* ертегінің не аңыздың қысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын берумен шектелмеген.Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлым толық қамтыған.
* Әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуі бойынша қағазға түсірген.
* Қай материалды кімнен қандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіп отырған, яғни ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық мәні айрықша болатыны сөзсіз.
* Ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кең білген М.Ж.Көпеевтің жинаған материалдарға деген өз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған.
Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіп бар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: «Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызып емес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алып тұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады» деген екен.
Мұның себебін сұраған ауылдастарына: «Жетпіс үшке шыққанша балталасаң да өлмеймін. Жетпіс үшке шыққан соң сұрасаң да тұрмаймын. Мен өлген соң қатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақ түгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер», – деп 1931 жылғы ашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопы жан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітін дайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀
Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай деп жалғайды: «Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттан аман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман туады» деп болжаған екен.⠀
Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.
Олар: өзінің өлімі, ашаршылық, 70 жыл атейстік компартия, 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀
Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңына келіп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлы басшылар келеді деп болжаған екен