237
жәндіктерге, қансорғыш кенелерге кіреді. Осындай денеден
өркендеген Жан келесі хайуанат
деңгейіне көтерілгенде
қандай денені таңдайды деп ойлайсыз? Оның шөпқоректі
еліктің денесін таңдамайтыны айтпаса да түсінікті.
Ол өзімен теңдес тіршілік иесінің эволюциялық игілігін,
яғни өзгенің денесін аулап жейтін жыртқыш хайуан болады.
Осындай хайуаннан адам денесіне
көтерілген Жан тек қана
арам жолмен күн көргісі кеп тұратын қаражүрек, қатыгез
адамға айналады. Өйткені оның зұлымдық жолы миллиондаған
жыл бұрын өсімдік денесінен басталған!
Өз-өзін өте жақсы көретін менмен Люцифер өз планетасын-
да өзіне ұқсас мысық тұқымдастарды жарата беріпті.
Арыстаннан бастап мысыққа дейінгі түрін санап тауыса
алмайсың. Ал, ит тұқымдастар саусақпен санаулы ғана.
Ал, Ғарыштағы Ғарыш Заңымен дамыған өзге планеталарда
жыртқыш өсімдік, жыртқыш хайуанат атымен жоқ. Олар
Иерархия Заңын сақтап, тек өзінен төменгілерді қорек қылады.
Құдыретті Күштер Жер Ғаламшарының төменнен тамырлап
кеткен
зұлымдығынан құтқарып, қауіпсіз жерде тезірек
өркендету үшін қазақ халқына басқа планетаны сыйға берді.
Оның бұрынғы атауы Күміс планета болатын. Ақ Сарбаз оны
«Жерұйық» деп өзгертті.
Жерұйықта маса-сона, кене сияқты улы жәндіктер, жыртқыш
хайуанаттар жоқ. Сол себепті онда көшкен елдің малы тез
көбейіп, бара-бара жартысы игерілмей жабайыланып кетпек.
Рухани
ізденіс