Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет76/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   109
БІРІНШІ ТҮС
Таңда түс көрдім. Ежелгі қазақтар туралы жазылған көне 
шежіре. Мен сол жазуларды оқып отырмын. Ең соңындағы: 
«Құдай – әлемдер мен кеңістікті жасаушы» деген сөзі 
есімде қалыпты. Қолжазбаның өн бойы шашыраған алтын 
ұнтақтары, ішінде үлкендеу екі кесегі ұшырасты. Алтын 
екенін жұмсақтығынан ажыратып, сыңғырлатып дыбысын 
тыңдаймын. Ұнтақтарды түгел қосып ерітіп, қайта құйып 
алу керек екен деп ойлаймын. Қасымдағы адамдарға айтып 
көрсеткелі қарасам бәрі ұйқыда, оянар емес. Осы кезде 
ояндым да түсімді былай жорыдым: Шежіре – бұл қазақтың 
ата салты, дәстүрі. Оның өнбойындағы алтын – қазақтың киесі 
мен қасиеттері. Бұл ең соңында Құдайға жеткізеді деген сөз. 
Ал, менің алтынды жинап, тұтас қып құйып алғым келгені 
– ата салтын үйреніп, зерттеп, кие мен қасиетті біріктіріп, 
жаңа қырынан сомдап көрсетуге ұмтылысым. Айналамдағы 
ұйқыдағы адамдар – ата салтының қадіріне көкірегі оянбаған 
жандар. Міне, мен осындай түс көрдім. Тәңірі талабымды 
құптап, мақсатыма жеткізгей! Әумин!!!
(3 қыркүйек 1995 жыл)


241
ЕКІНШІ ТҮС
Ойым мен сезімімді таза ұстауға тырысып, Ұстазға берілуден 
басқаны ойламауға күш салып іштей арпалысып жүрген кезім 
еді. Түсім екен деймін.
Ақ Сарбаздың қасындамын. Ұстаз маған іріңдеп, ісік 
кеулеген арқасын көрсетті. Ұстаз денесінің Ғарыштың кіші 
бейнесі екенін білемін.
Жотасындағы Жерұйықтың қал болып таңбаланған картасын 
да көргенмін. Мені қатты қорқытқаны сол Жерұйық таңбасы 
іріңді жараның ортасында қалып, жойылып кететіндей көрінді.
«Қал түсіп қалайын деп жатыр!» деп шошына дауыстап 
жіберіппін.
Ұстаз мені жұбатып бір нәрсе деді. Есімде жоқ. Келесі 
есімде қалғаны қайткенде де менің Ұстазға көмектесуге тиіс 
екенімді сезіп, не істерімді білмей аласұрамын. Емдейін десем 
Ғарыштың кіші бейнесін емдеуге менің шамам келе ме? Ақ 
Сарбаз өзін-өзі ғана мынандай кеселден емдей алады.
Ендігі көргенім мынау еді: 4-5 кеспірсіз құбыжық құрт 
Ұстаздың арқасында жорғалап жүр екен. Бейнелеп айтқанда 
инеліктің личинкасы сияқты. Соларды алақаныммен сипап 
түсіріп, табаныммен таптап езіп жатырмын. Сөйтіп оянып 
кеттім...
Шамасы планета үлкен апаттардың алдында тұр-ау деймін.
(18 ақпан, 2005 жыл)
Рухани ізденіс


242
Ақ Сарбаз Әлемі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет