А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет153/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159
Өркендетуші вектор. Бөгде ДНҚ құрамына өркендерді алу мақсатында 
ендірілетін плазмиданың немесе фагтың барлық түрлері жатады. 
Панмиксия – популяция құрайтын даралардың еркін түрде будандасуы. 
Пластидтер - өсімдік жасушаларында болатын цитоплазмалық органоид. 
Пенетранттылық - геннің фенотипте байқалуы. 


226 
Прибнов блогы. Бактериялар геннің басталушы нүктесінен 10 
нуклеотидтік жұп қашықтықта орналасқан ТАТААТ кезектестіктері. Олар 
промотордың бір бөлігі және де РНҚ-полимераза әсерімен транскрипцияның 
инициациялауға жауапты бастаушы нүкте.  
Прибнов Боксы  (ТАТА - бокс) – прокариотты гендердің старт алдындағы 
10 нуклеотидтер қашықтығында болатын ТАТААТG канонды тізбегі. 
Проматордың бір бөлігін білдіреді. 
Полиаденилденген – бастапқы РНҚ транскриптіден оның процессингі 
кезінде мРНҚ 3' – ақырына (поли - А) бірнеше аденинді қалдықтарды 
ферментативті қосу. 
Плазмидтер – автономды репликацияға қабілетті молекулалық массасы 
106 - 108 Да ДНҚ екітізбекті сақинаға бекітілген бактериялармен 
ашытқылардың хромосомадан тыс тұқымқуалаушылық факторы. Екі – үш 
ақуыз геніне ие, ірілері 200 дейін ақуызды кодтайды. R – факторының болуы 
бактериялар мен антибиотиктерге және дәрілерге төзімділігін арттырады. 
Промотор – транскрипцияның басталуы үшін РНҚ – полимеразасын 
байланысатын 5' – ақырғы генде жинақталатын топталатын ДНҚ тізбегі. 
Провирус қожа жасушасының хромосомды ДНҚ – да интегралданған 
РНҚ – құрамды вирустың ДНҚ көшірмесі немесе ДНҚ – құрамды вирус 
геномы. Бірқалыпты фагтар, онкогенді және кейбір вирулентті вирустарға (вич, 
вирус гепатит В) тән провирустардың туындауы. 
Протистер – термин микроағзаларды белгілеу үшін қолданылады. 
Жоғарғы сатылы протистер – эукариоттар (балдырлар, саңырауқұлақтар, 
қарапайымдар), төменгі саты – архей бактериялар қазір «бір жасушалы 
эукариоттар» термині қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   149   150   151   152   153   154   155   156   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет