А. Р. Рустенов, Н. Ж. Елеугалиева генетика практикумы



Pdf көрінісі
бет40/159
Дата23.10.2022
өлшемі4,96 Mb.
#45023
түріПрактикум
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159
Байланысты:
Rystenov A.R., Eleygalieva N.J. Genetika praktikymy 2016 (1)

Эпистаз. Бір геннің қызметін оған аллельді емес басқа бір геннің тежеуін 
эпистаз деп атайды. Эпистаздың өзін доминантты және рецессивті деп бөледі. 
Егер мұндай құбылыс доминантгы гендердің арасында болса (А > В) 
доминантты, ал рецессивті гендерде болса (а > в) рецессивті эпистаз деп 
атайды. Өзіне аллельді емес басқа бір генге басымдылық жасайтын генді 
эпистазды немесе ингибитор, ал керісінше басылыңқы болса - гипостазды деп 
аталады. Гендердің эпистаздық жолмен әрекеттесуі өзінің сипаты жағынан 
комплементарлыққа қарама-карсы (35 сурет). Эпистаз кезінде бір геннің 
бақылауымен түзілетін фермент, бөтен бір ген анықтайтын басқа ферменттің 
қызметін тежейді (36 сурет). 


62 
36 сурет. Рецессивті эпизтаздың пияздағы фенотиптері мен генотиптері 
Тіркесе тұқым қуаламайтын гендердің эпистаздағы әрекеттестіктері F
2
екі 
түрлі болуы мүмкін: 
- 13 : 3 яғни, мұнда негізгі геннің доминантты ингибиторы (тежеуші) мен 
рецессивті аллелі фенотиптік көрініске бірдей әсерлерін тигізе алады; 
- 12 : 3 : 1 яғни, мұнда негізгі геннің доминантты ингибиторы (тежеуші) 
мен рецессивті аллелі фенотиптік көрініске түрліше әсерлерін тигізеді. 
Эпистазды жазудың символикасы: A > B (b).
Полимерия. Бірігіп бір белгінің қалыптасуына бірігіп әсер ететін гендерді 
полимерлі гендер деп атайды. Бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше 
аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысын полимерия дейді. 


63 
37 сурет. Астық дәніндегі полимериядағы фенотиптері мен генотиптері
Полимерияда – белгінің сапалығы немесе комулятивтік сипаттамасы 
өзгереді. Біріншісінде комулятивтік емес (сапалы) әрекеттесулерде F

ұрпақтарының ажыраулары 15 : 1, мұнда 1/16 – дарақтар бөлігінде белгінің 
мутантты нұсқаларының шыққандығын көрсетеді. Комулятивті полимерияда F

күрделі ажыраулар жүреді. Мысалға, екі гендік әрекеттестіктегі ажырау мына 
түрде болады 1 : 4 : 6 : 4 : 1. 
Бұл жағдайда аллельді емес гендердің бақылауында болатын екі немесе 
бірнеше фермент бір ғана белгінің дамуына әсер етеді.
Полимерлі гендер бірігіп бір ғана белгіні анықтайтындықтан, оларды 
біркелкі әріптермен белгілейді, ал әр түрлі аллельдер жұбын цифрлармен 
көрсетеді. Мысалы, құрамына екі жұп доминантты полимерлі гендер болатын 
генотипті - А
1
A
1
A
2
A
2
, дигетерозиготаны - А
1
а
1
А
2
а
2
, ал сол гендер бойынша 
рецессивті форманы а
1
а
1
а
2
а
2
деп белгілейді. 
Полимерияға бидай дәні түсінің тұқым қуалауын жатқызуға болады. Оның 
екі түрін ажыратады: дәні қызыл түсті және ақ түсті. Қызыл түсі ақ түсіне 
қарағанда доминантты болып келеді. Әдетте, қызыл бидайды ақ бидаймен 
будандастырғанда, 
Ғ
2
-де 
белгілер 
кәдімгі 
моногибридтедегідей 
3:1 
қатынасындай болып ажырайды (3 қызыл дәнді : 1 ақ дәнді). Бірақ кейбір дәнді 
түсі кою қызыл бидайдың сортын дәні ақ сортпен будандастырса, Ғ
1
-дегі 
буданда, өсімдіктердің дәндері біркелкі қызыл түсті болады, ал Ғ
2
-де 15 
қызыл:1 ақ болып ажырайды. Ал дәндері қызыл түстілердің өзі әр түрлі - қою 
қызыл мен ақшыл қызыл аралығына жатады. Мұны дәннің бояуының канығуы 
осы белгіге әсер ететін доминантты гендердің санына байланысты деп түсіндіру 
керек. Ең кою қызыл түс генотипте екі жұп доминантты гендердің (А
1
А
1
А
2
А
2
), 
ал ашық кызыл түс жалғыз ғана доминантты геннің (А
1
А
1
а
2
а
2
) болуына 


64 
байланысты. Ал егер доминантты геннің саны үшеу болса (А
1
А

а
2
а
2
)- қызыл, 
екеу болса (А
1
а
1
А
2
а
2
)- қызғылт түсті болады. 
Жасушаларда хромосома санының еселенуі жоғары не төмен температура, 
ион сәулелері, химиялық заттар әсерлері, сондай-ақ жасушаның физиологиялық 
күйінің өзгеруінен пайда болуы мүмкін
(
38 сурет).
Жүзімнің полиплоидті түрлері Португизер, Рислинг, қара Кишмиш
александрийск Мускат түрлерінде байқалған. Японияда өсірілетін жүзімнің 
асханалаық түрлерінен полиплоидтар көп кездеседі, бұлар диплоидты түрлеріне 
қарағанда көлемі үлкен болып кездеседі. 
38 сурет. Жүзімнің полиплоидті түрлері 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   159




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет