінде айтып жеткізу мақсатына байланысты. Қазақтың
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» – деп ескертуі де, міне, осыдан
туындаған мақал. Үлкендердің жас ұрпаққа айтатын өнеге-өсиеті, ғибрат
сөздері, ақыл-кеңесі қанша ұзақ айтылса да, ұнамды, пайдалы, әсерлі болса да,
бәрі бірдей толық есте сақталып, жадында жатталмауы мүмкін. Сондықтан да,
15


ертедегі данышпан бабаларымыз жастарға, қалың жұртқа бағыштаған өсиет-
өнегесін, ғибрат-тағылымдарын қорыта келе, елдің есінде қалатындай етіп
қысқа да нұсқа түрінде бір ауыз түйінін бейнелеп айтуға тырысқан.
Бұл әдет қазақ қауымында тым ертеде-ақ салт-дәстүрге айналып,
даналықтың негізін салып, шешендік өнерін қалыптастырған. Басқа халықтарға
қарағанда мақал-мәтелдердің қазақ қауымында ділмар шешендер мен дана би,
айтқыштар баяндаған рухани өмірдің ұйытқысы болып, кең етек жаюы да
осыдан болса керек. Қазақ қауымында халық даналығы мен оның ұйытқысы -
мақал-мәтелдердің толассыз дамып, толыға келе, бай қазына болып
қалыптасуының тағы бір объективті себебі – ана тіліміздің мол рухани
байлықты бойына сақтай білетін бейнелі де көркем табиғатына байланысты.
Міне, осы факторлардың негізінде қалыптасып, дамыған, бүгінде жалпы
саны 15 мыңға жеткен қазақ мақал-мәтелдері көненің көзі, дананың сөзі ретінде
қазақ халқының өзімен бірге жасап, атадан балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып,
елдің жадында сақталып келе жатқан асыл мұра болып саналады. Олар –
ұрпақпен бірге мәңгі-бақи жасай беретін, ескірмейтін асыл қазына және замана
талабына сай жаңғырып, жаңаланып отыратын жанды да өміршең құбылыс.
Мақал-мәтелдер – халықтың атам заманғы өткен өмір-тіршілігі мен бүгінгі
болмысын болашағымен жалғастыратын «алтын арқау»; олар – рухани, мәдени
салт-дәстүрді жалғастырудың, адамдар санасында, коғам жадында, тілінде,
ділінде сақталуының бірден-бір кепілі. Бұл қазына-байлықтан айрылған
этникалық қауым – өзінің өткен өмірінен айрылды деген сөз, ондай қауымның
болашағы да жоқ.
Макал-мәтелдер қорының толассыз толығып отыратын өміршең де жанды
құбылыс, тіпті уақыт өлшемі екендігін дәлелдейтін бір мысал келтірейік.
Мәселен, ел аузында «Тозға түспегеннің бәрі тарих емес» – деген мәтел бар. Ол
қазақ, қауымында әлі қағаз пайда бола қоймаған, ел өз ойын, тарихын таңба-
белгілерін тасқа қашап, кесек бетіне бәдіздеп, теріге батырып, матаға кестелеп,
қайың қабығы – тозға ойып жазған есте жоқ ескі кездерді елестетіп отыр.
Мағынасы «тозға жазылған хат қана ұзақ сақталатын тарих болып саналады»,
яғни «хатқа түспей, ауызша айтылған әңгіменің бәрі тарих емес» дегенді
аңғартып тұр. Мақал өз заманының ұғым-түсінігін баяндап тұрса да, оның ауыс
мағынасы бүгінгі ұрпаққа да түсінікті: «хатқа түспегеннің бәрі шынайы тарих
емес».
