Ақ Сарбаз Әлемі. indd



Pdf көрінісі
бет75/109
Дата19.01.2023
өлшемі3,4 Mb.
#61959
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   109
ҚАЗАҚ БОЛУ
«Жерұйықта тек қана қазақтың тілі, дәстүрі, музыкасы 
болмақ» дейді Ақ Сарбаз.
Қазақ тілінде сөйлеп, Тәңірлік сеніммен, көшпенді салтты 
ұстанып өмір сүру оңай емес. Әсіресе өз тілін, өз салтын 
менсінбей өзге тілде шүлдірліп, өзге ұлттың киімін жарнамалап 
жүрген қазақтар бұл талапқа сай келе ме?
Қазақша бұлбұлдай сайрап тұрса да қасиет көздері 
ашылмаған, ашкөздігі басылмаған қасиетсіз қазақты 
қайтпекпіз?
Меніңше жаңа ғасырда ҚАЗАҚ деген атау адамның ұлттық 
тегіне қарап емес, адами қасиетіне қарап беріледі.
Германияға көшіп кетіп, бірнеше жыл тұрып, ондағы жат 
ағымнан жерініп: «балаларым қазақ болмай қалатын болды» 
деп Қазақстанға қайта көшіп келген неміс туралы оқып көзіме 
жас алып едім. Қазақтық қасиеттің қадірін бағалаған қайран 
неміс! Сен нағыз қазақ екенсің! деп сүйсінгем. Міне Әлемнің 
түкпір-түкпірінен өздерінің тозық дәстүрінен жерініп, озық 
дәстүрлі қазақ болам деп келген өзге ұлт өкілдері осылай 
қазақ болмақ. Ал, шала араб, шала орыс боп жүрген қазақтар 
дүбара, дүмбілез күйінде піспеген жемістей аяқтың астында 
қалмақ.
«Менің қатты қорқатыным: өз қазағым өз салт-дәстүрінің 
Ғарышпен байланысты екенін түйсініп зерттей алмай жүргенде 
өзгелер зерттеп танып, қазақтық қасиетті бізден бұрын 
иемденіп ала ма деп қауіптенем» дейтін Ұстаз.
Расында үлкен Армагеддон жақындап келе жатқанға 
ұқсайды. Бесінші ақыл сатысының өзегі болып отырған 
әлемдегі алпауыт мемлекеттер қазақты екі талмап бір жұтуға 
дайын отыр. Егер әлем алтыншы саты халқына қысым 
жасауды жалғастырса мұның арты планеталық апатпен 


239
аяқталады. Отаны суға кеткенде алпауыт мемлекеттер де 
жойылады. Жаңа материкте тұру құқығына ие болу үшін 
үшінші дүниежүзілік соғыс өрті тұтануы кәдік. Бұрынғылардың: 
«ақырзаман болғанда қарақытай қаптайды, қарағай басын 
шортан шалады» дегені келуі ғажап емес. 30 метр қарағайдың 
басын шортан шалса ол топан болатынының белгісі. Отаны 
суға кеткен қытай қарақұрттай қаптамай қайтсін!
Енді кеме келіп лайықты дегендерді Жерұйыққа алып 
кетті деп елестетіп көрейікші. Үш Әлемі де адам көрмеген 
бөгде планета. Астрал дүниесінде жұмақ, тозақ деген жоқ. 
Мұсылманмын деп ол жаққа барып намаз оқу – абсурд. 
Христианмын деп шоқыну да – абсурд. Өйткені ментал 
дүниесінде «Рай» жоқ. Бір ғана жол – ішіңнен Тәңірге сиынып 
қойып, малыңды айдайсың да көше бересің. Бір жерде отырып 
қала салуға рұқсат жоқ. Жерді тесіп мұнай, көмір алуға рұқсат 
жоқ. Дөңгелекті арбаны пайдалануға да рұқсат жоқ. Өйткені 
адамзаттың технократтық жолға түсіп адасуы дөңгелекті ойлап 
табудан басталған. Мұның бәрін адамзат бесінші сатыда өтіп 
қойған.
Жаңа қоғамда адамның басты мақсаты Рухты жетілдіру 
болмақ. Қасиет көздері ашылғанда телепатиялық байланыс 
сотканың орнын алмастырады. Қасиет көздерін пайдаланып 
табиғат құбылыстарын өзгерте алатын адамдар шығады.
Жаңа қоғамда адам бір ғұмырда бір ақ рет жұп құратын 
болады. Жолдасы қайтса, не ажырасып кетсе қалған ғұмырын 
жалғыз өткізуге міндетті. Бұл – карманы шатастырмау үшін 
қажет.
Алғаш барғандарға өте қиын болмақ. Өйткені сүт пен еттен 
басқа тағам жоқ. Дәнді дақылдар мен жеміс-жидектерді қайдан 
аласың? Бірте-бірте адам Ғарыш Энергиясымен қоректеніп, аз 
тамақ ішуді үйренеді.
Алғаш барғандар арасында тууға қарағанда өлім-жітім көп 
болады. Бірте-бірте туу мен өлу теңеледі де туу арта бастайды.
Жаңа Жерде жаңа суперэтнос қалыптасуы үшін, көшірілетін 
адам саны 30 мыңнан кем болмауы керек.
Осы әңгімелерді естіп отырып мен сұраймын:
Рухани ізденіс


240
Ақ Сарбаз Әлемі
– Аға, егемендік алғалы қазақ қарызданып, қауғаланып 
жүріп әйтеуір үй салып алды. Онда газ, су, свет келіп тұр. 
Осындай комфортты қиып, дымы жоқ жерге көшіп, бәрін 
нөлден бастауға ел шыға қояр ма екен?
– Шықпақ тұрғай таласады! – деді Ұстаз.
Ол кезде бұл адам сенгісіз ақпарат еді. Соңғы жылдардағы 
жаңалықтарға қарап отырып, болашақта ұрпағымыз өзге елге 
құл боп кетпесе неғылсын! – деген уайым кіргенде, емін-еркін 
даму үшін Қазаққа Жерұйыққа барудан басқа жол жоқ екенін 
түсіндім.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   71   72   73   74   75   76   77   78   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет