26. Қан жүйесі туралы ұғым. Қан мен лимфаның құрамы, оның негізгі қызметі. Гемограмма және лейкоцитарлық формула. Қанның жасқа қарай өзгеруі. Қанның жалпылама жүйесіне 1) қан мен лимфа; 2) қан түзу мүшелері – қызыл сүйек кемігі, тимус, көкбауыр, лимфалық түйіндер; 3) қан түзуші емес мүшелердің лимфоидты тіндері жатады.
Ішкі ортаны байланыстырушы тіндерге қан, лимфа және дәнекер тіндері жатады. Бұл тіндердің шығу тегі бірдей – мезенхима болғандықтан, оларды бір топқа жатқызады.
Мезенхима – бұл эмбриондық кезеңде ғана болатын уақытша тін. Ол тармақтары бір - бірімен ұштасып тор құрайтын жұлдызша пішінді жасушалардан құралған. Ол ұрықтық жапырақшалар пайда болғаннан кейін түзіліп, олардың қуыстарын толтырады. Мезенхиманың даму көзі мезодерма болып табылады. Оның түзілуіне басқа да ұрықтық жапырақшалыр қатысады. Мезенхиманың жасушаларының ядролары ірі, пішіні сопақша цитоплазмасында эндоплазмалық тор жақсы жетілген және митохондриялары көп.
Қан жасуша аралық зат – қан плазмасымен оның формалық элементтрі: эритроциттер, лейкоциттер және қан тромбоцит табақшаларынан (тромбоциттерден) тұрады. Адам организмінде қан шамамен 5 л. Плазма қанның 55 – 60 % , ал формалық элементтер 40 - 45 % құрайды.
Қан функциялары. 1) тыныс алу (оттегін өкпеден басқа мүшелерге жеткізу және көмірқышқылын шығару);2) гомеостатикалық (қан ағзаның ішкі ортасының бір тұтастығын сақтауға қатысады);3) қорғаныштық (қан гуморалдық және клеткалық иммунитетті қамтамасыз етеді);4) бөлу (зат алмасу өнімдерін жою және бүйрекке жеткізу);5) трофикалық (мүшелерге қоректік заттардың жеткізілуі).
Қан плазмасы Қан плазмасы сұйық жасуша аралық заттан тұрады. Оның құрамында 90-93% су, 6,6 – 8,5% белоктар және басқада органикалық заттар мен минералды қосындылар болады. Қан плазмасының негізгі белоктарына альбуминдер, глобулиндер және фибриногендер жатады.
Гемограмма және лейкоцитарлық формула:Медициналық практикада қан сараптамасының маңызы зор. Клиникалық сараптау кезінде қанның химиялық құрамын зерттейді және формалық элементтердің, гемоглобиннің, эритроциттердің резистенттілігін, эритроциттердің тұну жылдамдығын т.б. көптеген көрсеткіштердің мөлшерін анықтайды. Сау адамдарда формалық элементтер белгілі бір мөлшердегі қатынаста болады, оларды гемограмма немесе қан формуласы деп тайды.
Организмнің жағдайын бағалағау үшін лейкоциттердің дифференциалдық санағының маңызы зор. Лейкоциттердің белгілі бір проценттік қатынасын лейкоцитарлық формула деп атайды.