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдерге қатысты материалдарға шолу жасау
барысында оларды жинақтау, сұрыптау, жүйелеу, жариялау ісінің екі кезеңнен
тұратыны анықталды, оның алғашқысы – XIX ғасырдың екінші жартысы. Кеңес
дәуірінің 1948 жылдарына дейін мақал-мәтелдерді тек халық аузынан жинап,
жеке басылым ретінде шығару жұмыстары жүргізілген болса, екінші кезең -
оларды тілдік тұрғыдан зерттеудің қалыптасуымен сипатталады.Қазақтың мақал-
мәтелдерін алғаш қағаз бетіне түсірген ғалым – Ш.Уәлиханов. Ш. Уәлиханов
пен Н.Н. Березин архивтерінде XIX ғасырдың елуінші жылдарында ел аузынан
жазып алынған екі жүзден аса мақал-мәтелдер сақталған. Сондай-ақ, қазақ ауыз
әдебиетінің басқа үлгілерімен бірге қазақ мақалдары мен мәтелдерін де
16


жинақтап, жеке жинақтар шығарып, қазақ тілі мен әдебиетінің, тіл ғылымының,
мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Ы. Алтынсарин, Ә. Диваев, В. Радлов,
Щ. Ибрагимов, М. Терентьев, т.б. сынды ағартушы, ғалымдардың еңбегі
ерекше.Қазақ мақал-мәтелдерінің ғылыми тұрғыдан зерттелуіне арналған іргелі
монографиялық зерттеулер де, мақалалар да баршылық. Солардың ішінен
ғалым Б. Шалабаев алғашқылардың бірі болып, аталмыш тұрақты тіркестер
тобын арнайы қарастырып, олардың негізгі мағыналық топтарын, жанрлық
ерекшеліктерін анықтады. М. Ғабдуллин өзінің «Қазақ халкының ауыз
әдебиеті» деген еңбегінде қазақ халкының шаруашылығын, кәсібін, тұрмыс-
тіршілігін сипаттайтын мақал-мәтелдердің өмір танытқыштық мәні мен
қызметін айқындаса, С. Нұрышев оларды даму тарихы тұрғысынан қарастырды.
Мақал-мәтелдер – қалай, тура сол ойды әртүрлі сөздермен айтуды үйрену үшін
берекелі мәлімет. Монолог және диалог сөйлеуіне үйретуде олар ауыспалы,
сондықтан таңдалған тақырып өзекті болып табылады. Мақал-мәтелдер –
ауызша халық шығармашылығының кең тараған жанры. Олар адамдарды
баяғыдан бері алып жүреді. 
Тиянақты ұйқас, кәдімгі формасы, қысқалылық сияқты мәнерлі сөздер
мақал-мәтелдерді тұрақты, есте сақтаулы, сөйлеуде қажет етеді. Мақал-
мәтелдер – халық шығармашылығының көне жанры. Олар көне заманда пайда
болды, және өз пайда болу тарихымен ғасырлар тереңіне кетеді. Олардың көбі
жазу шықпай тұрып пайда болды. Сондықтан олардың алғашқы қайнар-көздері
туралы мәселе ашық болып саналады. Ағылшын мақал-мәтелдер пайда
болуының осындай негізгі қайнар көздері: халықтық, әдебиеттік, библиялы
пайда болуы, басқа тілден алынуы және мақал-мәтелдер ретінде Шекспир
цитаталарының пайдаланылуы. Мақалдарды мәтелдерден айыру керек.
Мақалдың басты өзгешелігі болып оның бітімі және дидактикалық мазмұны
табылады. Мәтел үйрету мінезімен, ақылды қорытындының бітімсіздігімен
айырылады. Мақал-мәтелдер – сөздік құрамның халық өміріндегі әрқилы
кезеңдерді, қарым-қатынас пен қоғамдық құбылыстарды бейнелей сипаттайтын,
көңілдегі ойды шебер де ұғымды жеткізетін, қысқа да нұсқа тұжырым
жасайтын, мән-мазмұнға бай бөлігі. Демек, халық өмір шындығын, кеңілге
түйгенін мақал-мәтел ретінде өз ұрпағына үлгі-өнеге етіп қалдырып отырған.
Аталмыш тілдік бірліктер арқылы жас ұрпақты елін-жерін сүюге, ерінбей еңбек
етуге, білім алуға, адал, кішіпейіл болуға үндеп, жалқаулық, өсек-өтірік,
мақтаншақтық тәрізді қасиеттерден бойын аулақ салуға тәрбиелей білген.
Енді жаңа дәуірде пайда болған, жаңа нарықтық қатынастың, яғни шағын
кәсіпшілердің шығуына байланысты, кеше ғана дүниеге келген: «Шағын кәсіп –
елге нәсіп» деген, мақалды алатын болсақ, ол замана талабына сәйкес
елбасының қолдауымен елімізде (Қазақстанда) кең дами бастаған шағын
кәсіпшілердің іс-әрекетін дәріптеуден туындап отыр. Мұндай мақал-мәтелдер
де даналык қорына енуі ықтимал.
17


Ақын жинаған мақал-мәтелдердің мәнісі орасан зор. ақынымыз
жомарттық, адалдық, адамға мейірімділік таныту, адамгершіліктен ажырамау,
ұстаздық мән-мағынасын ашып, зерделеу, жақсылық пен жамандықтың
арқатынасы қандай екені дегендей, алуан түрлі мәселелерді қозғады, халықтың
ойына жеткізе білді. Оның терең білімінен, даналылығынан, кемеңгерліліліген
ой түрткі болатындай жырлар туындады. Әр адамзат пендесінің мінез-
қасиеттерін саралап өткендей болды. 
Міне, осылай пайда болып, еленіп-екшеліп, халық жадында сақталып,
өзінше қорланып, даналықтың ұйытқысына айналған қазақ мақал-мәтелдерінің
құрамдық-құрылымдық, мазмұн-мағыналық табиғаты да күрделі, қолданыс
ауқымы да кең, іштей жіктеліп, сан алуан нысанды қамтитын тақырыптық-
материалдық, логикалық-семантикалық топтары да көп. Мақал-мәтелдер - о
баста тура мағыналары негізінде қалыптасып, одан абстракциялану арқылы
ауыс мағыналарға ие болатын күрделі кұбылыс.
Бұл тарауда мақал-мәтелдердің пайда болуы мен қалыптасуына катысты
кейбір мәселелер қарастырылды.
Халық даналығының қазына-байлығы саналатын мақал-мәтелдердің және
де сол сияқты басқа да тұрақты тіркестердің пайда болуы, әдетте, тіл өнерінің
дамуына, сол тіл арқылы адамзат қауымының асыл арманын, ақыл-парасатын,
өмірлік тәжірибесін, дүниетанымын ұрпағына ғибрат етіп ұсыну әрекеті
нәтижесінде туындап, қалыптасқан рухани құбылыс болып есептеледі.
Әрбір халықтың даналық болмысы сол халықтың өз тілінде, өз даналары
мен ақылмандарының, ділмар-шешендер 
мен айтқыштарының ой-
толғаныстарының мәнді де маңызды, қысқа да нұсқа үлгілері негізінде
қалыптасады. 
Филология ғылымының докторы, профессор Жүсіпов Қуандық Пазылұлы
өзінің «Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы» атты еңбегінде Мәшһүр-Жүсіптің мол
мұрасының зерттелуі жайында былай дейді: «Еліміздің Егемендік алуымен
байланысты Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлының мол мұрасын зерттеуге кеңінен
мүмкіншілік туды. Әсіресе, Елбасының қолдауымен басталған «мәдени мұра»
бағдарламасына орай, мәшһүртанушылар ақынның туғанына 150 жыл толуына
«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының 20 томдығын дайындап, басып шығаруға
белдерін бекем буып отыр. Қазір мәшһүртанушылар ақынның шығармашылық
лабораториясын әр қырынан қарастыруда».
Қорыта айтсақ, Қазақ фольклоршылық қызметін зерттеу қазақ фольклоры
тарихын қамтумен бірге қазақ халқы мен көршілес елдер тарихи байланысын,
туыс елдер әдебиетінің бір-біріне ықпалын , олардың тамырлас, ортақ рухани
бастау көздерін ашуға септігін тигізеді.
Қазіргі таңда Мәшһүр-Жүсіп мұрасын зерттеушілер тобы біршама.
Мәшһүр-Жүсіптің томдықтары көптеп шығуда. Бұл да қуантарлық жағдай. 
18




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет